
Шалин Ерген
Сертификаты бар корпоративтік хатшы.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 3 қазан 1983 жыл
Білім:
2004 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң университетін бітірген, Халықаралық құқық факультеті, Астана қаласы.
Жұмыс тәжірибесі:
2005-2007 – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Заң басқармасының мемлекеттік мүлік жөніндегі мәмілелерді құқықтық қамтамасыз ету және құрылтай құжаттарына талдау жасау бөлімінің бас маманы.
2007-2008 – АҚ құқықтық департаментінің менеджері, «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ АҚ..
2009 жылдан «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік хатшысы.
Қоғамның акцияларына, өнім берушілерге және бәсекелестерге иелік етпейді.
Қоғамда тікелей Корпоративтік хатшыға бағынатын Директорлар кеңесінің Хатшылығы құрылды. Директорлар кеңесі Хатшылығының саны – Қоғамның бір қызметкері.