Биылғы жылдың 22 желтоқсанындағы деректер бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясын өндіруші еншілес компаниялары жылдық жоспар бойынша өндіруге тиіс  электр энергиясының жиынтық көрсеткіші 34 576 млн кВтсағ болу керек болса, қазіргі көрсеткіш іс жүзінде 34 691 млн кВтсағ құрап отыр.

Осылайша, еліміздің ең ірі энергетикалық холдингі «Самұрық-Энерго» АҚ энергетиктердің кәсіби мерекесі аясында тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін артығымен орындап отыр. 

Бұл ретте Екібастұз ГРЭС-1, Мойнақ және Шардара ГЭС-тері (сәйкесінше 101, 140 және 116%-ға) жылдық өндіру жоспарын жыл аяқталмай жатып-ақ  орындады. Жыл қорытындысы бойынша, «Самұрық-Энерго АҚ компаниялар тобының электр энергиясын өндіру көлемі шамамен 35,3 млрд кВтсағ. немесе жоспарланған көлемнің 102%-ын құрайды деп күтілуде.

 

 «Самұрық-Энерго» АҚ – акцияларының  100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және басқалары бар.

 

Бөлісу:

Баспасөз байланыстары

Телефон:

+7 (7172) 55-30-62

E-mail:

zh.temirbayeva@samruk-energy.kz

"Самұрық-Энерго" АҚ-дағы жаңалықтарды әлеуметтік желілерде қадағалаңыз: