Тұрақты даму
Twitter Instagram Facebook Youtube
KAZ
  • RUS
  • KAZ
  • ENG
  • Біз туралы
    • «Самұрық-Энерго» бүгін
    • Даму стратегиясы
    • Миссия мен Құндылықтар
    • Компаниялар тобы
    • АҚ «Самұрық-Энерго» құрылымы
    • Тұрақты даму
    • Трансформация
    • Сауда үйі
    • Оқиғалар күнтізбесі
    • Бос орындар
    • Байланыс ақпараты
    • Төмен көміртекті даму
  • Баспасөз
    • Компания жаңалықтары
    • БАҚ біз туралы
    • Бейнегалерея
    • Фотогалерея
    • Аналитикалық шолу
    • Сөйлеген сөздер
    • Жеңіс қайырымдылық жобасы
    • Жас Самрұқ
  • Акционерлер мен Инвесторға
    • Аудиторлар
    • Жылдық қаржылық есептілік
    • Тоқсандық қаржылық есеп
    • Жеке қаржылық есептілік
    • Қоғам қызметінің нәтижелері бойынша жылдық есептіліктер
    • Басқа да есептіліктер
    • Қоғамның мәмілелері
    • Үлестес тұлғалардың тізімі
    • Акционерлер мен инвесторлар үшін кері байланыс
    • Төлемдер
  • Корпоративтік басқару
    • Омбудсмен
    • Акционер
    • Акционердің шешімдері
    • Директорлар кеңесі
    • Директорлар кеңесінің қызметі
    • Корпоративтік хатшы
    • Басқарма
    • Ішкі аудит
    • Корпоративтік басқару тәжірибесі
    • Корпоративтік құжаттар
    • «Комплаенс» қызметі
  • Навигация және қолдау
    • Басқарма Төрағасының Блогы
    • Тұрақты даму
    • Жекешелендіру
    • Жобалар
    • Сауда үйі
    • Сатып алу
    • Жедел желісі
    • Кері байланыс
  • Сатып алу
    • Тауар өндірушілерден сатып алуға жоспарланған тауарлардың тізімі
    • Сатып алу жоспары
    • Тендер тәсілімен сатып алулар
    • Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
    • Сатып алу бойынша нормативтік-құқықтық актілер
    • Сатып алулар бойынша жауапты тұлғалар
    • Өткізілетін сатып алулар туралы хабарландыру
    • Импорт алмастыру
кері байланыс
жедел желісі
  • RUS
  • KAZ
  • ENG
  • Біз туралы
    • «Самұрық-Энерго» бүгін
    • Даму стратегиясы
    • Миссия мен Құндылықтар
    • Компаниялар тобы
    • АҚ «Самұрық-Энерго» құрылымы
    • Тұрақты даму
    • Трансформация
    • Сауда үйі
    • Оқиғалар күнтізбесі
    • Бос орындар
    • Байланыс ақпараты
    • Төмен көміртекті даму
  • Баспасөз
    • Компания жаңалықтары
    • БАҚ біз туралы
    • Бейнегалерея
    • Фотогалерея
    • Аналитикалық шолу
    • Сөйлеген сөздер
    • Жеңіс қайырымдылық жобасы
    • Жас Самрұқ
  • Акционерлер мен Инвесторға
    • Аудиторлар
    • Жылдық қаржылық есептілік
    • Тоқсандық қаржылық есеп
    • Жеке қаржылық есептілік
    • Қоғам қызметінің нәтижелері бойынша жылдық есептіліктер
    • Басқа да есептіліктер
    • Қоғамның мәмілелері
    • Үлестес тұлғалардың тізімі
    • Акционерлер мен инвесторлар үшін кері байланыс
    • Төлемдер
  • Корпоративтік басқару
    • Омбудсмен
    • Акционер
    • Акционердің шешімдері
    • Директорлар кеңесі
    • Директорлар кеңесінің қызметі
    • Корпоративтік хатшы
    • Басқарма
    • Ішкі аудит
    • Корпоративтік басқару тәжірибесі
    • Корпоративтік құжаттар
    • «Комплаенс» қызметі
  • Навигация және қолдау
    • Басқарма Төрағасының Блогы
    • Тұрақты даму
    • Жекешелендіру
    • Жобалар
    • Сауда үйі
    • Сатып алу
    • Жедел желісі
    • Кері байланыс
  • Сатып алу
    • Тауар өндірушілерден сатып алуға жоспарланған тауарлардың тізімі
    • Сатып алу жоспары
    • Тендер тәсілімен сатып алулар
    • Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
    • Сатып алу бойынша нормативтік-құқықтық актілер
    • Сатып алулар бойынша жауапты тұлғалар
    • Өткізілетін сатып алулар туралы хабарландыру
    • Импорт алмастыру
  • Басты бет
  • Біз туралы
Тұрақты даму

tab

Біздің ұстаным

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес көміртегі ізінің нетто төмендету қоғамның стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады, ал дамудың негізгі басымдықтарының бірі экологиялық (Е), әлеуметтік (S) және басқарушылық (G) қағидаттардың келісілуі болып табылады. Қоғам жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, атмосфераға шығарындыларды барынша азайтуға және экожүйені жақсартуға ықпал ете отырып, Ұлттық экономика құрылымына өз үлесін қосуға ұмтылады. Компанияның негізгі міндеті – тиісті болжау және жоспарлау арқылы жоғары тәуекелді жағдайларда өмір сүруді қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар тәуекелдерді мүмкіндікке айналдырып, болжанбаған болашаққа дайындалу.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның орнықты даму қағидаттарының ендірілуін қамтамасыз етудегі негізгі құжаттары Орнықты даму саласындағы нұсқаулық, Корпоративтік басқару кодексі, Корпоративтік менеджмент жүйесінің саясаты, Кадр саясаты және басқа да ішкі нормативтік құжаттар болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес біз орнықты даму саласында төмендегі қағидаттарды сақтаймыз:

  • Ашықтық
  • Есеп берушілік
  • Айқындық
  • Этикалық мінез-құлық
  • Мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтеу
  • Заңдылық
  • Адам құқықтарын сақтау
  • Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
  • Мүдделер қақтығысына жол бермеушілік
  • Жеке басының үлгісі

tab

Орнықты даму мақсаттары

«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметіне орнықты даму қағидаттарын шоғырландыра отырып, Орнықты дамудың 17 мақсатын (бұдан әрі - ОДМ) ұстанады. Компания әрбір ОДМ-ның көрінісі болып табылатын экологиялық және әлеуметтік проблемалар өзекті болып табылатынын және кез келген ұйымға ықпал ететінін түсінеді.

dsadsa

Компанияда қолданылатын ОДМ-ның толығырақ сипаттамасы компанияның Акционерлер мен инвесторға , Қоғам қызметінің нәтижелері бойынша Жылдық есептер бөлімдерінде келтіріледі.

tab1

Біздің ұстаным

cc

«Самұрық-Энерго» АҚ орнықты даму қағидаттарына берік ең ірі көп бейінді энергетикалық холдинг ретінде өзі қызмет атқаратын өңірлерде экологиялық жағдайдың маңыздылығын және өзінің еншілес ұйымдарының өндірістік қызметінің қоршаған ортаға жағымсыз әсері үшін келешек ұрпақ алдында жауапкершілігін сезінеді.

Компания қолданыстағы заңнаманы, орнықты даму тұжырымдамасын, сондай-ақ озық әлемдік тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, өзі үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы Корпоративтік менеджмент жүйесінің саясатын (Саясат) анықтады. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Саясатында мәлімделген мақсаттар мен міндеттер Компанияның Ұзақ мерзімді даму стратегиясында ескерілді.

Компанияның Стратегиясына және Саясатына сәйкес табиғатты қорғау саласында дамудың төмендегідей басым бағыттары белгіленді:

1) «Самұрық-Энерго» АҚ экономикасын көміртексіздендіру, оның ішінде ЖЭК мен ГЭС-те электр энергиясын өндіру үлесін ұлғайту, ЖЭК-ті пайдалана отырып жобаларды іске асыру, таза технологияларды қолдауды жандандыру, Алматы қаласы Электр энергетикасы кешенінің көмір департаменттерін газдандыру;

2) ластануды болдырмау және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту арқылы экологиялық қауіпсіз қызметті қамтамасыз ету болып табылады;

3) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, оның ішінде су ресурстарын қорғау саласындағы әсерлерді барынша азайту, оның ішінде тұщы суды тұтыну көлемін азайту, бірнеше рет және қайта пайдаланылатын су үлесін ұлғайту, сарқынды суларды ағызу көлемін және сарқынды сулардағы зиянды заттардың шоғырлануын азайту;

4) экологиялық және ең озық қолжетімді техникалар мен технологияларды енгізу есебінен экологиялық тәуекелдерді төмендету (1-санаттағы кәсіпорындардағы шығарындылар көздеріне мониторингтің автоматтандырылған жүйелерін орнату, ГРЭС нысандарында шаң ұстау жүйелерін орнату, жабдықтарды жаңғырту және жаңарту, жұмыстың оңтайлы режимдерін жүргізу, әлеуетті авариялық жағдайларды анықтау және алдын алу және т. б.);

5) қоршаған ортаға әсерді бағалауда көзделген іс-шараларды жақсарту арқылы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне әсерді азайту;

6) ірі тонналық қалдықтарды және тұтыну қалдықтарын басқару саласындағы іс-шараларды жетілдіру;

7) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу және енгізу, сондай-ақ энергияны тиімді пайдаланатын, энергетикалық сипаттамаларды жақсартатын жабдықтарды, өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы өндірістің энергетикалық тиімділігін арттыру;

8) корпоративтік менеджмент жүйесі мен оның процестерін тұрақты негізде қолдау және жетілдіру жолымен қызметтің тиімділігін арттыру болып табылады;

9) өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасында, халықаралық стандарттарда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік әлемдік практикада белгіленген барлық қолданылатын нормалар мен талаптарды сақтау

10) қызметкерлердің қызығушылығын арттыру және олардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметке қатысуы;

11) апаттылықты төмендету бойынша шаралар қабылдау;

12) жаңартылатын энергия көздерін дамыту.

Көп жылғы жұмыс ішінде Компания мен оның еншілес ұйымдарында қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты көзқарас қалыптасты. Өндірістік процестердің тиімділігін экологиялық бағалау қоршаған ортаға эмиссиялардың, зиянды өндірістік факторлардың, сондай-ақ табиғи, энергетикалық және өзге ресурстарды тұтынудың нақты көлемінің өзгерістер мен есептеулері негізінде өндірістік экологиялық бақылау аясында жүзеге асырылады. Қоршаған ортаға өндірістік мониторинг техникалық реттеу саласында ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген тәуелсіз лабораторияларды тарту жолымен жүргізіледі. Өндірістік мониторингтің объектілері атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, топырақ болып табылады.

Экологиялық көрсеткіштер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты Компания қызметінің қорытындылары туралы біріктірілген Жылдық есептерден білуге болады.

Экологиялық аспектіні басқару үшін Компанияда экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) құрылды, ол корпоративтік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі және қаржылық емес тәуекелдерді басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ-да ЭМЖ тәуелсіз халықаралық консультанттарды тарта отырып озық әлемдік тәжірибелерге сәйкес үнемі бағалауға ұшырайды және бірте-бірте жетілдіріледі.

Өндірістік қызметті жүзеге асыратын Компанияның барлық ЕТҰ-ларында ISO 14001 «Экологиялық менеджмент» стандарты ендірілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша қоршаған ортаны қорғауға арналған жалпы шығыстар мен инвестициялар 2021 жылы шамамен 9,1 млрд.теңгені құрады. 2021 жылы экологиялық залал келтірген апаттық жағдайлар тіркелген жоқ.

tab2

Төмен көміртекті даму

 

Энергияға көшу бағдарламасы

Пайымдау – Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілігі жоғары тиімді жоғары технологиялық операциялық энергетикалық компания – Қазақстан энергетикасының көшбасшысы

Атмосферадағы парниктік газдар концентрациясының өсуіне байланысты климаттың өзгеруі әлемдік қауымдастық негізгі жаһандық қауіптердің бірі ретінде танылады.

Қазақстан, бүкіл әлем сияқты, жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдалануға энергетикалық көшудің 4 (төртінші) кезеңіне аяқ басты. Экономиканы және халықты қолжетімді энергия ресурстарымен қамтамасыз ету, әлемдік энергия қауіпсіздігін нығайту және қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайту бойынша әлемдік қоғамдастық алдында тұрған жаһандық міндеттерді шешуге бағытталған көміртексіздендіру, әртараптандыру және цифрландыру осы кезеңнің түйінді ерекшеліктері болып табылады.

Осыған байланысты, экономиканы көміртексіздендірудің тиімді стратегиясын әзірлеу мәселелері тұтастай Қазақстан Республикасы үшін де, атап айтқанда «Самұрық-Энерго» АҚ үшін де жүйелі міндет болып табылады.

Компания «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2022-2060 жылдарға арналған энергияға көшу бағдарламасын әзірлеп, бекітті.

Бағдарламаның мақсаты 2060 жылға қарай Компанияның таза көміртегі ізін азайту болып табылады.

Бағдарламаны әзірлеудің алғышарттары қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету саласындағы жаһандық үрдістер, 2015 жылы Париж келісімі шеңберінде мемлекет қабылдаған міндеттемелер, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын қатаңдату болды.

«Мен 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндетін қойдым. Бұл бағытта өте прагматикалық тұрғыда жұмыс істеу керек. Біздің ұлан-ғайыр еліміздің халқы мен экономикасы өсіп келеді, ал сапалы өсу үшін энергия қажет. Көмір дәуірінің біртіндеп өте бастауына байланысты жаңартылатын энергия көздерінен басқа, бізге энергияны сенімді базалық өндіру көздері туралы да ойлануға тура келеді.»

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы.

2021 жылғы 1 қыркүйек.

Орнықты даму қағидаттарына сүйене отырып, электр энергиясының экономикалық қолжетімділігі, жабдықтау сенімділігі, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық арасындағы оңтайлы теңгерімді сақтау үшін Компания жаңартылатын энергия көздері дәстүрлі энергия көздерімен қатар пайдаланылатын теңгерімді және біртіндеп энергияға өтуге артықшылық береді.

Осы кезеңде Компания қызметін көміртексіздендіру процесі көмір өндіру үлесін біртіндеп төмендетуге және газ өндіруді, газды, жаңартылатын және балама энергия көздері негізінде жаңа қуаттарды енгізуді ұлғайтуға бағытталды.

Көміртексіздендіру процесіне көміртекті ұстау және сақтау, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ карбонды полигондарды дамыту және офсеттер алу сияқты СО2 шығарындыларының деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін Компанияның дәстүрлі өндіруші қолданыстағы объектілеріне инновациялық технологияларды енгізу ықпал ететін болады. Сонымен бірге, экологиялық мәдениетті ілгерілету және қоршаған ортаға ұқыпты көзқарас тұрғысынан ойлауды өзгерту маңызды рөл атқарады.

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер – 2031 жылға қарай таза көміртегі ізін 10% - ға төмендету және 2060 жылы көміртегі бейтараптығына қол жеткізу.

tab3

Биологиялық әртүрлілік

«Самұрық-Энерго» АҚ «Биоалуантүрлілік» аспектісін СЭС, ЖЭС және ӨЭК-ке қатысты маңызды деп бағалайды. Қалған кәсіпорындар жабайы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне тікелей әсер етпейді, өйткені олар елді мекендер шегінде немесе өнеркәсіптік аумақтарда орналасқан.

Осындай ретпен, «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларының қызметі орнитофаунаға, ихтиофаунаға және басқа да тұщы су экожүйелеріне, сондай-ақ жағалау аймақтарының флорасы мен фаунасына теріс әсер етуі мүмкін.

Осындай әсерді азайту мақсатында өндірістік қызметті жоспарлау кезеңінде қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне тиер әсерге бағалау жүргізіледі. ҚОӘБ рәсімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Кәсіпорындарды одан әрі пайдалану процесінде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсер ету мониторингі де регламенттелген.

Жобалау сатысында да жел электр қондырғыларының қоршаған ортаға әсерін азайту қарастырылған - жарықтың ластануы тірі тіршілік иелерінің биоритмдерінің бұзылуына әкелетінін ескере отырып, түнде АЭҚ ауа жарықтандыруы тек жалпы шамдарды қолдануға дейін азаяды.

Электр тогының соғуынан ӘЖ-де құстардың өлу жағдайларын барынша азайту үшін оқшауланған сымдармен (ССП) жарақтандыра отырып, электр беру желілерін қайта жаңарту жүргізіледі.

Су және жерүсті (жағалаудағы) экожүйелерге әсерді төмендету үшін су электр станцияларының жұмыс режимдері ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетімен, әкімдіктермен, сондай-ақ ЕҚТА басшылығымен (мысалы, Мойнақ ГЭС жағдайында) келісіледі. Уәкілетті органдармен су жіберуді үйлестіру ауылшаруашылық жер пайдаланушыларының мүдделері үшін де жүзеге асырылады, өйткені ГЭС-тердің пайдаланылуы тек энергетика ғана емес, сонымен бірге суару, су тасқынына қарсы күрес және сумен жабдықтау бағыттарын қамтиды. Бұл шара климаттың өзгеруінің алдын алуға және оның кейінгі салдарларына бейімделуге бағытталған. Барлық ГЭС балық қорғау құрылғыларымен жабдықталған. Сондай-ақ, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсынымы бойынша, балықты қорғау шарасы ретінде турбиналық су таратқыштар алдындағы су жинағышқа жақын жерде тәуліктің қараңғы уақытында су бетін прожекторлармен жарықтандыру жүзеге асырылады, осылайша жарық дақтары балықты үркітеді. Балықтардың қозғалысы су төгуге арналған бос канализация арқылы жүреді (СТК).

ЖЭС және ЖЭС-те өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсер етуді мониторингілеу үшін визуалды далалық бақылау жүйелері енгізілді.

2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ қандай да бір арнайы санитарлық немесе экологиялық режимі немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесі бар аумақтарда өз өндірістік қызметін жүргізген жоқ.

tab4

«Самұрық-Энерго» АҚ жаңа технологияларға баса назар аударады:

 «Самұрық-Энерго» АҚ тапсырысы бойынша «Назарбаев Универститеті» АБҰ негізінде «Таза көмір технологиялары» ғылыми лабораториясы құрылды;

           Ұлттық және халықаралық жобаларға/бастамаларға/қауымдастықтарға қатысу

1) Компания «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ мүшесі болып табылады.

2) Компания «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ мүшесі болып табылады.

tab5

Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Компания ішкі корпоративтік стандарттарды әзірледі және орындауға қабылдады:

- қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясат;

- жазатайым оқиғалар туындаған кезде ақпаратты ұсыну қағидалары;

- Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдары OHSAS 18001талаптарына сәйкес сертификатталды.

«Самұрық-Энерго» АҚ денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында көшбасшылыққа ұмтылады.

Компанияның басшылығы негізгі ресурс Адамдар тобып табылатынын түсінеді. Еңбек талаптарын жақсарту, жаңа озық технологияларды ендіру, қызметкерлерді сапалы оқыту бөліктерінде Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясатты тиімді іске асыру Қоғамның ғана емес, Республика табысының да басты кепілі болып табылады.

Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы талаптарына, сондай-ақ денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге міндеттенеді.

tab6

Тансформациялау бағдарламасы аясында 2017 жылдан бастап SKE.06 «Кешенді қауіпсіздікті басқару жөніндегі жаңа моделін ендіру» жобасы табысты ендірілуде.

Жобаның мақсаттары:

  • қауіпсіздік мәдениетін арттыру/персоналдың еңбекті қорғау мәселесіне қатысуы;
  • жобаны енгізгеннен кейін 5 жыл ішінде жарақаттану көрсеткіштерін (LTIFR, LDR) 30 %-ға төмендету;
  • Еңбектің қорғалуын басқару жүйесі тиімділігін бағалауды арттыру.

ewqewq

 

Жоба аясында төмендегідей стандарттар әзірленді:

  • СЭ-СТ-01-01 Қауіпсіздіктің алтын қағидалары
  • СЭ-СТ-02-01 Персоналды қауіпсіз іс-әрекетке ынталандыру
  • СЭ-СТ-03-01 ӨҚ, ЕҚ, РҚ, ҚО тәуекелдерін бағалау
  • СЭ-СТ-04-01 Басшылық тарапынан ЕҚжҚОҚБЖ бағалау
  • СЭ-СТ-05-01 ЛМҚҚА өткізу
  • СЭ-СТ-06-01 Оқиғаларды есепке алу және тексеру  

Жобаның негізгі іс-шараларының бірі қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін өзгерту және қызметкерлердің жұмыс орнында жұмыс істеу кезінде қауіпті жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ әзірленген корпоративтік стандарттарды енгізу болып табылады. Жоба шеңберінде енгізілген стандарттарды, рәсімдер мен әдістемелерді қолдану оқиғалардың қайталануын болдырмауға және азайтуға мүмкіндік береді.

SKE.01.02.P «Қауіпсіз өндіріс» жобасы:

2020 жылдың қазан айынан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында барлық оқиғалар мен сәйкессіздіктерді тіркеудің және есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу есебінен өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге бағытталған SKE.01.02. «Қауіпсіз өндіріс» пилоттық жобасы басталды.

Жобаның ұйымдастырушылық периметріне «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ және «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС кіреді.

Жоба ASPANS бұлтты платформасы негізінде жүзеге асырылады және мынадай алты негізгі – «Ақаулар мен оқиғалар журналы», «Қауіпсіздіктің лидерлік мінез-құлық аудиті», «Өндірістік бақылау», «Оқытуды бақылау», «Жұмыс қауіпсіздігін талдау» және «Жұмысты орындауға арналған электронды наряд» модульдерінен тұратын «Қауіпсіз өндіріс» ақпараттық жүйесін білдіреді.

Жобаның негізгі міндеті еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша (ЕҚжҚТ) үдерістерді «Қауіпсіз өндіріс» ақпараттық жүйесіндегі online форматқа көшіру болып табылады.

Бүгінгі таңда «Жобаны іске қосу», «Тұжырымдамалық жобалау» және «Іске асыру» жобаларының үш фазасы сәтті іске асырылып, жабылды. 2020 жылдың қазан-қараша айларында ақпараттық жүйенің барлық негізгі пайдаланушыларына – «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ және «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС қызметкерлеріне тікелей оқу өткізілді.

2021 жылғы наурызда ЕТҰ-да өнімді пайдалануға ұйымдастыру периметрінің «Қауіпсіз өндіріс» ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда.

2021 жылдың маусым айының соңында пилоттық жобаны іске асыру аяқталады және оның қорытындылары шығарылатын болады.

tab7

Қоғамның жоғарғы басшылығы қолданыстағы саясаттың мақсаттары мен міндеттерінің тиімділігін арттыру үшін еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау мәселелеріне жекелей қатыстырылуын көрсету арқылы еншілес және тәуелді ұйымдардың бірінші басшыларының қатысу деңгейін арттыру қажеттігін түсінеді.

Қоғамда, сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдарда Еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ьасқарма жанындағы комитеттер мен Директорлар кеңесі құрылды. Комитеттердің мақсаты Директорлар кеңесінің ұзақ мерзімді перспективада Қоғам қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін шараларды әзірлеу мәселелерін қамти отырып, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

 

Төмендегі іс-шаралар ендірілді:

  • өндірістегі жазатайым оқиғаларды ашық тіркеу жүйесі;
  • жеке жауапкершілік жүйесі (қауіпсіздік талондары);
  • лидерлік мінез-құлықтың қауіпсіздік аудиттері;
  • қауіптерді сәйкестендіру және тәуекелдердің маңыздылығын бағалау;
  • қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Басқарма жанындағы комитеттер мен Директорлар кеңесі құрылды;
  • әлеуетті-қауіпті оқиғалар туралы хабарлағаны үшін қызметкерлерді көтермелеу тетіктері әзірленді;
  • 2019 жылы орын алған жазатайым оқиғалар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуға Мораторий енгізілді («Қазмұнайгаз» ҰК АҚ тәжірибесі);
  • орын алған жағдайлардың негізгі себептерін анықтау мақсатында жазатайым оқиғаларға ішкі тексеру жүргізу;
  • жазатайым оқиғаларға әлі әкеп соқтыра қоймаған әлеуетті қауіпті оқиғаларды есепке алу және тексеру;
  • Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлеріне корпоративтік стандарттар бойынша тренингтер/семинарлар, оқу курстарын жүргізу;
  • Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарында еңбекті қорғау мәселелерін қадағалайтын бөлімшелердің мамандарымен өндірістік объектілерде еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау мәселелері бойынша көшпелі семинарлар-кеңестер өткізу;
  • еңбекті қорғау саласының бірінші басшылары мен мамандарын IOSH, NEBOSH курстарында оқыту

tab8

Қоғам озық әлемдік тәжірибелерді ендірумен қатар алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру қазіргі уақытта өндірістегі орын алған/тіркелген жазатайым оқиғалар бөлігіндегі аралық нәтижелерді көрсетеді. 2010 жылдан бастап 2020 жылдың 9 айына дейінгі аралықта орын алған жарақаттанушылық статистикасы графиктік сурет ретінде көрсетілген.

zxczxc

tab9

qazqaz

«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасы аясында жарақаттануды азайтуға және қауіпсіз еңбек мәдениетін арттыруға бағытталған бизнес-процестерді өзгерту бойынша жұмыс жүргізеді.

Пәрменді құрал ретінде «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің еншілес және тәуелді ұйымдарына «Қауіпсіз өндіріс» пилоттық форматтағы жобасын енгізеді. Ол 2017 жылы Халықаралық әлеуметтік қамтамасыз ету қауымдастығы қабылдаған Vision Zero  -  «жарақаттану нөлдік деңгейде» тұжырымдамасының қағидаларына негізделген.

«Қауіпсіз өндіріс» жобасы - басшылардың ашық мәліметтерді алуына және тез шешім қабылдауына мүмкіндік беретін өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша технологиялық және басқарушылық процестерді цифрландыру.

Бұл жобаны іске асыру, ең алдымен, тәуекелдерді басқаруға, тексерулерді жоспарлауға, оқиғалар бойынша тергеулер жүргізуге және біртұтас ақпараттық жүйеде кәсіпорындағы бұзушылықтардың жойылуын қадағалауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні «eCapital» ЖШС компаниясының өкілдері ағымдағы жылдың 22 қазанында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС негізгі қызметкерлерін жүйеде жұмыс істеуге үйрету курсын аяқтап, оны тестілік режимде пайдалануды бастады. Осындай оқу «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ-да өткізіледі.

qazqaz

tab9

Барлық ЕТҰ-да:

1. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты жедел әрекет ету штабы құрылды.

2. «Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары» әзірленді. 

3. «Коронавирустық инфекция таралуының алдын алу бойынша іс-қимыл алгоритмі» әзірленді. 

4. ЕТҰ қызметкерлеріне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа коронавирустық инфекциядан қорғану жөніндегі ұсынымдарын тарату қамтамасыз етілді.

5. Дезинфекциялау құралдарының көмегімен орын-жайларды, есік тұтқаларын, үстелдерді және өзге де жиһазды үнемі дезинфекциялау, жұмыс орын-жайларын, оның ішінде тасымалдау құралдарын желдету жүргізіледі.

6. Қызметкерлер үнемі қорғаныс маскаларын қолданады.

7. Кәсіпорындарға келушілер саны шектеулді.

8. Барлық персоналды жұмысқа жіберу байланыссыз тепловизорды қолдану арқылы жүргізіледі.

9. Тыныс алу аурулары симптомдары бар жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.

10. Барлық мәдени-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды.

11. Кәсіпорын кеңселерінде қолды антисептикпен өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылған.

12. Қызметкерлердің қызметтік іссапарлары тоқтатылды.

13. Персонал ішінара қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырылды.

14. Кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу шаралары туралы профилактикалық әңгіме, сондай-ақ карантин талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

15. Жұқтырған адамдардың байланыс тобын анықтау үшін тиісті мемлекеттік органдармен тұрақты байланыс жүргізіледі (қажет болған жағдайда).

wsxwsxwsx

 

tab10

shutterstock 774512014 2

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мамандандырылған аккредиттелген ұйымдарды тарта отырып, Қоғамның Мемлекеттік энергетикалық тізілімінің субъектілері болып табылатын барлық тәуелді ұйымдарында энергия аудиттері жүргізіледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында 2015-2025 жылдарға арналған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы әзірленді.

Бұл Бағдарламаның мақсаты - отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды және экономикалық жағынан тиімді пайдалану бойынша шаралар әзірлеу.

«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділігін арттыру бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету.

Шығындарды жоюға, жұмыс циклдерін оңтайландыруға және үнемді өндіріске үнемі ұмтылуға негізделген ЕТҰ басқару тұжырымдамасын енгізу.

Бағдарламадан күтілетін нәтиже - еншілес және тәуелді ұйымдардың жалпы тауар өнімінің энергия сыйымдылығын 2025 жылы 2014 ж. базалық көрсеткішпен салыстырғанда 10,5% -ға төмендету.

Өткен жылы отын-энергетикалық ресурстарды тиімді және экономикалық мақсатқа сай тұтынуға бағытталған 63 іс-шара қабылданды, бұл «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы бойынша 523 мың тонна шартты отынды үнемдеуге мүмкіндік берді.

2021 жылдың қорытындысында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша жалпы тауар өнімінің энергия сыйымдылығы 27,8 т. ш.т. / млн теңгені құрады және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды орындау есебінен өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,0% -ға төмендеді.

Отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану, күлі жоғары көмірді тиімді жағу технологиясын құру бағытын айқындау мақсатында «Екібастұз кен орнының № 3 қабатының күлі жоғары көмірін және таусылған көмірді/көмірді байыту қалдықтарын жағуға арналған қазандық агрегаттарының от жағу құрылғыларының технологиясын әзірлеу» бойынша ҒЗТКЖ орындалды. Назарбаев Университетімен ынтымақтаса отырып күлі көп Екібастұз көмірін және оны байыту қалдықтарын қайнаған қабат пен айналымдағы қайнаған қабаттың кешенді қондырғысында жағу бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізілді. КС және ҚҚТ-да осы көмірді тиімді жағу мүмкіндігін растайтын деректер алынды: дәстүрлі көмірді жағумен салыстырғанда отын шығынының және атмосфераға шығарындылардың азаюы. Осы көмір түрлеріне арналған КС және ОКС бар өнеркәсіптік және энергетикалық қазандықтардың тұжырымдамасы бойынша техникалық ұсыныстар әзірленді.

tab11

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасаудың «Самұрық-Энерго» АҚ қызметі үшін маңызы зор. Өзара іс-қимыл жасау мақсаты Компанияның қызметін жетілдіруге, сондай-ақ бәрі - Компания да, оның мүдделі тараптары да, қоғам да пайда табатын орнықты дамудың мұндай деңгейіне қол жеткізуге жәрдемдесу арқылы Компанияның стратегиялық дамуын дұрыс таңдауды білдіреді.

Компанияның стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасау қағидаттары:

  • мүдделі тараптардың мүдделерін, пікірлері мен артықшылықтарын құрметтеу және есепке алу;
  • мүдделі тараптарды уақытылы және жүйелі хабардар ету;
  • қабылдаған міндеттемелерді жауапты орындау.

rfv

Шартты белгілер:

circle1 Ішкі стейкхолдерлер - ұйым қабылдайтын шешімдерге тікелей және елеулі ықпал ететін немесе осы шешімдердің ықпалында болатын стейкхолдерлер.

circle2 Сыртқы стейкхолдерлер - ұйым қабылдайтын шешімдерге жанама әсер ететін стейкхолдерлер.

Ескертпе: Шеңбердің мөлшері ұйымның стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасау деңгейін көрсетеді. Ең кіші шеңбер өзара іс-қимылдың шектелген деңгейін көрсетеді. Шеңбердің мөлшері ұлғайған сайын, өзара іс-қимыл жасау деңгейі артады

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары

tab166

Шағымдар мен ұсыныстар механизмі

Мүдделі тараптардың қажеттіліктерін, үміттерін, ұсыныстары мен пікірлерін ескеру Компанияның орнықты дамуын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ барлық мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау тиімділігін үнемі жақсартуға тырысады.

Өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында біз Кері байланыс мониторингін ендірдік, бұл бізге «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары тобындағы барлық мүдделі тараптардың шағымдары мен ұсыныстарына жауап қайтаруға мүмкіндік береді.

Ол үшін біз экономикалық, экологиялық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер бойынша мынадай байланыс арналарын ұйымдастырдық:

  • Жедел желі – https://www.samruk-energy.kz/ru/hotline;
  • Кері байланыс – https://www.samruk-energy.kz/ru/feedback-all ;
  • Сайтта көрсетілген байланыстар - https://www.samruk-energy.kz/ru/company/contact.

Өтініштер мен шағымдар  статистикасы

Бұл өтініштер қозғалатын аспектілерді, ең көп өтініш түскен аймақтарды, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына жүгінген адамдардың санаттарын, өтініштер тақырыбы бойынша статистиканы және шағымдарды талдау бойынша талданды. Әр шағымға санат берілді.

Түскен сұрақтарды талдау нәтижелері Директорлар кеңесінің қарауына беріледі. Шағымдар мен ұсыныстарға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметін жақсарту бойынша шаралар әзірленуде.

 

tab177

САУАЛНАМА

Құрметті оқырман!

Егер Сіз компанияның 2021 жылғы қызметінің қорытындылары туралы жылдық есеппен таныссаңыз және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның келесі Жылдық есебінде Сізді қызықтыратын тақырыптардың толық ашылуы үшін ұсынылып отырған сауалнамаға жауап бергеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз!

Сауалнамаға сілтеме

tab12

2011 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы өзінің стратегиясы мен күнделікті қызметінде БҰҰ Жаһандық шартының 10 қағидатын ұстанатынын және БҰҰ Жаһандық шартының мүшесі болып табылатынын мәлімдеді.

Компания мынадай қағидаттарды орындауды өз міндетіне алады:

Адам құқықтарын сақтау саласында

•        халықаралық қоғамдастық жариялаған адам құқықтарының сақталуына қолдау көрсету және оларды құрметтеу

•         адам құқықтарын бұзылуына қатыспаушылықты қамтамасыз ету

 

Еңбек қатынастары саласында

•         қауымдастықтардың еркіндігіне қолдау көрсету және іс жүзінде ұжымдық шарт жасасу құқығын тану

•         мәжбүрлі еңбектің барлық түрлерін жою

•         балалар еңбегін түбірімен жоюды қолдау

•         еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдау

 

Қоршаған ортаны қорғау саласында

•         қоршаған ортаға жағымсыз әсерлердің алдын алуға ықпал ету; қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды көтеру

•         экологиялық таза технологияларды дамыту мен таратуға ықпал ету

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында

•         сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне, соның ішінде бопсалау мен парақорлыққа қарсы тұру

БҰҰ Жаһандық шартына қосылу аясында, Компания https://www.unglobalcompact.org/ сайтында және Компанияның корпоративтік сайтында орналастырылатын, қол жеткізілген прогресс туралы хабарламаны жыл сайын жариялайды.

tab13

tab14

2019 жылы 8 наурызда «Самұрық-Энерго» АҚ әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің 7 қағидатына қолдау көрсету туралы мәлімдемеге қол қойды.

Бұл құжат орнықты дамудың негізгі элементі, сондай-ақ әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндіктер ұсынатын компаниялар неғұрлым табысты болатынына әрі жақсы нәтижелерге қол жеткізетініне сенімділік ретінде гендерлік теңдік қағидаттарын ұстанатынын айқындайды. Қойылған мақсатқа жету үшін Компанияда іс-шаралар жоспары іске асырылады.

БҰҰ-әйелдер және БҰҰ Жаһандық шарты серіктестігінің бастамасы бойынша әзірленген құжат әйелдердің жұмыс орындарындағы, бизнес пен қоғамдағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін мынадай жеті қағидатты айқындайды:

1-қағидат    Компания басшылығы деңгейінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларға белсенді   қолдау көрсету

2-қағидат    Тең мүмкіндіктер, инклюзия және кемсітушіліктің болмауы

3-қағидат    Денсаулық, қауіпсіздік және зорлық-зомбылықтан азат болу

4-қағидат    Білім беру және біліктілікті арттыру

5-қағидат    Кәсіпорынды дамыту, өткізу әдістері және жеткізу тізбегі

6-қағидат    Жұртшылықтың қатысуы және қоғамдастық деңгейіндегі көшбасшылық

7-қағидат    Ашықтық, көрсеткіштердің сандық бағасы және есептілік

Бүгінде қазақстандық ірі электр энергетикалық холдингтің компаниялар тобында 4600-ге жуық әйел еңбек етуде. Оның ішінде 630-дан астамы басшылық лауазымдарда.

Қызметкерлер санаты

Есепті кезеңнің соңындағы әйелдердің тізімдік саны

Барлық қызметкерлерден %-ы

Топ-менеджмент

                   7   

9%

Басшылар

                  632   

24%

Мамандар

                  1 469   

53%

Қызметшілер

                  404

85%

Жұмыскерлер

                  2 082   

18%

Барлығы

                 4 584    

26%

tab15

Біздің ұстаным

srs 2020

Біз қоғамдық дамуға қосатын үлесімізді сезінетіндіктен, әлеуметтік жауапкершілік «Самұрық-Энерго» АҚ Даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік жобалары қауіпсіз және жайлы еңбек шарттарын қамтамасыз етуге бағытталады.

Адам ресурстарын басқару" департаменті әлеуметтік жауапкершілік аясында төмендегідей міндеттер бойынша жұмыс істейді:

  • Қызметкерлер үшін тартымды жағдайлар жасау;
  • Ішкі таланттарды ұстап қалу және жоғары кәсіби кадрларды тарту;
  • Компанияда әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Қоғам өзіне міндеттемелер қабылдайды:

  • Әлеуметтік әріптестік және ұжымдық-шарттық реттеу қағидаттарын нығайту және дамыту;
  • Білікті қызметкерлерді ұстап қалу, тарту және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның персоналы үшін ынталандыру жағдайларын тудыру мақсатында әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру.
  • Әлеуметтік тұрақтылықты арттыру;
  • Топ-менеджмент. Негізгі лауазымдарға орналастыру мақсатында жоғары әлеуетті мамандар пулын қалыптастыру;
  • Жұмыс берушінің брендін арттыру.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы сыртқы нарықтан жоғары білікті кандидаттарды тартуға мүмкіндік беретін бәсекеге қабілетті әлеуметтік пакет ұсынуға ұмтылады. Өтемақылар мен жеңілдіктер қызметкерлер мен олардың отбасыларының әл-ауқаты мен әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға арналған. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлеріне жасалған ұжымдық шарттарға сәйкес берілетін әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктердің қатарына мыналар кіреді:

  • баланың туылуына, демалысқа сауықтыруға арналған материалдық көмек;
  • жерлеуге материалдық көмек көрсету (қызметкер және оның жақын туыстары), зейнеткерлерді емдеу, төтенше жағдайлар және т. б.;
  • табысынан айырылуына байланысты материалдық көмек көрсету (жүктілігі және босануы бойынша демалысты немесе жаңа туған баланы асырап алуға байланысты демалысты ресімдеу);
  • ерікті медициналық сақтандыру;
  • қызметкерлер мен олардың балаларын санаторлық-курорттық емдеу;
  • мерейтойларға байланысты (50, 60 және 70 жылдық) біржолғы ынталандыру;
  • мерекелік, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған шығыстар;
  • қарызды төлеу;
  • жарымжандық және асыраушысынан айрылғаны үшін жәрдемақы;
  • балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар және т. б.

Персоналдың әлеуметтік тұрақтылығы мен жұмысқа деген ынталандыру көрсеткіштерін жыл сайын өлшеу қызметкерлердің бейілділігі мен сенімін, персоналдың әлеуметтік әл-ауқаты мен ынтасын арттыру, еңбек жағдайларын және персоналдың еңбек қызметімен байланысты процестерді жақсарту, коммуникация жүйелерін дамыту және кез келген өзгерістер туралы хабардар ету бойынша шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.

2020 жылы ынталылық индексі мен әлеуметтік тұрақтылық рейтингін анықтау әдістемесі жаңартылды. Әдіснаманы жаңартудың мақсаты еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша нәтижелердің практикалық маңыздылығы мен ұсынымдар құндылығын арттыру болып табылады.

2021 жылғы зерттеу Samruk Research Services платформасы аясында телефон арқылы сауалнама әдісімен жүргізілді.

2021 жылғы зерттеу нәтижелеріне сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша «әлеуметтік тұрақтылық индексі» 76% - ды құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша әкімшілік-басқару персоналының ынталылығына жүргізілген сауалнама көрсеткіші 2021 жылы 83% - ды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ.

tab16

Біздің қызметіміз

Әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік жобалары қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, кәсіби дамуға, тұрғын үй проблемаларын шешуге және қызметкерлер мен олардың отбасыларының өмір сапасын жақсартуға, ардагерлер мен зейнеткерлерді материалдық қолдауға, әлеуметтік қоғамдастықтарды қолдауға бағытталған.

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасының аумағындағы ірі жұмыс берушілердің қатарына кіреді. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің тізімдік саны 17 645 адамды құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің өндірістік ерекшелігіне байланысты өндірістің негізгі учаскелерінде ер адамдар жұмыс істейді, олардың 2021 жылы персоналдың жалпы санындағы үлесі 74% құрады.

Қызметкерлер санаты

Есепті кезеңнің соңындағы әйелдердің тізімдік саны

Барлық қызметкерлерден %-ы

Топ-менеджмент

 7  

9%

Басшылар

 632

24%

Мамандар

1 459   

53%

Қызметшілер

404

85%

Жұмыскерлер

2 082

18%

Барлығы

4 584

26%

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлердің демалысын ұйымдастыру және сауықтыру мақсатында төмендегідей іс-шараларды жүзеге асырады:

  • еңбек сіңірген жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосымша күндер беру;
  • спорттық инфрақұрылымға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, жаттығулар мен жарыстарды ұйымдастыру арқылы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізу және бұқаралық спорт түрлерін дамыту;
  • корпоративтік ақпарат құралдарын пайдалана отырып, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын жүйелі насихаттау;
  • мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге, жаңа жылдық сыйлықтар сатып алуға, Энергетиктер күніне орай бағалы сыйлықтар сатып алуға жыл сайын қаржы бөлу;
  • Қазақстан Республикасының шипажайлары мен профилакторийлерінде жазғы демалыс кезеңінде мектеп жасындағы балалардың демалуы үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
  • «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің мүгедек-балалары мен жетім-балаларға шипажайға және балаларды сауықтыру орталықтарына берілетін жолдамалардың құнын ішінара өтеу.

Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында құрамы жұмыс беруші мен кәсіподақ қызметкерлерінің өкілдерінен тұратын Келісім комиссиялары құрылып, өз қызметін жүзеге асыруда, оның негізгі функциясы еңбек ұжымының арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, шағымдар мен арыздарды қарау рәсімдері болып табылады.

 

tab17

2015 жылғы 28 қарашада «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді және «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді, осы құжаттарға сәйкес «Самұрық – Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі-Қор) мен оның ЕТҰ қайырымдылық бағдарламасын Қордың Директорлар кеңесі әзірлеген және бекіткен кезде іске асыруға болады. Қордың Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №126 шешімімен Қордың қайырымдылық саясаты және Қордың қайырымдылық бағдарламасы бекітілді.

2015 жылғы қарашада Қор ЕТҰ-дағы дербес демеушілік және қайырымдылық қызметке мораторий жариялады. Жаңа модельге сәйкес Топтың барлық қайырымдылық және демеушілік қызметін бірыңғай Оператор – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, оның ішінде еңбек және ұлтаралық қатынастарды, сондай-ақ тұрақты дамуға инвестицияларды нығайту шеңберінде конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер, баспа қызметін ұйымдастыру, өткізу және қаржылық қолдау бойынша іс-шаралар жүзеге асырады.

Демеушілік көмек көрсетуге қатысты барлық сұрақтар бойынша «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына хабарласуға болады:

  • Нұр-Сұлтан қаласы Сығанак көш., 17/10 үй, 11 қабат, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., +7 (7172) 57 68 98

Бөлімге құжаттар:

  • Қордың қайырымдылық саясаты
  • Қордың қайырымдылық бағдарламасы

tab18

PDF

«Самұрық-Энерго» АҚ орнықты даму саласындағы нұсқаулық

 
PDF

«Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік басқару кодексі

 
PDF

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы Корпоративтік менеджмент жүйесінің саясаты

 
PDF

Кадрлық саясат

 
Орнықты даму
  • Біздің ұстаным
  • Орнықты даму мақсаттары
БҰҰ жаһандық шарты
  • БҰҰ Жаһандық шартының 10 қағидаты
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2021 жылы қол жеткізген прогресі туралы хабарлама
  • Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттары
Қоршаған ортаны қорғау
  • Біздің ұстаным
  • Төмен көміртекті даму
  • Биологиялық әртүрлілік
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік
  • Біздің ұстаным
  • Компанияның жобалары мен бастамалары
  • Компанияның еңбекті қорғау саласындағы жетістіктері
  • Өндірістік жарақаттанушылық статистикасы
  • Оқиғалар
  • COVID-19-бен байланысты жағдайлар және ЕжҚОҚД-ның қолданып жатқан шаралары
Энергия үнемдеу тиімділігін дамыту
Стейкхолдермен өзара іс-қимыл жасау
  • Біздің ұстаным
  • Шағымдар мен ұсыныстар механизмі
Әлеуметтік жауапкершілік
  • Біздің ұстаным
  • Біздің қызметіміз
  • Демеушілік және қайырымдылық
Бөлімге катысты құжаттар
  • Біз туралы
    • «Самұрық-Энерго» бүгін
    • Даму стратегиясы
    • Миссия мен Құндылықтар
    • Компаниялар тобы
    • АҚ «Самұрық-Энерго» құрылымы
    • Тұрақты даму
    • Трансформация
    • Сауда үйі
    • Оқиғалар күнтізбесі
    • Бос орындар
    • Байланыс ақпараты
    • Төмен көміртекті даму
  • Баспасөз
    • Компания жаңалықтары
    • БАҚ біз туралы
    • Бейнегалерея
    • Фотогалерея
    • Аналитикалық шолу
    • Сөйлеген сөздер
    • Жеңіс қайырымдылық жобасы
    • Жас Самрұқ
  • Акционерлер мен Инвесторға
    • Аудиторлар
    • Жылдық қаржылық есептілік
    • Тоқсандық қаржылық есеп
    • Жеке қаржылық есептілік
    • Қоғам қызметінің нәтижелері бойынша жылдық есептіліктер
    • Басқа да есептіліктер
    • Қоғамның мәмілелері
    • Үлестес тұлғалардың тізімі
    • Акционерлер мен инвесторлар үшін кері байланыс
    • Төлемдер
  • Корпоративтік басқару
    • Омбудсмен
    • Акционер
    • Акционердің шешімдері
    • Директорлар кеңесі
    • Директорлар кеңесінің қызметі
    • Корпоративтік хатшы
    • Басқарма
    • Ішкі аудит
    • Корпоративтік басқару тәжірибесі
    • Корпоративтік құжаттар
    • «Комплаенс» қызметі
  • Навигация және қолдау
    • Басқарма Төрағасының Блогы
    • Тұрақты даму
    • Жекешелендіру
    • Жобалар
    • Сауда үйі
    • Сатып алу
    • Жедел желісі
    • Кері байланыс
  • Сатып алу
    • Тауар өндірушілерден сатып алуға жоспарланған тауарлардың тізімі
    • Сатып алу жоспары
    • Тендер тәсілімен сатып алулар
    • Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
    • Сатып алу бойынша нормативтік-құқықтық актілер
    • Сатып алулар бойынша жауапты тұлғалар
    • Өткізілетін сатып алулар туралы хабарландыру
    • Импорт алмастыру
895884064

«Самұрық-Энерго» АҚ

 

Мекен-жайы: Астана, Қабанбай батыр
даңғылы, 15А, Блок Б, «Q» бизнес-орталығы

895884064

«Самұрық-Энерго» АҚ

Мекен-жайы: Астана, Қабанбай батыр
даңғылы, 15А, Блок Б, «Q» бизнес-орталығы