«Самұрық-Энерго» бүгін

“Компания алдында жоғары экономикалық тиімділік пен инновациялық жетілуді, әлеуметтік жауапкершіліктің озық стандарттарын үйлестіре отырып, ішкі тұтынушылар мен экспорт көлемін энергия ресурстарымен толық қамтамасыз ете алатын оңтайлы даму моделін қалыптастыру міндеті тұр.”

Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы

Негізгі өндірілетін өнім:

Электр энергиясын өндіру;

Жылу энергиясын өндіру;

Электр энергиясын тарату және бөлісу;

Энергетикалық көмірді өндіру

Өндірістік қуаттар

2026 жылғы 1 қаңтардағы кезеңде «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының белгіленген қуаты 7 885 МВт құрады, бұл көрсеткіш ҚР БЭЖ электр станцияларының белгіленген жиынтық қуатының 29,3% құрайды.
2026 жылдың 1-ші тоқсаны электр энергиясын өндіру көлемі – 11,42 млрд кВтсағ, «Самұрық – Энерго» АҚ-ның Қазақстанда электр энергиясын өндіру бойынша жалпы көлеміндегі үлесі – 33,8%.
2026 жылдың 1-ші тоқсаны көмір өндіру көлемі 11,9 млн тоннаны құрады, Компанияның Қазақстандағы көмір өндірудің жалпы көлеміндегі үлесі – 39%.
2026 жылдың 1-ші тоқсаны «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының жылу энергиясын босатуы 2,6 млн Гкал құрады.

Кернеуі 0,4 - 220 кВ ЭТЖ ұзындығы, км:

25 138.45 км

Әуе ЭТЖ

5 716.47 км

Кабельдік ЭТЖ

30 854.92 км

ЭТЖ-нің жалпы ұзындығы

 

Кернеуі 220 кВ және одан төмен қосалқы станциялар бойынша деректер:

8 дана

ПС-220 кВ

93 дана

ПС-110 кВ

105 дана

ПС-35 кВ

7154 дана

ТП-6-10/0,4кВ

 

152 дана

РП

3 158.99МВА

Қуат РП/ТП

10 643.00 МВА

Толық қуат

Негізгі нарықтар

«Электр энергетикасы туралы» Заңға 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны және нақты уақыт режиміндегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын енгізе отырып, электр энергиясының көтерме нарығы жұмысының тетігін регламенттейтін өзгерістер күшіне енді.

Нарықтың нысаналы моделі электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясының жоспарлы көлемін орталықтандырылған сатып алу-сатуға көшуін көздейді. Осылайша, «Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіруші ұйымдары тарапынан өндірілетін электр энергиясының жоспарлы көлемі Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатылатын болады. Сонымен бірге электр энергиясының көтерме нарығының тұтынушылары электр энергиясын Бірыңғай сатып алушыдан сатып алатын болады.
Электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесінен ауытқулар өз кезегінде теңгерімдеуші нарықтың Есеп айырысу орталығы операторы болып табылатын электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында іске асырылады.

«Богатырь Көмір» ЖШС өндіретін энергетикалық көмір Қазақстанның ішкі нарығында сатылады және Ресей Федерациясына экспортталады.