{tab title="Жалпы ақпарат" alias="info" class="pl-3 pb-5 pr-3"}

2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы " Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

"Самұрық-Қазына "Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ қаулысын орындау үшін басым тәртіппен бәсекелі ортаға беруге ұсынылатын ірі активтердің тізбесі бекітілді

Тізбеге "Самұрық-Энерго" АҚ мынадай активтері енгізілген»:

ажк
АҚ «Алатау Жарық Компаниясы»

Электр энергиясын беру және тарату

алэс
АҚ "Алматы Электр Станциялары"

Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларына электр және жылу энергиясын өндіру және жіберу

алматыэнергосбыт
"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС

Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларын энергиямен жабдықтау

мангышлак
"Тегис Мұнай" ЖШС, оның ішінде "Маңғышлақ Мұнай" ЖШС

Минералдық ресурстарды геологиялық барлау, өндіру және өңдеу.

Активтерді сату Самұрық-Қазына "Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ – ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік құқығында "Самұрық-Қазына" АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтерін сатудың, қайта құрылымдаудың бірыңғай ережелеріне (бұдан әрі-Ереже) сәйкес жүзеге асырылады.

Ережеге сәйкес активтерді сату активтерді сатудың құнын, тәсілдері мен шарттарын бағалау үшін тәуелсіз консультанттарды тарта отырып жүзеге асырылатын болады.

Сатылатын активке қатысты құжаттамамен танысу тәртібі.

Бәсекелі ортаға сатуға жататын компаниялардың қаржылық және өзге де құжаттарына барынша толық қол жеткізу үшін виртуалды ақпараттық бөлмеде (data room) орналастырылған құжаттардың электрондық базасына қол жеткізу қажет. Құжаттардың электрондық базасына қол жеткізу үшін "Самұрық-Энерго" АҚ-мен құпиялылық туралы келісім жасау, виртуалды ақпараттық бөлмеге кіру үшін логин мен пароль алу қажет.

{tab title="Документы" alias="docs" class="pl-3 pb-5 pr-3"

" class="pl-3 pb-5 pr-3"}

{/tabs}