hotline kz

«Самұрық-Энерго» АҚ беделге зор мән береді және өзінің қызметкерлері мен контрагенттерінен әдеп пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын ұстануға талап етеді.​

Қолданыстағы заңнаманы, жалпы іскерлік қағидаттарды немесе «Самұрық-Энерго» АҚ Mінез-құлық туралы кодексі  бұзу туралы хабарлау және ондай бұзушылықтарға байланысты дер кезінде шара қабылдау біздің компаниямыздың беделін қорғау үшін маңызды.​

«Самұрық-Энерго» АҚ алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саясатына сәйкес, Сіз орын алған немесе болжалды кез келген ұрлау, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық фактілері жайлы, сондай-ақ жалпы іскерлік қағидаттарды немесе «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Әдеп кодексін бұзу фактілері жайлы келесі тәсілдермен хабарлай аласыз:​

  • төмендегі «Хабарлама қалдыру» батырмасын басу арқылы; немесе
  • Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. электрондық поштасына хат жіберу арқылы; немесе
  • 8 800 080 47 47 нөміріне қоңырау шалу арқылы; немесе
  • 8 771 191 88 16 WhatsApp; немесе
  • www.sk-hotline.kz  Сайтында.​

Барлық хабарламаларды тәуелсіз компания қабылдап, өңдейді.​

Жедел желі арқылы алынған хабарламалар Қордың Комплаенс кызметіне беріледі және олар ондай хабарламалардың кәсіби және құпиялы түрде қарастырылуын қамтамасыз етеді. Сіздің хабарламаңызды барынша тиімді түрде өңдеу үшін сізге байланысу ақпаратыңызды қалдыру ұсынылады, алайда Сіз сондай-ақ анонимді хабарлама жібере аласыз. Барлық анонимді хабарламалар қарастырылатын болады.​

Жедел желі Қордың қызметкерлері, Қордың еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері, жеткізушілері мен серіктестері үшін қолжетімді.​

Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!