Ивченко Елена Дмитриевна

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Дамыту, сату және өзгерістер жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі

Туылған күні: 09 сәуір 1975 жыл

Білімі:

1997 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ды «Экономика және инфрақұрылымды басқару» мамандығы бойынша бітірді;

2015 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ды «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірді;

MBA – “Іскерлік әкімшілендіру шебері» City Business school;  

CAP - Бағдарламасы бойынша халықаралық кәсіби сертификаттау;

CIPA біліктілік деңгейі CAP: Certified Accounting Practitioner - сертификатталған бухгалтер – практик;

IPFM DiplFRS – «The Diploma in basic competence in IFRS» Ұлыбританияның кәсіби қаржы менеджерлері институтының халықаралық дипломы;

БМЖ – «Ішкі аудитор, біріктірілген менеджмент жүйесі»  бағдарламасы бойынша сертификатталған

Жұмыс тәжірибесі:
-       1997-2008 жж. - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының аға оқытушысы;

-       2007-2008жж. – «Промтехмонтаж» ЖШС, инженер-сметашы;

-       2008-2014жж. – «KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалы, жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші экономисі, өндірістік-техникалық қызметтің жетекші инженері;

-       2014-2018жж. – «Шығысэнерготрейд» ЖШС, бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау бөлімінің бастығы, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының м. а.;

-       2018-2019 жж. – «ШҚ АЭК» АҚ, Басқарма төрағасының Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары - Басқарма мүшесі;

-       05.2019 -10.2019жж.  - ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі;

-       10.2019 - 04.2021жж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті, Төрағаның орынбасары;

-       04.2021 - 05.2022жж. «Самұрық-Энерго» АҚ, Даму және сату жөніндегі басқарушы директор;

-       06.2022ж. - қазіргі уақытқа дейін - Дамыту, сату және өзгерістер жөніндегі Басқарушы директор.

Атқаратын қызметі:

-     Қоғамдағы Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, бақылау және ЕТҰ-ларда осы жұмысты үйлестіру;

-     Сату стратегиясын әзірлеу, іске асыру және оның орындалуын бақылау;

-     көмір және электр энергиясын өткізудің жаңа нарықтарын игеру бойынша сауда операцияларын жүргізуге бақылауды қамтамасыз ету және жүзеге асыру;

-     ЕТҰ-лар бойынша өндірілетін электр энергиясы мен көмірдің жоспарланған көлемін сатуды, сондай-ақ бюджетке сәйкес ЕТҰ-ның негізгі қызметінен жоспарланған кіріс бөлігін алуға бақылауды қамтамасыз ету және жүзеге асыру (жоспарлау және орындау);

-     Қоғам қызметі саласындағы заңнаманы талдауды қамтамасыз ету, үйлестіру және бақылау, және тиісті ұсыныстар әзірлеу;

-     электр энергиясы мен қуатының, көмірдің ішкі нарығының, сондай-ақ жақын және алыс шетел нарықтарының жай-күйін талдауды қамтамасыз ету, үйлестіру және бақылау, дамыту бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеу;

-     электр энергиясы мен көмір нарықтарындағы конъюнктураның өзгеруін талдауды қамтамасыз ету, үйлестіру және бақылау;

-     инвестициялық жобаларды басқару;

-     мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуді жүзеге асыруды қамтамасыз ету және бақылау;

-     жобаларды құрылымдау мен қаржыландыруды ұйымдастыруды үйлестіру және бақылау (Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директормен бірлесе отырып;

-     инвестицияларды тарту бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізу және оларға қатысу;

-     халықаралық қаржы ұйымдарының заңнамасы талаптарының, нормалары мен қағидаларының, халықаралық қаржы институттарының қаражатын тарта отырып орындалатын жобалар бойынша келісімдер талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

-     жобалардың Қоғам Стратегиясының инвестициялық саясатының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету және бақылау;

-     инвестициялық жобаларды бағалау және іске асырумен байланысты қызметтер мен жұмыстарды орындау кезінде сыртқы консультанттармен өзара іс-қимыл жасау;

-     Қоғамның инвестициялық жобалар портфеліне енгізу үшін жобаларды анықтау және жобалар бойынша шешімдердің орындалуын бақылау;

-     операциялық жобалардың теңгерімді портфелінің өзгерістерін қалыптастыруды, мониторингілеуді және басқаруды үйлестіру және бақылау және оны корпоративтік рәсімдерге сәйкес бекіту;

-     Трансформациялау, сондай-ақ цифрландыру және Қоғамның АТ, оның ішінде ЕТҰ бағдарламаларының жобаларын басқару;

-     Қоғам мен ЕТҰ менеджментінің корпоративтік жүйесін енгізу және жетілдіру;

-     Қоғам мен ЕТҰ-ның АТ стратегиясын әзірлеу, өзектендіру және орындалуын бақылау;

-     бизнес-процестерді оңтайландыру, автоматтандыру және цифрландыру, сондай-ақ ЕТҰ-ны қоса алғанда, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына тиісті өзгерістер енгізу;

-     корпоративтік АТ-жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

-     АТ инфрақұрылымының сенімділігі мен тиімділігін арттыру;

-     деректерді басқару процестерін құру және оларды автоматтандыру;энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы талдамалық жүйелерді цифрландыру;