Құрметті Өнім беруші!

Біздің компания БҰҰ Жаһандық шартының он қағидатына өзінің адалдығын мәлімдейді, БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы мақсаттары мен бастамаларын қолдайды.

Біз ашықтық, заңды толық ұстанушылық, адалдық және тиімділік принциптері негізінде өзара іс-қимыл жасаймыз.

Осыған сәйкес, компаниямыз өнім берушілердің қызметіндегі мынадай принциптер мен ережелерді құптайды:

  • Кемсітушіліктің ешбір түрі орын алмайтын инклюзивті жұмыс ортасын құру және қолдау, сондай-ақ әрбір адамның қосқан үлесі танылады;
  • заңнамаға, БҰҰ Жалпыға бірдей декларациясына, сондай-ақ ХЕҰ-ның негізгі қағидаттарына сәйкес адам құқықтарын сақтау.
  • бизнесті қызметкерлердің және жұртшылықтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндей етіп басқару;
  • балалар еңбегіне немесе мәжбүрлі еңбектің кез келген түріне жол бермеу;
  • тиісті экологиялық және әлеуметтік нормалар мен стандарттарды сақтау;
  • орнықты даму қағидаттарына бейілділігін көрсету: экологиялық таза материалдарды пайдалану, энергия мен суды тұтынуға, парниктік газдар шығарындыларының көлеміне ерекше назар аудару, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіпті заттармен (материалдармен, препараттармен және өнімдермен) жұмыс істеу кезінде мұндай заттардың таңбаланатынына, өңделетініне, тасымалданатынына, сақталатынына, қауіпсіз кәдеге жаратылатынына кепілдік беру;
  • экологиялық саясатты әзірлеу және енгізу, саясатқа сәйкес өзінің іскерлік қызметін жүзеге асыру;
  • сатып алынатын өнімнің шығарылатын жерін, оның құрамын, өндіріс және тасымалдау процесінің тұрақтылығын есепке алу. Мүмкіндігінше расталған этикалық және орнықты даму стандарттары мен жеткізу тізбегі сертификаттары бар материалдарды пайдалану (мысалы, бірақ ISO 14001, FSC, PEFC, EPD-мен шектелмей).
  • ресурстарды неғұрлым ақылға қонымды және жауапкершілікпен пайдалануға деген ұмтылыс, осы тәсілді өзінің жеткізу тізбегіне, сондай-ақ өзінің бизнес-операцияларына біріктіру.

        Біздің Компания іскер серіктестерге негізсіз артықшылықтар мен басымдықтар бермейді және олармен өзара тиімділік негізінде іскерлік қатынастар жасауға қолдау көрсетеді. Біз «Самұрық-Қазына»АҚ Директорлар кеңесі бекіткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі негізінде неғұрлым тиімді бағаға, тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің сапасына және өнім берушінің жақсы іскерлік беделіне артықшылық бере отырып, өнім берушілерді ашық түрде таңдаймыз.

Өнім берушілерге арналған бұл сауалнама өнім берушілердің әлеуметтік және экологиялық нормалар мен заңнамаларды сақтауына мониторинг жүргізу мақсатында әзірленді, сондай-ақ компанияның барлық өнім берушілерінің өтуі міндетті болып табылады.

Әлеуметтік және экологиялық нормалар мен заңнамалардың сақталуына қатысты сауалнама