Акционер туралы ақпарат

«Самұрық-Энерго» Ационерллік Қоғамның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып табылады.
«Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру, сондай-ақ әлем нарығындағы ықтимал жағымсыз өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге әсер ету фактілерінің алдын алу үшін құрылды.
Қор қызметінің негізгі мақсаты оған меншік құқығында тиесілі ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа заңды тұлғалардың әлемдік нарықтарда ұзақ мерзімді құндылығын барынша арттыру және бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін акциялар топтамасын (қатысу үлестерін) басқару болып табылады.