DSC 1378

Самұрық-Энерго Екібастұз ГРЭС нысандары рекорд орнатты

Бүгін, 2021 жылғы 27 желтоқсанда Екібастұз ГРЭС-1 станциясында электр энергиясын өндірудің рекордтық көлемі тіркелді. 1980 жылы станция пайдалануға берілген уақыттан бастап алғаш рет жылдық өндіру деңгейі 22,435 млрд. кВтс-қа жетті. 2021 жылдың соңына дейінгі төрт күнде өндірісті 22,700 млрд. кВтс-қа жеткізу жоспарланып отыр. Станция кеңестік кезеңде белгіленген ең жоғарғы көрсеткіштен асып түсті. 1987 жылы өндіру көлемі 22,4 млрд.кВтс құраған болатын. 

Электр энергиясын өндірудің жылдық көлемі бойынша Екібастұз ГРЭС-2 нысанында да жаңа жетістік байқалды. 2021 жылғы 27 желтоқсанда өндіру көлемі 6,324 млн.кВтсағ құрады, бұл электр станциясының жұмыс істеу кезіндегі абсолюттік рекорд болып табылады. Осыған дейін 6,280 млн.кВтс. мөлшеріндегі  ең жоғары көрсеткіш 2013 жылы тіркелген болатын.

Осы Екібастұз ГРЭС нысандары құрамына енетін «Самұрық-Энерго» АҚ-да атап өткендей, аталған электр станциялары қызметінің құрылған күнінен бастағандағы барлық кезеңіне шолу жасағанда, нақ ағымдағы жылы барынша көп өнім өндіруге қол жеткізді. Қазақстанның ірі электр энергетикалық холдингінің электр станциялары бұрын-соңды мұндай өндіріс көрсеткіштеріне қол жеткізбеген болатын. Мамандардың айтуынша, рекордтық көрсеткіштерге Жамбыл ГРЭС-і мен Ақтөбе ЖЭО-ның қатысуынсыз қол жеткізілді, олар 2015 және 2018 жылдары холдинг құрамынан шығарылып, бәсекелес ортаға берілген болатын.

Тұтастай алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ энергетиктерінің болжамы бойынша компанияның барлық өндіруші станциялары бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 2021 жылдың соңына қарай 35 525 млрд.кВтс жетіп, 111% - ды құрамақ.

Бөлісу:

Баспасөз байланыстары

Телефон:

+7 (7172) 55-30-62

E-mail:

zh.temirbayeva@samruk-energy.kz

"Самұрық-Энерго" АҚ-дағы жаңалықтарды әлеуметтік желілерде қадағалаңыз: