Әлеуметтік және экологиялық нормалар мен заңнаманың сақталуына байланысты сауалнама жүргізу

Құрметті Өнім беруші!

 

Біздің компания өзінің БҰҰ Жаһандық шартының он қағидатын ұстанатынын мәлімдейді, БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы мақсаттары мен бастамаларын қолдайды.

Біз ашықтық, заңға бұлжытпай орындау, адалдық және тиімділік қағидаттары негізінде өзара іс-қимыл жасаймыз.

Осыған сәйкес, біздің компания өнім берушілер қызметіндегі мынадай қағидаттар мен ережелерді құптайды:

  • Кемсітушіліктің бірде-бір түрі кездеспейтін инклюзивті жұмыс ортасын құру және қолдау, сондай-ақ әрбір адамның қосқан үлесі мойындалады;
  • Заңнамаға, БҰҰ-ның жалпыға бірдей декларациясына, сондай-ақ ХЕҰ-ның негізгі қағидаттарына сәйкес адам құқықтарын сақтау.
  • Бизнесті қызметкерлер мен жұртшылықтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндей етіп басқару;
  • Балалар еңбегіне немесе мәжбүрлі еңбектің кез келген түріне жол бермеу;
  • Тиісті экологиялық және әлеуметтік нормалар мен стандарттарды сақтау;
  • Орнықты даму қағидаттарын ұстанатындығын көрсету: экологиялық таза материалдарды пайдалану, энергия мен суды тұтынуға, парниктік газдар шығарындыларының көлеміне ерекше назар аудару, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіпті заттармен (материалдармен, препараттармен және өнімдермен) жұмыс істеу кезінде мұндай заттардың таңбалануын, өңделуін, тасымалдануын, сақталуын, қауіпсіз кәдеге жаратылуын қамтамасыз ету;
  • Экологиялық саясатты әзірлеу және енгізу, саясатқа сәйкес өзінің іскерлік қызметін жүзеге асыру;
  • Сатып алынатын өнімнің шығарылған жерін, оның құрамын, өндіріс және тасымалдау процесінің тұрақтылығын есепке алу. Мүмкіндігінше этикалық және орнықты даму стандарттары мен жеткізу тізбегі расталып, сертификатталған материалдарды пайдалану (мысалы, бірақ ISO 14001, FSC, PEFC, EPD-мен шектелмей).
  • Ресурстарды неғұрлым ақылға қонымды және жауапкершілікпен пайдалануға ұмтылу, осы тәсілді өзінің жеткізу тізбегіне, сондай-ақ өзінің бизнес-операцияларына біріктіру.

Біздің Компания іскери серіктестерге негізсіз басымдықтар мен артықшылықтар бермейді және олармен өзара тиімділік негізінде іскерлік қатынастарды сақтайды. Біз «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар Кеңесі бекіткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі негізінде неғұрлым тиімді бағаға, тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің сапасына және өнім берушінің жақсы іскерлік беделіне артықшылық бере отырып, өнім берушілерді ашық түрде таңдаймыз. 

Өнім берушілерге арналған бұл сауалнама әлеуметтік және экологиялық нормалар мен заңнамалардың сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында әзірленді, сондай-ақ компанияның барлық жеткізушілері өтуге міндетті болып табылады. 

«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметінде адам құқықтары мен экологиялық нормалардың бұзылуын болдырмауға ұмтылады және өзінің өнім берушілері мен мердігерлерін өз ұйымдарында мыналарды: 

- қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін; 

- жұмыс уақытының ұзақтығы бойынша ҚР Еңбек кодексінің нормаларын сақтауды; 

- қауымдастық бостандығы және ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығын; 

- қолайлы өмір сүру жағдайларын; 

- экология саласындағы нормалар мен заңдарды сақтауды; 

- балалар еңбегін және мәжбүрлі еңбекті заңсыз пайдалануға жол бермеуді қамтамасыз етуге шақырады.

 Үшінші тұлғалармен жұмыс істеудегі біздің ұстанымымыз мына сілтеме бойынша орналастырылған Мінез-құлық кодексінде көрсетілген: https://samruk-energy.kz/images/komplaens/kodeks_pov_se_kz.pdf

 

Әлеуметтік және экологиялық нормалар мен заңнаманың сақталуына байланысты сауалнама жүргізу