Директорлар кеңесінің 28.09.23ж. шешімімен Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Алмасби Камалов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының құрамына сайланды.

Камалов Алмасби Низаматддинұлы 1989 жылы 7 сәуірде дүниеге келген.

2010 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) бітірген, іскерлік әкімшілік және бухгалтерлік есеп бакалавры.

Warwick университетінде (Ұлыбритания) MBA бағдарламасы бойынша білім алуды жалғастыруда.

CFA level II деңгейінде кәсіби біліктілігі бар.

2011-2014 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымдарында жұмыс істеді.

2014 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ «Стратегиялық жоспарлау және экономикалық талдау» департаментінде еңбек жолын бас менеджерден бастап, департамент директорына дейінгі жолдан өтті.

Бөлісу:

Баспасөз байланыстары

Телефон:

+7 (7172) 55-30-62

E-mail:

zh.temirbayeva@samruk-energy.kz

"Самұрық-Энерго" АҚ-дағы жаңалықтарды әлеуметтік желілерде қадағалаңыз: