Бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының м.а. С.Түйтебаевтың басқаруымен қауіпсіздік пен еңбекті қорғау тақырыбы аясында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды жиналыс өтті. Жиынға еншілес компаниялардың басшылары да қатысты.

Жиналыс барысында «Еңбекті қорғау» департаментінің директоры Т.Максилов аталған мерзімде жасалған жұмыс жөнінде есеп беріп, туындаған  мәселелер мен оларды шешу жолдарын атап өтті. Атап айтқанда, қызметкерлердің ревакцинациялану көрсеткіші, іске асырылып жатқан жобалар және жарақат алу профилактикасындағы бірінші басшылардың рөлі туралы кеңінен тарқатты.    

Сонымен қатар жиналыста еншілес компаниялардың басшылары да есеп берді. Соның негізінде Серік Түйтебаевтың тарапынан жұмыс уақытында қызметкерлердің денсаулығына нұқсан келтіру фактілерін азайту, мердігер компаниялардың үстінен  бақылауды күшейту және жобаларды іске асыруды тездету сынды тапсырмалар берілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының м.а. Түйтебаев жиналысты түйіндей келе, еншілес компаниялар қызметкерлерінің қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруды басшылардың еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне етене араласуы арқылы шешу қажеттілігін, инженер техник мамандарын жүйелі түрде оқытып отыру және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау аясындағы жобаларды іске асырудың маңыздылығын алға тартты.     

«Самұрық-Қазына» Қорының тапсырмасы шеңберінде, бүгінгі жиын холдинг кәсіпорындары басшыларының 7 алтын қағидаттан тұратын Health&Safety тақырыбы аясындағы жеке міндеттемелерін айқындайтын құжатқа қол қоюмен аяқталды.

news 18 08 2022 4

Бөлісу:

Баспасөз байланыстары

Телефон:

+7 (7172) 55-30-62

E-mail:

zh.temirbayeva@samruk-energy.kz

"Самұрық-Энерго" АҚ-дағы жаңалықтарды әлеуметтік желілерде қадағалаңыз: