«Самұрық-Қазына» АҚ делегациясы 24-25 маусым аралығында Түркістан облысындағы Шардара гидроэлектрстансасы мен Шымкент мұнай өңдеу зауытын аралап көрді.

24-ші маусым күні "ПетроҚазақстанОйл Продактс" ЖШС-нің Шымкент мұнай өңдеу зауытында көшпелі кеңес өткізілді.

Қазіргі таңда Қазақстанда өндірілетін мұнай өнімдерінің 30% дәл осы кәсіпорында шығарылады. Маусым айында терең модернизацияланған зауытта алғашқы кұрделі жөндеу аяқталған. Бүгінде кәсіпорын өндіру көлемін жобалық қуатының 92% деңгейіне жеткізді.

2018-ші жылы аяқталған ауқымды қайта құру шаралары Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаттылығын 28%-ға, немесе жылына 4,7 млн тоннадан 6 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Ақшыл мұнай өнімдерінің үлесі 58%-дан 83%-ға дейін өсті. Өңдеу тереңдігі - 73% до 88,7%. Нельсон көрсеткіші, яғни, зауыттың күрделілік деңгейі 4-тен 8,2-ге дейін жоғарылады.

 Қор басшысы Алмасадам Сатқалиев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басшылығына еліміздің солтүстігі мен батысындағы мұнай өңдеу зауыттарының жоспарлы жөндеу жұмыстарының уақытылы әріі сапалы жүргізілуін жіті қадағалап, жазғы-күзгі маусымға жанар жағармайдың жеткілікті қорын қалыптастыруды тапсырды. 

Бұдан бөлек, делегация "Оңтүстік" еркін экономикалық аймақтағы метил-трет-бутан эфирін өндіру кәсіпорнында болды. Бұл зауытта К4 пен К5 экологиялық класқа жататын бензиндерді өндіруге қажетті октан санын жоғарылататын қоспалар шығарылады. 

25-ші маусымда «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Шардара гидроэлектрстансасының жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорынды толық модернизациялау бағдарламасын "Самұрық-Энерго" АҚ былтыр аяқтаған. Жалпы құны 38 млрд теңгеге жеткен жоба стансаның қуаттылығын 100-ден 126 мВт-қа дейін, ал электрқуатын өндіру көлемін жылына 480-нен 537 млн кВ/сағатқа дейін ұлғайтуға жол ашты.

Шардара гидроэлектрстансасын қайта құру өңірдегі су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырып, Түркістан облысындағы энергия тапшылығын азайтуға және экологиялық жағдайдың жақсаруына ықпалын тигізді.

Бөлісу:

Баспасөз байланыстары

Телефон:

+ 7 (7172) 55 30 62

E-mail:

r.tasbulatov@samruk-energy.kz

"Самұрық-Энерго" АҚ-дағы жаңалықтарды әлеуметтік желілерде қадағалаңыз: