Сатып алу

«Самұрық-Қазына» сатып алу порталына өту

Baner5

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алу «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII ҚРЗ Заңына сәйкес әзірленіп, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен (2022 жылғы 3 наурыздағы №193 хаттама) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен реттеледі.

Сатып алу мына:

1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

 2) коммерциялық құпияға (тендер қорытындылары шығарылғанға дейін) өнім берушілердің құқықтарын және (немесе) заңды мүдделерін сақтай отырып, сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;

3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу;

4) сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;

5) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

            6) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілерге бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;

      7) инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      8) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

      9) сатып алынатын тауарлардағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың сақталуы қағидаттарына негізделеді.