
Түйтебаев Серік Сүйінбекұлы
«Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 27 мамыр 1958 жыл
Білімі:
1981 жылы Алматы энергетика институтын бітірген, жылу энергетикасы инженері.
2000 жылы Алматы энергеттка институтын ЖЭК кәсіпорындарындағы экономика мен менеджмент мамандығы бойынша бітірді.
Жұмыс тәжірибесі:
1981-1983жж. – ОртаАзЭнергоМонтаж іске қосу мен ретке келтіруді басқару шеберінің көмекшісі.
1983-1984 жж. – Алматы Энергетикалық университетінің еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының инженері.
1984-1998 жж. – АЖЭО-2 турбиналық цехінің турбиналық жабдығы бойынша аралап өтуші машинисті, турбиналық цехінің турбиналық бөлімінің аға машинисті, турбиналық цехінің ауысым басшысы, турбиналық цехінің басшысы, «Алматы Пауэр Консолидэйтед» АҚ-ның бас инженері, басқарушы директоры.
2007-2010 жж. – «Алматы электр станциялары» АҚ-ның басқарушы директоры (№ 2 ЖЭО).
2010-2011 жж. - «Алматы электр станциялары» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
2011-2013 жж. – Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы.
2013-2014 жж. – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары.
2014 жылғы қаңтар айынан бастап – «Генерация» дивизионының басқарушысы.
2016 жылғы наурыз айынан бастап – Қоғамның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.
Сонымен қатар мына ЕТҰ-ларда Қоғамның өкілі: «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «БЖЭС» АҚ – Директорлар кеңесінің төрағасы, «ЕГРЭС-1» ЖШС – Байқаушы кеңестің төрағасы, «Forum Mauder B.V.» АҚ – Директорлар кеңесінің мүшесі, «ЕГРЭС-2 АҚ – Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
Атқаратын қызметтері:
Қоғам қызметінің мына бағыттары бойынша бақылау жасайды және жұмысты ұйымдастырады: Қоғам мен ЕТҰ-ның өзі қадағалайтын бағыттары бойынша есептілігін дайындау; ЕТҰ-ның өндірістік-техникалық қызметін басқару және бақылау жасау; ЕТҰ-ның республикалық бюджет қаражатын жұмыс көлемінің сапалы әрі уақытылы орындалуына қатысты мақсатты игерілуін үйлестіру және оған қатысты жұмыстарға бақылау жасау; ЕТҰ қызметін үйлестіру және оған бақылау жасау; жұмыс істеп жатқан өндіріс пен күрделі құрылыс бойынша Техникалық саясат пен Жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасын әзірлеу/өзектендіру, келісу, іске асыру және орындалуын мониторингілеу; ЕТҰ-да тарифтік науқанның уақытылы жүргізілуін бақылау;
Қоғам мен ЕТҰ-ның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында заңнама талаптарын орындалуын қамтамасыз ету (соның ішінде энергия аудиттерін жүргізу, энергия менеджменті жүйесін ендіру, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарларын, бағдарламаларды орындау және т.б.);
қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
Қоғам мен ЕТҰ-ның инвестициялық бағдарламасын жасау, талдау және орындалуын бақылау;
қадағалайтын бағыттары бойынша Қоғамның Даму стратегиясын әзірлеуге және оны іске асыру қатысу;
қадағалайтын бағыттары бойынша Акционердің болжалдарын іске асыру;
қадағалайтын бағыттары бойынша Үкіметтің Қоғам қызметіне байланысты стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыру;
қадағалайтын бағыттары бойынша арнайы жобаларды қоса алғанда, Қоғамның трансформациялау бағдарламасын әзірлеуге қатысу және оны іске асыру;
Қадағалайтын бағыттары бойынша мыналармен: мемлекеттік органдармен, заңды тұлғалармен, оның ішінде қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ жеке тұлғалармен; жалғыз акционер - «Самұрық-Қазына» АҚ-мен өзара іс-қимыл жасайды және Қоғам атынан өкілдік етеді;
қадағалайтын бағыттары бойынша міндеттерді іске асыру үшін қажетті басқа да қызметтерді атқарады.