tab
Біздің ұстаным
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2024–2033 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес Қоғамның стратегиялық мақсаттарының бірі нетто-көміртегі ізін азайту, ал дамудың негізгі басымдықтарының бірі экологиялық (E), әлеуметтік (S) және басқарушылық (G) қағидаттарды үйлестіру болып табылады. Қоғам жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, атмосфераға шығарылатын шығарындыларды барынша азайтуға және экожүйені жақсартуға ықпал ете отырып, ұлттық экономиканың дамуына өз үлесін қосуға ұмтылады. Компанияның негізгі міндеті – тиісті болжау және жоспарлау арқылы тәуекелі жоғары жағдайларда орнықтылықты қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар тәуекелдерді мүмкіндіктерге айналдырып, болашақтағы күтпеген өзгерістерге дайын болу.
««Самұрық-Энерго» АҚ-да тұрақты даму қағидаттарының енгізілуін қамтамасыз ететін негізгі құжаттар: Тұрақты даму саласындағы нұсқаулық, Корпоративтік басқару кодексі, Корпоративтік менеджмент жүйесінің саясаты, (сапалы басқару, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, энергия тиімділігі, ақпараттық, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл салаларында), Кадр саясаты және басқа да ішкі нормативтік құжаттар
Корпоративтік менеджмент жүйесінің саясатына сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ сапалы басқаруды, денсаулықты қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, қоршаған ортаны қорғауды, энергия тиімділігін, ақпараттық, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті өз қызметінің өзара байланысты басымдықтары ретінде қарастырады.
«Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес тұрақты даму саласында мынадай қағидаттарды ұстанады:
- ашықтық
- есептілік
- айқындық
- әдепті мінез-құлық
- мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтеу
- заңдылық
- адам құқықтарын сақтау
- сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
- мүдделер қақтығысына жол бермеу
- жеке үлгі көрсету
«Самұрық-Энерго» АҚ TCFD ұсынымдарына (IFRS S2) сәйкес климаттық тәуекелдерді басқару жобасын іске асыруда
2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Климатқа байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі жұмыс тобының (Task Force on Climate-related Financial Disclosures – TCFD) ұсынымдарына және IFRS S2 стандартына сәйкес климаттық тәуекелдерді басқару мен ақпаратты ашудың үздік халықаралық тәжірибелерін енгізу жобасын іске асыруға кірісті.
Жоба инвесторлар, кредиторлар және басқа да мүдделі тараптар үшін ашықтықты арттыруға және олардың сенімін нығайтуға, сондай-ақ Қоғамның халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық шеңберіндегі міндеттемелерін орындауға бағытталған.
Жобаның негізгі басымдықтары:
- корпоративтік басқару жүйесіндегі климаттық күн тәртібін күшейту және дамыту;
- өтпелі және физикалық климаттық тәуекелдерге жүргізілетін сценарийлік талдауды, сондай-ақ көміртегі бейтараптығына қол жеткізу траекторияларын нақтылау;
- климаттық тәуекелдердің Қоғамның стратегиясы мен қаржылық көрсеткіштеріне әсерін сандық бағалау;
- климаттық тәуекелдерді «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басқару, жоспарлау және есептілік процестеріне интеграциялаудың қолданбалы әдістемелерін әзірлеу;
- ақпаратты халықаралық талаптарға сәйкес ашу.
Жобаны іске асыру барысында қол жеткізілетін нәтижелер:
Стратегия – ұлттық және халықаралық міндеттемелермен келісілген декарбонизация және көміртегі ізін азайту жөніндегі ұзақмерзімді бағдарларды бағалау және өзектендіру.
Басқару – климаттық басқару мәселелері бойынша басқару органдары мен атқарушы басшылықтың рөлдері мен жауапкершілік аймақтарын өзектендіру, бұл жүйелі бақылау мен мониторингті қамтамасыз етеді.
Тәуекелдер мен мүмкіндіктер – климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерге сценарийлік бағалау жүргізу және олардың нәтижелерін стратегиялық және инвестициялық жоспарлау процестеріне интеграциялау.
Метрикалар мен мақсаттар – климаттық деректерді ашуды олардың стратегиялық, қаржылық және операциялық әсерін бағалаумен толықтыру.
Ақпаратты ашу – Қоғамның интеграцияланған жылдық есебіне енгізу үшін климатқа байланысты ақпаратты ашу жобасын дайындау.
Күтілетін нәтижелер:
Жобаны іске асыру Қоғамға халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз етуге, климаттық тәуекелдерді басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ мүдделі тараптардың сенімін нығайтуға мүмкіндік береді. TCFD талаптарына сәйкес ақпаратты ашуды енгізу ұзақмерзімді климаттық сын-қатерлерді және инвесторлар мен басқа да мүдделі тараптардың күтулерін ескеретін орнықты бизнес-модельді қалыптастыруға ықпал етеді.
tab
Өндірістік жарақаттану статистикасы
Қоғам алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуде. Іске асырылып жатқан жобалар өндірістік жарақаттанудың алдын алу саласында аралық нәтижелер көрсетуде. 2010–2026 жылдары өндірісте тіркелген жазатайым оқиғалардың динамикасы диаграммада көрсетілген.

Компанияда қолданылатын ОДМ-ның толығырақ сипаттамасы компанияның Акционерлер мен инвесторға , Қоғам қызметінің нәтижелері бойынша Жылдық есептер бөлімдерінде келтіріледі.
ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001, ISO 37001, ISO 37301 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестікті растайтын сертификаттар.
2025 жылы ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001 және ISO 37001 халықаралық стандарттарына сәйкес корпоративтік менеджмент жүйесінің сыртқы қадағалау аудиті сәтті өтті.
Аталған халықаралық стандарттар «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, О.Д. Кантаев атындағы «Мойнақ СЭС» АҚ, «Samruk Green Energy» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АЖК» АҚ филиалы – «ЭнергоСбыт», «Шардара су электр станциясы» АҚ, ЖШС «Бірінші Жел Электр Станциясы», «Өскемен СЭС» АҚ, «Шүлбі СЭС» АҚ, «Energy Solutions Center» ЖШС (Екібастұз ЖЭО), сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталына қолданылады.
2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығына қолданылатын ISO 37301 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестік сертификаты алынды.
tab1
«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстанның негізгі энергетикалық компанияларының бірі бола отырып, экологиялық қауіпсіздікті өзінің басымдықтарының бірі ретінде қарастырады. Компания өз қызметінде ұлттық заңнаманың талаптарына, ISO 14001 халықаралық стандартының ережелеріне, сондай-ақ қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған орнықты даму саласындағы үздік тәжірибелерге сүйенеді.
Компанияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмысы мынадай бағыттарға шоғырланған:
- қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерлердің алдын алу және азайту, соның ішінде атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдықтарды жауапкершілікпен басқару және су ресурстарын ұтымды басқару;
- климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл шараларына қатысу;
- энергия ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану;
- кешенді экологиялық мониторинг жүргізу және қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалау;
- табиғи ландшафттарды қорғау және биоәртүрлілікті сақтау.
Экологиялық аспектілерді тиімді бақылау және басқару үшін Компанияда мынадай негізгі құжаттар бекітілді:
- Корпоративтік менеджмент жүйесінің саясаты;
- «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобында қоршаған ортаны қорғауды басқарудың корпоративтік стандарты;
- Төтенше экологиялық жағдайлар және оларға ден қою жөніндегі нұсқаулық
- «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының экологиялық қауіпсіздік бағдарламасы.
Экологиялық қауіпсіздік мәселелері корпоративтік басқарудың барлық деңгейлеріне кіріктірілген. Топ басшылығы экологиялық міндеттемелерді сақтауға, мақсаттарды орындауға және тиісті көрсеткіштерге қол жеткізуге жауапты. Директорлар кеңесі қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиялық құжаттар мен саясатты бекітеді. «Энергия тиімділігі, Инновациялық даму және Экологиялық қауіпсіздік» департаменті экологиялық бастамаларды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, жауапты бөлімшенің функцияларын орындайды. Еншілес және тәуелді ұйымдарда ҚОҚ саласындағы саясат пен стратегияны орындаумен айналысатын, сондай-ақ серіктестер мен мердігерлердің экологиялық талаптарды сақтауын бақылайтын мамандандырылған бөлімшелер жұмыс істейді.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының экологиялық қауіпсіздік бағдарламасы
Топтың 2033 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі стратегиялық мақсаттарын іске асыру үшін 2024 жылы Директорлар кеңесі Топтың экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізуге және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған мақсаттары мен іс-шараларын айқындайтын табиғатты қорғау қызметін жоспарлаудың негізгі құралы болып табылатын Қоғам компаниялары тобының Экологиялық қауіпсіздік бағдарламасын бекітті.
Бағдарлама ұзақ мерзімді мақсатты сипатқа ие және ол көздеген іс-шараларды Топтың ұзақ мерзімді, орта мерзімді және жедел жоспарлау құжаттарына енгізу үшін негіз болады. Бағдарламаны жалпы іске асыру мерзімі - 2024 жылдан бастап 2033 жылға дейінгі мерзімді қоса алғандағы кезең. 2025 жылғы мақсатты мәндерге қол жеткізудің нақты нәтижелері төмендегі кестеде келтірілген.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2024-2027 жылдарға арналған табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары
|
Іс-шараның атауы |
Өлшем бірлігі |
2024 (нақты) |
2025 (мақсат) |
2025 (нақты) |
|
Ластаушы заттардың шығарындыларын азайту |
||||
|
ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруін ұлғайту |
млрд. кВт*с |
7,46 |
5,94 |
6,79 |
|
Атмосфераға шығарылатын шығарындыларды (NOx, SO2, Co және шаң) бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу. |
Кәсіпорындар саны: % |
57 |
86 |
71 |
|
Алматы ЖЭО-ны газға көшіру. |
мың тонна ЗВ |
46,4 |
48,1 |
46,5 |
|
Жөндеу жұмыстарын орындау арқылы электростатикалық сүзгілердің тиімділігін арттыру. |
% |
99,4 |
99,5 |
99,5 |
|
Су ресурстарын тиімді басқару |
||||
|
Өнім бірлігіне су жинаудыды азайту. |
м3/кВт*с |
0,77 (2,01) |
0,65 |
0,63 (1,77) |
|
Су ресурстарының, оның ішінде ағынды сулардың сапасына қойылатын талаптарды сақтау. |
% |
100 |
100 |
100 |
|
Тазарту құрылыстарында құбырларды және сорғы жабдықтарын күлден гидравликалық тазарту жүйелерін жөндеу. |
% |
100 |
100 |
100 |
|
Қалдықтарды қауіпсіз басқару |
||||
|
Қауіпті өндіріс қалдықтарын мамандандырылған ұйымдарға беру. |
Кәсіпорындар саны: % |
100 |
100 |
100 |
|
Қалдықтарды жинақтауыштағы (күл үйіндісіндегі) күл жағажайларын қалпына келтіру. |
% |
35 |
100 |
73 |
|
Аршылған жыныстарды уақытша ішкі үйінділерге орналастыру. |
млн.м3 |
28,0 |
26,0 |
30,8 |
|
Шығарылған құрғақ күлді сату. |
тонна |
14 461 |
11 000-нан кем емес |
4 271,6 |
|
Күл-қож қалдықтарын қайта пайдалануға беру. |
тонна |
4 116 |
5 000 |
53 656 |
|
Биоәртүрлілікті сақтау |
||||
|
Жаңа жобаларды жүзеге асыру кезінде жергілікті тұрғындар мен қауымдастықтардың қатысуымен қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалау. |
Кәсіпорындар саны: % |
100 |
100 |
100 |
|
Кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының аумағын көгалдандыру. |
% |
100 |
100 |
100 |
|
Құстардың жел қондырғыларына соқтығысуын апта сайын бақылау. |
ЖЭС саны: % |
100 |
100 |
100 |
|
Өлген балықтардың өзен бетіне шығуын апта сайын тексеру. |
СЭС саны: % |
100 |
100 |
100 |
|
Балық ресурстарын молықтыру (балық жіберу). |
% |
100 |
100 |
66,7 |
Компания белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды дәйекті түрде іске асырады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ЭҚБ-те көзделген 17 іс-шараның 13-і бойынша нысаналы мәндерге қол жеткізілді. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша ЭҚБ орындау деңгейі 76,5%-ды құрады.
4 іс-шара бойынша нысаналы мәндерге қол жеткізілмеді, бұл ретте 3 іс-шара бойынша орындалуы 2026 жылы аяқталады деп күтілуде:
- «Атмосфераға шығарылатын шығарындыларды (NOx, SO2, CO және шаң) бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу» - 2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіштің нақты орындалуы нысаналы мән 86% болғанда 71%-ды құрады. АБЖ 7 станцияның 5-еуінде орнатылды (3-ЖЭО – 2027 жылы). 2025 жылы қаржыландырудың болмауына байланысты Екібастұз ЖЭО-ға АБЖ орнатылмады. Қазіргі уақытта қаржыландыру көзі анықталды (Павлодар облысының облыстық бюджеті). Екібастұз қ. ТҮКШ бөлімімен бірлесіп ЭТРМ-мен келісілген АБЖ орнату бойынша Жол картасы әзірленіп, бекітілді, оған сәйкес орнатуды аяқтау 2026 жылға жоспарланған;
- «Қалдықтарды жинақтауыштағы (күл үйіндісіндегі) күл жағажайларын қалпына келтіру» - нақты орындалуы 100%-дың орнына 73%-ды (45/62 га) құрады. «Екібастұз 2-МАЭС» АҚ-да мердігер ұйым жұмыстарды орындамады. Мердігер оның себептері ретінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге ауа райының қолайсыздығы кедергі келтірді деп көрсетті. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылға жоспарланған.
- «Балық ресурстарын молықтыру (балық жіберу)» – іс-шара 3 СЭС-тің 2-еуінде орындалды (мақсат - 100%, орындалуы - 66,7%). Мердігер ұйымның шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты «Шүлбі СЭС АЭС» ЖШС-да 2025 жылға қатысты көлемді ескере отырып, 2026 жылға балық жіберуді жүргізу жоспарланған.
- «Шығарылған құрғақ күлді сату» - «Екібастұз 2-МАЭС» АҚ-да құрғақ күлді шығарудың нысаналы мәні кемінде 11 000 тонна болған жағдайда, нақты көлемі 4 271,6 тоннаны құрады. Мақсатты мәнге қол жеткізе алмаудың негізгі факторы тұрақты сұраныстың болмауы болып табылады. Әлеуетті сатып алушыларды іздеу жұмыстары жалғасуда.
Сақтық қағидаттары
«Самұрық-Энерго» АҚ-да жобаларды жоспарлау және іске асыру кезінде ықтимал салдарлар мен экологиялық тәуекелдерді бағалауға ерекше назар аударылады. Корпоративтік стандарттарға сәйкес, әрбір жоба үшін қоршаған ортаға тигізетін әсер мен ықтимал ұзақ мерзімді салдарларды қоса алғанда, тәуекелдерге мұқият талдау жүргізіледі.Тәуекелдерді бағалау инвестициялық жобалардың тәуекелдерін басқару жөніндегі ішкі регламенттерге сәйкес келетін білікті сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырылады.
Экологиялық саясатты іске асыру шеңберінде қоршаған орта үшін тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ағымдағы және күрделі сипаттағы іс-шаралар өткізіледі. Олардың тиімділігіне тұрақты бақылау жасалып, сондай-ақ экологиялық тәуекелдерді бағалау және басқару үшін құралдарды жетілдіріледі.
Экологиялық тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында қызметкерлерді ынталандыру және жауапкершілігін арттыру үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-да тиімділіктің экологиялық негізгі көрсеткіштері енгізілді, бұл экологиялық қауіпсіздікті неғұрлым тиімдірек басқаруға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мониторинг және ашықтық
Экологиялық жауапкершіліктің жоғары деңгейін ұстап тұру мақсатында Компания қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет туралы егжей-тегжейлі есептерді тұрақты негізде ұсынады. «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшелері мен Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бейінді комитетке тоқсан сайын, сондай-ақ Директорлар кеңесіне жыл сайын «Есепті кезеңдегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс туралы есепті» ұсынады.
2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында корпоративтік менеджмент жүйесінің ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001 және ISO 37001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігін растау бойынша сыртқы қайта сертификаттау аудиті сәтті өтті.
2025 жылы ауаны, су және жер ресурстарын, флораны, фаунаны және биоәртүрлілікті қорғауды қоса алғанда, жоспарланған табиғатты қорғау іс-шараларының 78%-ы іске асырылды.
«Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-ға автоматтандырылған шығарындыларды бақылау жүйесін» «ҚР ҚОжТРЖК ҰДҚ» - ге деректерді онлайн-режимде әр 20 минут сайын бере отырып енгізу басты жетістік болды.
Сонымен қатар, Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында 2025 жылға арналған ЕТҰ қызметкерлері арасында 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған орта күнін мерекелеуге орайластырылған бірқатар мәдени-ағартушылық және экологиялық іс-шаралар өткізілді. Негізгі іс-шараларға мыналарды жатқызуға болады:
- «Екібастұз 2-МАЭС» АҚ жұмыскерлерінің қатысуымен мынадай экологиялық акциялар: «Таза ғаламшар балалардың көзімен қарағанда» тақырыбында балалар суреті конкурсы, эко-арт-инсталляциялар конкурсы (қайталама материалдардан - пластикалық бөтелкелерден, макулатурадан, ескі дөңгелектерден арт – объектілер жасау), сондай-ақ «Ең жасыл кеңсе» конкурсы ұйымдастырылды;
- «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінің экологтары мен бас офисінің мамандары Алматы-Арасан шатқалындағы Ппоходная өзенінің бойындағы аумақты жинау бойынша "#Таза өзен – таза жан деген сөз» атты экологиялық акция өткізді, оның қорытындысы бойынша 20 қап қоқыс жиналды;
- «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-да экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қалдықтармен жауапты жұмыс істеу қағидаттарын ілгерілету мақсатында станция қызметкерлері арасында «Zero Waste: жасыл бағдар» экологиялық акциясы өткізілді;
- «Богатырь Көмір» ЖШС-да «Дүниежүзілік қоршаған орта күні» тақырыбында бейнероликтер мен балалар суреттерінің конкурсы ұйымдастырылды;
- «Energy Solutions Center» ЖШС (Екібастұз ЖЭО), «АЖК» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Өскемен СЭС АЭС» ЖШС, «Шүлбі СЭС АЭС» ЖШС және «БЖЭС» ЖШС кәсіпорындарында табиғатқа ұқыпты қарау және қызметкерлердің экологиялық ойлауын қалыптастыруды насихаттауға бағытталған әр түрлі тақырыптық іс-шаралар мен акциялар.
Самұрық-Энерго ұжымының жалпы қалалық сенбілікке қатысуы
2025 жылдың сәуір айында Астанада өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Самұрық-Энерго» АҚ ұжымы жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру болды.
Самұрық-Энерго қызметкерлері іс-шараға белсене қатысып, Астана қаласы С.Нұрмағамбетов көшесі мен Р.Қошқарбаев даңғылының қиылысындағы аумақты көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Бұл іс-шара қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға қосылған маңызды үлес болды және компанияның орнықты даму мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын тағы бір рет атап көрсетті.
Біз қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мүдделі тараптармен үнемі диалог жүргізіп отырамыз. Бұл бізге қабылданған шешімдер мен іске асырылған іс-шаралардың тиімділігін бақылауға, сондай-ақ экологиялық тәуекелдерді өзектендіруге мүмкіндік береді.
2025 жылы Компания екі жоба бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді, оның қорытындысы бойынша оң қорытындылар алынды.
Ақпараттың ашықтығы мен есептілік қағидатын басшылыққа ала отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық мәселелерді талқылау үшін жұртшылық, БАҚ, еріктілер және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен кездесулер, баспасөз конференциялары мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Бұл бастамаларға Компанияның топ-менеджерлері, сондай-ақ еншілес ұйымдар басшылығының өкілдері қатысады.
Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында 2025 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген ЕТҰ-ның 2025 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру шеңберінде жоспарланған табиғатты қорғау іс-шараларының 78%-ы орындалды. Қарастырылған 29,4 млрд теңгенің 23,2 млрд теңгесі игерілді. Экологиялық әсерді төмендетуге және экологиялық тиімділікті арттыруға бағытталған негізгі іс-шаралар мыналарды қамтыды:
- Жабдықты жаңарту: қазандық агрегаттарының оттықтарын жөндеу, шаң шығарындыларын азайту үшін электростатикалық сүзгілерді қайта құру.
- Өндірістік процестерді оңтайландыру: өндірістік мақсаттағы айналым жүйесін (багерді) жөндеу, шаң-газ тазарту қондырғыларына техникалық қызмет көрсету.
- Ластануды төмендету бойынша жүйелі шаралар: ластаушы заттар шығарындыларының автоматтандырылған мониторингін енгізу, қалдықтарды жинақтауыштағы (күл үйіндісіндегі) күл жағажайларының шаңын басу.
- Қалдықтарды ұтымды пайдалану: қалдықтарды кәдеге жарату, аршылған жыныстарды уақытша ішкі үйінділерге орналастыру, бұл сыртқы үйінділердегі аршылған жыныстардың көлемін 75,9 млн тоннаға төмендетуге мүмкіндік берді.
- Суды үнемдеу және ағынды суларды тазарту: нөсер және еріген суларды жинау, тазарту жүйесінің кешендеріне техникалық қызмет көрсету.
- Көгалдандыру және абаттандыру: кәсіпорындар аумағындағы жасыл екпелер аумағын ұлғайту.
- Жабдықтың сенімділігін арттыру: тораптарды жөндеу және режимдік карталарға сәйкес жабдықтың жұмыс режимін реттеу.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға жұмсаған инвестициясы, млрд теңге
|
Көрсеткіш |
2023 |
2024 |
2025 |
|
Табиғатты қорғауға арналған іс-шараларға жұмсалған шығындар |
24,4 |
14,4 |
23,2 |
Біз сондай-ақ эмиссиялар үшін (салық) нормативтік төлемдер бойынша 9 млрд теңгеден астам салық төледік.
Экологиялық бенчмаркинг
Экологиялық бенчмаркинг - бұл «Самұрық-Энерго» АҚ-ның экологиялық тиімділігін өз көрсеткіштерін саладағы жетекші компаниялардың нәтижелерімен салыстыру арқылы бағалау және басқару құралы. Бұл тәсіл экологиялық басқару және орнықты даму саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді. Осы талдау шеңберінде 2022-2025 жылдардағы жалпыға қолжетімді деректер пайдаланылды:
- −Бенчмаркинг үшін мынадай көрсеткіштер анықталды:
- − технологиялық және шаруашылық-ауыз су қажеттіліктері үшін тұщы суды пайдалану;
- − тікелей (Scope 1) және жанама (scope 2) парниктік газдар шығарындылары.
Экологиялық үрдісті анықтау үшін Қазақстан мен әлемнің энергетика саласының ірі компаниялары талданды, атап айтқанда:
- −ERG;
- −«ОАЭК» АҚ;
- −«ККС» ЖШС;
- −Enel Group;
- −«Интер РАО» ЖАҚ;
- −«РусГидро» ЖАҚ.
Өндірістік көрсеткіштер*
|
Компания |
2023 |
2024 |
2025 |
|||
|
Электр энергиясын өндіру, млрд кВт * сағ |
Белгіленген қуат, ГВт |
Электр энергиясын өндіру, млрд кВт * сағ |
Белгіленген қуат, ГВт |
Электр энергиясын өндіру, млрд кВт * сағ |
Белгіленген қуат, ГВт |
|
|
«Самұрық-Энерго» АҚ |
35,33 |
6,275 |
39,77 |
7,345 |
40,44 |
7,885 |
|
ERG |
19,16 |
3,387 |
18,87 |
3,387 |
18,68 |
3,525 |
|
«ОАЭК» АҚ |
5,59 |
1,318 |
5,75 |
1,306 |
5,78 |
1,306 |
|
«ККС» ЖШС |
6,11 |
1,067 |
6,24 |
1,067 |
5,76 |
1,067 |
|
Enel Group |
207,3 |
81,4 |
191,8 |
80,9 |
186,1 |
87,0 |
|
«Интер РАО» ЖАҚ |
126,7 |
30,8 |
131,6 |
31,2 |
128,1 |
31,2 |
|
«РусГидро» ЖАҚ |
140,9 |
38,5 |
144,8 |
38,6 |
142,5 |
38,7 |
* Көрсеткіштер ашық интернет көздерінен алынған ақпарат негізінде ұсынылады
Парниктік газдар шығарындылары (1,2 қамту)
|
Компания |
2023 |
2024 |
2025 |
|||
|
ПГ тікелей шығарындылары, млн тонна СO2экв (1 қамту) |
ПГ жанама шығарындылары, млн тонна СO2экв (2 қамту) |
ПГ тікелей шығарындылары, млн тонна СO2экв (1 қамту) |
ПГ жанама шығарындылары, млн тонна СO2экв (2 қамту) |
ПГ тікелей шығарындылары, млн тонна СO2экв (1 қамту) |
ПГ жанама шығарындылары, млн тонна СO2экв (2 қамту) |
|
|
«Самұрық-Энерго» АҚ |
33,01 |
0,011 |
32,70 |
0,009 |
35,06 |
0,005 |
|
ERG(1) |
29,3 |
0,1 |
29,6 |
0,1 |
29,2 |
0,03 |
|
«ОАЭК» АҚ(3) |
8,1 |
- (2) |
8,5 |
- (2) |
н/д |
н/д |
|
«ККС» ЖШС |
8,022 |
- (2) |
8,053 |
- (2) |
7,765 |
- (2) |
|
Enel Group(4) |
34,5 |
3,30 |
20,20 |
3,13 |
18,95 |
2,84 |
|
«Интер РАО» ЖАҚ(5) |
75,643 |
- (2) |
78,135 |
- (2) |
76,52 |
- (2) |
|
«РусГидро» ЖАҚ(4) |
32,05 |
- (2) |
38,491 |
- (2) |
40,466 |
0,282 |
(1) ERG энергия өндіруші активтерден басқа тау-кен және қайта өңдеу объектілеріне ие; 1-қамту өндірілген қызметтің барлық түрлерін қамтиды;
(2) Компаниялар 2 қамту шығарындылары туралы ақпаратты ашпады;
(3) «ОАЭК» АҚ тек CO2 бойынша 1-қамтудың шығарындыларын ашады;
(4) Enel Group және «РусГидро» ЖАҚ ЖЭК және СЭС объектілерін пайдалану негізінде энергия өндіреді, нәтижесінде ПГ шығарындылары мейлінше аз болып табылады;
(5) «Интер РАО» ЖАҚ портфелінде көмір өндірумен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларының төмендеуімен сипатталатын газ генерациясы (83%-дан астам) маңызды рөл атқарады.
Тұщы су жинау, млн м3
|
Компания |
2023 |
2024 |
2025 |
|
«Самұрық-Энерго» АҚ |
228,691 |
224,194 |
227,662 |
|
ERG |
1 947 |
1 966 |
1 981 |
|
«ОАЭК» АҚ |
30,63 |
26,74 |
н/д |
|
«ККС» ЖШС |
66,95 |
72,19 |
79,64 |
|
Enel Group |
55,0 |
43,4 |
46,8 |
|
«Интер РАО» ЖАҚ |
4 167 |
4 456 |
4 589 |
|
«РусГидро» ЖАҚ |
708,6 |
695,3 |
759,9 |
Үлестік көрсеткіштер
|
Компания |
2023 |
2024 |
2025 |
|||
|
м3/ мың. кВт * сағ |
тонна СO2экв / мың кВт * сағ |
м3/ мың кВт * сағ |
тонна СO2экв / мың кВт * сағ |
м3/ мың кВт * сағ |
тонна СO2экв / мың кВт * сағ |
|
|
«Самұрық-Энерго» АҚ |
6,47 |
0,93 |
5,64 |
0,82 |
5,63 |
0,87 |
|
ERG |
101,62 |
1,53 |
104,19 |
1,57 |
106,05 |
1,56 |
|
«ОАЭК» АҚ |
5,48 |
1,45 |
4,65 |
1,48 |
н/д |
н/д |
|
«ККС» ЖШС |
10,96 |
1,31 |
11,57 |
1,29 |
13,83 |
1,35 |
|
Enel Group |
0,27 |
0,18 |
0,23 |
0,12 |
0,25 |
0,12 |
|
«Интер РАО» ЖАҚ |
32,89 |
0,60 |
33,86 |
0,59 |
35,82 |
0,60 |
|
«РусГидро» ЖАҚ |
5,03 |
0,23 |
4,80 |
0,27 |
5,33 |
0,29 |
Бенчмаркингке кірген компаниялар белгіленген қуаттылығымен, электр энергиясын өндіру көлемімен, өндіруші қуаттардың құрылымымен және жүзеге асырылатын қызмет түрлерімен бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Осыған байланысты парниктік газдар шығарындыларының және тұщы су жинаудың үлестік көрсеткіштерін салыстырмалы талдау индикативті болып табылады.
2023-2025 жылдардағы салыстырмалы талдау нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ салыстырылатын энергетикалық компаниялар аясында көміртегі мен су тиімділігі бойынша тұрақты және бәсекеге қабілетті нәтижелерді көрсетуде.
Парниктік газдардың шығарындылары
2025 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның парниктік газдарының үлестік шығарындылары 0,87 тСО₂-экв/мың кВт*сағ. құрады. Көрсеткіш ERG (1,56) және «ККС» ЖШС (1,35) мәндерінен төмен болып қала береді. «Интер РАО» ЖАҚ (0,60), «РусГидро»ЖАҚ (0,29) және Enel Group (0,12) бұл ретте төменгі мәндерді көрсетеді, бұл оның ішінде генерациялаушы активтер құрылымындағы және пайдаланылатын отын түрлеріндегі айырмашылықтарға байланысты
2024 жылмен салыстырғанда «Самұрық-Энерго» АҚ-ның үлестік шығарындылары 0,82-ден 0,87 тСО₂-экв./мың кВт*сағ. дейін ұлғайды. Осымен бір мезгілде электр энергиясын өндіру 39,77-ден 40,44 млрд кВт•сағ-қа дейін, ал Scope 1 тікелей шығарындылары 32,70-тен 35,06 млн. млн тонн CO₂-экв. дейін өсті.
Суды пайдалану
2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның тұщы суды жинау көлемі 5,63 м3/мың кВт*сағ. құрады. Көрсеткіш ERG (106,05), «Интер РАО» ЖАҚ (35,82) және «ККС» ЖШС (13,83) мәндерінен едәуір төмен және «РусГидро» ЖАҚ-пен (5,33) салыстырмалы деңгейде. Қарастырылып отырған компаниялар арасында төмен мәнді Enel Group (0,25 м³/мың кВт*сағ) көрсетеді.
2024 жылмен салыстырғанда «Самұрық-Энерго» АҚ-ның үлестік көрсеткіші электр энергиясы өндіру өскен кезде 5,54-тен 5,63 м³/мың кВт*сағ. дейін шамалы өзгерді. Осылайша, 2025 жылы электр энергиясын өндірудің су сыйымдылығы жалпы алғанда өткен жылдың деңгейінде сақталды.
«Самұрық-Энерго» АҚ қоршаған ортаға тигізетін әсерді төмендету, көміртегі ізін азайту және табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Негізгі және қосалқы жабдықтарды жаңғырту, заманауи экологиялық технологияларды енгізу, ресурстық тиімділікті арттыру және еншілес ұйымдарда су пайдалануды оңтайландыру басым бағыттар болып қала береді.
tab2
Ластаушы зат шығарындылары
«Самұрық Энерго» АҚ атмосфералық шығарындыларды азайту жөніндегі міндеттемелерді іске асырады және ластаушы заттардың көлемін азайтуға бағытталған іс-шараларды дәйекті түрде жүргізеді. Қазба отынымен жұмыс істейтін және шығарындылардың жалпы деңгейіне айтарлықтай әсер ететін «Energy Solutions Center» ЖШС (Екібастұз ЖЭО), «1-МАЭС» ЖШС, «Екібастұз 2-МАЭС» АҚ, «АлЭС» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС сияқты кәсіпорындарда ауаның ластануын азайтуға ерекше назар аударылады.
Қоғам қадағалау органдары үшін міндетті есептілікпен рұқсат етілген ең жоғары шығарындылар нормативтерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Экологиялық стандарттарға сәйкестігіне кепілдік беру үшін Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы аясында ауа сапасына тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Атмосфералық ауаға шығарылатын шығарындылар ҚР экологиялық заңнамасымен қатаң регламенттеледі. Ластаушы заттардың шығарындылары өндірістік процестерге байланысты және уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген және арнайы рұқсат беру құжаттарында регламенттелген әзірленген жобалар мен нормативтерге сәйкес көлемде жүргізіледі.
«Energy Solutions Center» ЖШС (Екібастұз ЖЭО), «1-ЕМАЭС» ЖШС, «Екібастұз 2-МАЭС» АҚ, «АлЭС» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС кәсіпорындарында Өндірістік бақылау жоспар-кестесіне сәйкес азот тотығын, күкірт қос тотығын және шаң бөлшектерін қоса алғанда, түтінді газдардағы зиянды заттардың концентрациясы өлшенеді. Өлшемдер аккредиттелген зертханаларда орындалады, ал шығарындылар көлемін есептеу мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы пайдалана отырып жүргізіледі. Осы деректердің негізінде «Атмосфералық ауаны қорғау туралы есеп» (№2 ТП (ауа) нысаны) қалыптастырылады.
Шығарындылар деңгейін азайту үшін жабдықтың тиімділігі үнемі бағаланады, қажет болған жағдайда технологиялық жақсартулар енгізіледі. Кәсіпорындар шығарындыларға, ағынды суларға және қалдықтардың пайда болуына әсер ететін жабдықтың техникалық параметрлерін үнемі бақылайды.
Жаңа нысандарды жобалау кезінде атмосфералық ауаға тигізетін әсерді азайтуға бағытталған факторлар ескеріледі. Павлодар облысында іске асырылып жатқан жобаларда объектілерді отын көздеріне жақын орналастыруға баса назар аударылады, бұл көмірді тасымалдауға байланысты тәуекелдерді азайтады. Сонымен қатар, түтін құбырларының оңтайлы биіктігі рельефтің ерекшеліктерін, желдің бағытын және елді мекендерге дейінгі қашықтықты ескере отырып таңдалады, бұл шығарындылардың біркелкі таралуын қамтамасыз етеді
Отын станциялары мен қазандықтардың аумағында («1-ЕМАЭС» ЖШС, «Екібастұз 2-МАЭС» АҚ, «АлЭС» АҚ, «Богатырь-Көмір» ЖШС және Екібастұз ЖЭО) орналасқан қазандық агрегаттары, май шаруашылығы, мазут шаруашылығы, күл үйінділері және басқа да объектілер Компаниядағы ластаушы заттар шығарындыларының негізгі көздері болып табылады. Бұл кәсіпорындарда отын жағу кезінде пайда болатын негізгі ластаушы заттар - азот тотықтары (NOx), күкірт қос тотықтары (SO2), шаң, көміртегі тотығы (CO) және ұшпа органикалық қосылыстар.
2025 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының атмосфераға шығаратын шығарындылары белгіленген рұқсат етілген шекті мәндерден аспады және 339 962 тоннаны құрады.
Өнім бірлігіне шаққанда атмосфераға шығарылатын ЗВ үлестік шығарындыларының динамикасы, г/кВт*сағ
|
2023 |
2024 |
2025 |
Δ 2025/2024, % |
|
9,5 |
8,2 |
7,8 |
-4,8 |
2025 жылдың қорытындысы бойынша атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың үлестік шығарындылары 2024 жылмен салыстырғанда 4,8% - ға төмендеді.
Көрсеткіштің төмендеуі «1-ЕМАЭС» ЖШС-да пайдаланылатын көмірдегі жұмыс күкіртінің орташа құрамының 21% - ға (0,57%-дан 0,45%-ға дейін) төмендеуіне байланысты. Бұл динамика «Богатырь Көмір» ЖШС кен орнының көміртекті шөгінділерінің геологиялық жатып қалу ерекшеліктеріне байланысты.
Ластаушы заттар шығарындыларының көлемі, тонна
|
Ластаушы заттар |
2024 |
2025 |
|
NOx |
75 989,0 |
76 373,7 |
|
Sox |
216 182,4 |
204 127,8 |
|
Қатты бөлшектер |
49 724,9 |
52 038,0 |
|
CO |
6 520,4 |
7 170,9 |
|
Ұшпа органикалық қосылыстар (ҰОҚ) |
169,8 |
218,8 |
|
Басқа газ тәрізді заттар |
19,3 |
32,4 |
|
Тұрақты органикалық ластаушы заттар (ТОЛЗ) |
0 |
0 |
|
Барлығы |
348 605,8 |
339 961,6 |
2026 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар
2026 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы экологиялық стратегияны іске асыруды және ең үздік қолжетімді технологияларға (ҚЖТ) көшуді жалғастырады.
Негізгі бағыттар:
- «1-ЕМАЭС» ЖШС, «Екібастұз 2-МАЭС» АҚ және «АлЭС» АҚ-да шаң, азот тотықтары (NOx) және күкірт (SOx) шығарындыларын азайтуға баса назар аудара отырып, түтінді газдарды тазартудың заманауи технологияларын зерделеу.
- ҚЖТ-ны енгізу және жаңғырту жоспарларын қалыптастыру бойынша оңтайлы шешімдерді анықтау үшін технологиялық аудиттер жүргізу.
- Суды пайдалану тиімділігін арттыру және экологиялық жүктемені азайту үшін «№3,4 энергия блоктарын салу арқылы Екібастұз 2-МАЭС-ті кеңейту және реконструкциялау» жобасы шеңберінде тұнған суды кәдеге жарататын сорғы станциясын салу.
Осы іс-шараларды іске асыру қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайтуға және өндірістік активтердің экологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған
tab3
Суды жауапкершілікпен пайдалану
«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметінің су ресурстарына ықтимал әсерін анықтау және әсерін болдырмау бойынша жұмыс жүргізеді. Қоғам экологиялық ережелерді сақтау үшін өндіріс орындарында су ресурстарын жинау және пайдалануды мұқият бақылайды.
«Energy Solutions Center» ЖШС (Екібастұз ЖЭО), «1-ЕМАЭС» ЖШС, «Екібастұз 2-МАЭС» АҚ, «АлЭС» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, «Шүлбі СЭС АЭС» ЖШС, «Өскемен СЭС АЭС» ЖШС және «АЖК» АҚ-ны қоса алғанда, біздің еншілес компаниялар су тапшылығы бар өңірлерде су ресурстарын пайдаланбайды, алайда біз суды пайдалануды тұрақты басқаруға барынша мән береміз. Бұған тәуекелдерді бағалау және таза суды тұтынуды мейлінше азайту және олардың табиғатқа қауіпсіз оралуын қамтамасыз ету үшін ағынды суларды тиімді тазарту стратегияларын енгізу кіреді.
Біздің компаниямыздағы су ресурстарын басқару ҚР Су кодексіне және су ресурстарын тиісті қорғауды қамтамасыз ете отырып, негізгі рұқсат беру құжаттарына сәйкес келеді.
Су ресурстарын басқарудағы негізгі қағидаттар
- Суды жауапкершілікпен пайдалану және тұрақты су балансын сақтау;
- Барлық су жинау орындарын, соның ішінде делдалдар арқылы бағалау және есепке алу;
- Су ресурстарын пайдалануды оңтайландыру стратегияларын үздіксіз жақсарту;
- Өндірістік мақсатта ауыз суды пайдалануды барынша азайту;
- Су жинау және су бұру үшін есепке алу аспаптарын жыл сайын тексеру, олардың бар-жоғын, жұмысқа жарамдылығын тексеру, сондай-ақ реттеуші органдар тарапынан уақтылы калибрлеу және пломбалау;
- Су ресурстары тапшылығы бар аймақтардағы қызмет тоқтату, бұл біздің экологиялық жауапкершілігімізді көрсетеді.
Біз сапалы ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен белсенді жұмыс істейміз. Диалогқа ашықтық біздің қызметіміздің жергілікті су ресурстарының жай-күйіне тигізетін әсеріне қатысты азаматтардың өтініштерін мұқият қарауға мүмкіндік береді.
Компания үшін су ресурстарының негізгі көздері: Бестөбе су қоймасы (Мойнақ ГЭС), Шардара су қоймасы (Шардара СЭС), Шүлбі су қоймасы (Шүлбі СЭС), Өскемен су қоймасы (Өскемен СЭС), Қ.Сәтбаев атындағы су арнасы («Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-САЭС» ЖШС, «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ), Шідерті су арнасы («Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ), Үлкен Алматы көлі және Үлкен Алматы өзенінің бассейні (СЭС каскады), Қапшағай су қоймасы (Қапшағай КЭС).
2025 жылы өндірістік және шаруашылық-ауыз су қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Энерго» АҚ ЕТҰ су жинау көлемі – 71 637 863 мегалитрді құрады. Бұл ретте 99%-ы электр энергиясын өндіру үшін, атап айтқанда МАЭС пен ЖЭО-дағы бу-су циклі үшін және СЭС-тегі гидротурбиналарды іске қосу үшін пайдаланылады.
Электр энергиясын өндіру үшін тұщы суды пайдалану динамикасы, мегалитрлер
|
Көрсеткіш |
2023 |
2024 |
2025 |
|
МАЭС, ЖЭО |
230 694 |
226 204 |
229 201 |
|
СЭС |
63 363 820 |
79 874 982 |
71 408 662 |
2025 жылы су тұтыну көлемі 147 346 мегалитрді құрады.
Су ресурстарын сақтау стратегиясы шеңберінде біз Екібастұз ЖЭС-те жинақтаушы су қоймалары-салқындатқыштары мен тікелей ағынды күлді жою жүйелерін қоса алғанда, сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін белсенді пайдаландық. Алматы ЖЭО-да салқындатқыш мұнаралары бар айналма салқындату жүйелері қолданылды, сондай-ақ күл үйінділерінен су пайдаланылды, бұл суды пайдалану тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға ықпал етті.
Бірнеше рет және қайта пайдаланылатын судың көлемі, мегалитрлер
|
Көрсеткіш |
2023 |
2024 |
2025 |
|
Қайта пайдаланылатын су көлемі |
8 328 |
12 358 |
11 635 |
|
Айналма су көлемі |
3 490 881 |
3 541 091 |
3 919 954 |
Суды бұру
Біз су экожүйелеріне тиетін теріс әсерді азайту үшін ағынды суларды өңдеудің жоғары стандарттарын ұстанамыз. «Самұрық-Энерго» АҚ ағынды суларды ағызудың белгіленген лимиттерінен аспауға және биологиялық әртүрлілік пен табиғи мекендеу орындарын қорғауға мүмкіндік беретін нормативтерді сақтауға ұмтылады.
2025 жылы Компания 71 490 517 мегалитр суды бұрды
ЕТҰ-ның өндірістік және шаруашылық қызметі процесінде ағынды сулардың екі санаты пайда болады:
- Жалпы көлемнің 99%-дан астамы күлді сумен тазарту жүйесінің ағынды суларынан, сондай-ақ тазартудан өткен және ЖЭО техникалық тораптарын салқындату үшін пайдаланылатын сулардан, сондай-ақ СЭС-те электр энергиясын өндіру үшін қолданылатын сулардан тұрады.
- Жалпы көлемнің 1%-ға жетпейтін бөлігі әкімшілік ғимараттардан, асханалардан және қызметтік үй-жайлардан жиналған шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулардан тұрады.
Ағынды суларды тазарту заманауи физика-химиялық және биологиялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Рұқсат етілген төгінділердің стандарттарын әзірлеу 2021 жылғы наурызда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бекіткен әдістемеге негізделеді. Тазартылған ағынды сулардың сапасын экологиялық ережелерді сақтай отырып, сертификатталған зертхана бақылайды.
Жер үсті су ресурстарының сапасын бағалау жалпы және арнайы индикаторлар бойынша жүргізіледі. Жалпы индикатор минералдану, РН, қаттылық және басқа параметрлерді қамтиды, ал арнайы индикатор химиялық және биохимиялық тұтыну оттегісі, мұнай өнімдері, аммоний тұздары, нитраттар, фосфаттар және басқа ластаушы заттарды қамтиды.
2025 жылы шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулардың төгінділерінде ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануынан асып кету бойынша бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.
tab3333
Қалдықтарды басқару
Қалдықтарды жауапкершілікпен өңдеу «Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Біз ресурстарды тиімді пайдалануға және электр энергиясын өндіруден бастап нысандарды пайдалануға дейінгі қызметіміздің барлық кезеңдерінде қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға ұмтыламыз.
Компания қалдықтармен жұмыс істеу бойынша жұмысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырады, оның ішінде пайда болған, өңделген, кәдеге жаратылған, залалсыздандырылған, басқа тұлғаларға берілген немесе басқа тұлғалардан алынған, сондай-ақ орналастырылған қалдықтардың есебін жүргізеді. Деректер тоқсан сайын және жыл сайын жинақталады.
Қалдықтарды басқару тек белгіленген стандарттар мен рәсімдерге, соның ішінде:
- Қоршаған ортаны қорғауды басқарудың корпоративтік стандартына
- Қалдықтарды басқару бағдарламаларына
- Қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған.
ЕТҰ-да қалдықтарға түгендеу жүргізілді және қалдықтардың әрбір түрі үшін қауіптілік сыныбын, уыттылығын, физикалық жай-күйін және басқа да сипаттамалары ескерілетін оларды жинақтау әдістері әзірленді.
Қауіпті қалдықтар мамандандырылған кәдеге жаратуды қажет етеді, ал қауіпті емес қалдықтар бөлек жиналып, қайта өңделеді. Қалдықтарды бөлек жинау үшін сәйкестендіруге ыңғайлы болу үшін таңбаланған контейнерлері мен металл ыдыстары бар арнайы пункттер мен аймақтар жабдықталған. Сондай-ақ көмуге жатпайтын қалдықтар мен қайталама шикізатқа қайта өңдеуге жарамды материалдар үшін критерийлер белгіленді.
«Богатырь Көмір» ЖШС сыртқы үйінділерде орналастырылатын аршу жыныстарының көлемін азайта отырып, қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайту бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Компания «Северный» және «Богатырь» карьерлерінің қазылған кеңістіктерін оларды ішкі үйінділер ретінде пайдалану үшін бейімдеу жоспарларын әзірлеуде. Құрамында көміртегі бар жыныстардың тотығуын және өздігінен жануын болдырмау үшін үйінділердің беткі қабатын оқшаулау және тығыздау үшін инертті материалдар қолданылады.
«1-МАЭС» ЖШС, «Екібастұз 2-МАЭС» АҚ, «АлЭС» АҚ күл – қож қалдықтары шаңды басу бойынша іс-шараларды қамтамасыз ете отырып күл үйінділерінде - Екібастұз МАЭС кемер түбіне, «АлЭС» АҚ-да топырақ қабатымен жабылатын және көпжылдық шөптер мен бұталарды отырғызатын бірегей аралас технология бойынша көміледі. Біз жыл сайын күл үйінділерінің пайдаланылған бөліктерін қалпына келтіреміз. Бұдан басқа, кәдеге жаратумен қатар, күл-қожды автомобиль жолдарын салу және құрылыс материалдарын өндіру кезінде одан әрі пайдалану үшін қайта өңдеу жүргізіледі.
«Самұрық-Энерго» АҚ-да СЭС және ЖЭК объектілерін дамыту өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы күл-қож қалдықтарының мөлшерін азайтуға ықпал етеді.
Қауіпті қалдықтарға өнеркәсіптік және өндірістік қалдықтар (аккумуляторлар, құрамында сынабы бар шамдар, пайдаланылған майлар мен техникалық сұйықтықтар, жанар-жағармай материалдары, бояғыштар, шайырлар, лактар, бояулар және т.б.) жатады.
2022-2025 жылдар аралығында «АлЭС» АҚ-да 278,2 кг пайдаланылған батареялар жиналып, кәдеге жаратуға берілді.
«Energy Solutions Center» ЖШС (Екібастұз ЖЭО), «1-МАЭС» ЖШС, «Екібастұз 2-МАЭС» АҚ, «АлЭС» АҚ және «Богатырь-Көмір» ЖШС өз жұмыстары барысында радиоактивті қалдықтар түзбейді. Әр тоқсан сайын радиациялық бақылау жүргізіледі және нәтижелер радиация деңгейлері қолданыстағы радиациялық қауіпсіздік шараларының тиімділігін растай отырып, 2,5 мкЗв/сағ қауіпсіз стандарт шегінде қалатынын көрсетеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мердігерлердің жұмысына бақылау жүргізеді. Сатып алу рәсімдерін өткізу кезеңінде қатысушылардың қалдықтардың әрбір түрімен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензиясының, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс істеуге арналған материалдық-техникалық базасының болуы тексеріледі. Мердігерлер ҚР экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауды міндетіне алатын шарттарға қол қояды.
«Самұрық-Энерго» АҚ мүдделі тараптармен үздіксіз диалог жүргізеді: кез келген адам біздің қызметіміздің экологиялық аспектілеріне арнайы кері байланыс арналары арқылы алаңдаушылық білдіре алады. Барлық өтініштер ресми тіркеледі және қаралады.
«Самұрық-Энерго» АҚ кәсіпорындары қалдықтарының жалпы көлемі, тоннамен
|
Көрсеткіш |
2023 |
2024 |
2025 |
|
Барлық пайда болған қалдықтар, оның ішінде |
98 499 049 |
108 956 407 |
115 771 719 |
|
Қауіпті |
1 752 |
661 |
747 |
|
Қауіпсіз |
98 497 297 |
108 955 746 |
115 770 972 |
|
оның ішінде өндіріс ерекшелігіне тән қалдықтардың негізгі түрлері бойынша |
98 474 212 |
108 928 448 |
115 742 427 |
|
күл-қож қалдықтары |
8 853 230 |
8 949 355 |
8 065 268 |
|
аршылған жыныстар |
89 620 982 |
99 979 093 |
107 677 159 |
tab4444
Биоәртүрлілікті сақтау
«Самұрық-Энерго» АҚ биоәртүрлілікті сақтау үшін өзінің жауапкершілігін терең түсінеді. Біз тек «нөлдік таза шығынға» ғана емес, сонымен қатар барлық операцияларымызда биоәртүрлілікке «оң таза әсерге» қол жеткізуге тырысамыз. Бұған жаңа нысандар салу, қолданыстағы қондырғыларды жаңарту және пайдалану, сондай-ақ оларды кейіннен жою кіреді.
Биоәртүрлілікті сақтау мен қорғаудың негізгі бағыттары:
- Өндіріс процесінде қоршаған ортаға тигізетін экологиялық әсерді төмендететін озық технологияларды енгізу.
- Өндірістік аймақтарға іргелес аумақтарда биоәртүрлілікті қорғау мен сақтау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру.
- Экожүйелерге төнетін қауіп-қатерді жедел анықтау және жою мақсатында қоршаған ортаның жай-күйін үнемі бақылау.
Өндірістік қызметті кеңейту немесе жаңғыртуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес Компания экологиялық жүйеге ықтимал әсерге, сондай-ақ біздің өндірістік нысандар орналасқан өңірдің биологиялық әртүрлілігіне талдау жүргізеді. Басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Компания барлық ниет білдірушілердің жобалық материалдарға қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады.
Энергия өндіруден бастап жабдықты пайдаланудан шығаруға дейінгі барлық аспектілерде біз табиғи экожүйелерді қорғау және жақсарту бойынша белсенді жұмыс істейміз.
Осы жұмыс шеңберінде жабайы табиғатты қорғау жөніндегі жобалар іске асырылуда, ғылыми және зерттеу институттарымен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен ынтымақтастық жолға қойылуда. Халықаралық табиғатты қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылдың бір мысалы - «Мойнақ СЭС» АҚ-ның Қазақстандағы БҰҰДБ сарапшыларымен бірлесіп іске асырылатын Шарын өзеніндегі реликті шаған тоғайын сақтау жөніндегі жобасы болып табылады.
2025 жылы ЕТҰ қызметінің осал экожүйелер мен биоәртүрлілікке айтарлықтай тікелей немесе жанама әсері болған жоқ.
Биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі іс-шаралар
- Жеке су электр станцияларындағы су экожүйелерін қорғау үшін гидротурбиналар балық қорғау құрылғыларымен жабдықталған, ал қараңғы уақытта балықты қорқыту үшін су жинақтауыштарды жарықтандыру қолданылады.
- Әуе электр беру желілерінің (ЭБӘЖ) тіректеріне демалуға қонатын құстардың өлімін азайту үшін «АЖК» АҚ құстарды траверске отырғызуға кедергі келтіретін оқшауланған сымдар мен арнайы сымдарды орната отырып, тіректерді қайта құру бойынша жобаларды іске асыруда.
- Жобалау алдындағы және жобалау сатыларында жел энергетикалық қондырғылардың (ЖЭК) қоршаған ортаға әсерін азайту көзделеді. Осылайша, жарықтың ластануының тірі тіршілік иелерінің биоритмдеріне әсерін азайту, сондай-ақ биоәртүрлілікті сақтау және толықтыру үшін біз ЖЭК жарықтандыруды ауқымды шамдарды қолдануға дейін азайтамыз.
- Аумақты көгалдандыру, жасыл алаңдарды ұлғайту.
- Өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде тұрақты зертханалық зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр, оның мақсаты Компания қызметінің қоршаған ортаға әсерін бақылау және бағалау болып табылады.
- Күл үйінділерінің пайдаланылған аумақтарын қалпына келтіру жобалануда, бұл оларды қалпына келтіру мен экологиялық қауіпсіз және функционалды аймақтарға айналдыруды қамтиды.
Балықтарды молайтуды қалпына келтіру
Қапшағай және Шүлбі СЭС су биоресурстарын ұдайы молайту жөніндегі іс-шараларды іске асыра отырып, өңірлердің экологиялық теңгерімін сақтауға үлес қосуды жалғастыруда. 2025 жылы экологиялық акция аясында Қапшағай және Шүлбі су қоймаларына барлығы 82 210 жас тұқы жіберілді. Балықты жіберетін орынды таңдау ғылыми ұйыммен мұқият келісілді, бұл осы процес үшін оңтайлы орынды анықтауға мүмкіндік берді.
Мұндай экологиялық акцияларды өткізу су қоймасындағы балықтың теңгерімін сақтауға оң әсер етеді және тұтастай алғанда аймақтың экожүйесін сақтауға ықпал етеді.
Біз өз қызметіміздің қоршаған табиғи ортаға әсерін азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға ерекше назар аударамыз. Бұл тұрғыда қалпына келтірілген аумақтардың экологиялық құндылығын қалпына келтіруге ғана емес, сонымен қатар биологиялық әртүрлілікті қолдауға және бірегей экожүйелерді қорғауға ерекше назар аударылады.
Экологиялық кодекске сәйкес, біз операциялық қызмет барысында пайда болатын қалдықтарды орналастыру үшін мамандандырылған аумақтар болып табылатын күл үйінділерін жою бойынша заңды міндеттемелерді орындаймыз.
2025 жылы Қордың күл үйінділерін жою үшін бағалау құны 3 345,2 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 10,5%-ға төмен. Төмендеу резервті пайдалануға, сондай-ақ инфляция мөлшерлемелері мен есепті күнге дисконттау мөлшерлемелерін қайта қарауға байланысты.
Күл үйінділерін жоюға арналған резервтің баланстық құны, млн теңге
|
2024 |
2025 |
Δ 2025/2024, % |
|
3 739,3 |
3 345,2 |
10,5 |
«Самұрық-Энерго» АҚ өзінің қатысы бар өңірлерде тақырыптық конференциялар, бетпе-бет кездесулер, баспасөз мәслихаттары, телефон арқылы келіссөздер, қоғамдық тыңдаулар, сондай-ақ сауалнамалар өткізу мен қабылдауды зерттеу сияқты өзара іс-қимыл нысандарын пайдалана отырып, Қоғам нысандарын жоюдың ерте кезеңдерінде халықпен, жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен және басқа да мүдделі тараптармен жан-жақты ынтымақтастыққа және өзара іс-қимылға дайын.
tab1111
«Самұрық-Энерго» АҚ климаттық күн тәртібі шеңберінде 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптық жөніндегі ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге үлес қосуға ұмтылады. Осыған байланысты Компания «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2060 жылға дейінгі энергияға көшу бағдарламасын әзірледі.
Компанияның энергияға көшуінің негізгі драйверлері климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық үрдістер болды, соның ішінде:
1) 2015 жылдың желтоқсанында қабылданған және бүкіл әлем мемлекеттерін парниктік газдар шығарындыларын азайтуға ынталандыруға, сол арқылы жер атмосферасы температурасының 2℃-ден жоғары көтерілуін тежеуге үлес қосуға бағытталған Париж климаттық келісімі.
2) Халықаралық көміртекті реттеу және «Еуропаның жасыл пактісі» (European Green Deal) шеңберінде ЕО-да «Carbon Border Adjustment Mechanism» (CBAM) трансшекаралық көміртегі механизмін енгізу.
3) БҰҰ-ның жаһандық 17 тұрақты даму мақсаттарын, соның ішінде климаттың өзгеруіне қарсы күреске және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мақсаттарды ұстанушылық.
4)2021 жылғы 01 шілдеден бастап ҚР Экологиялық кодексін қатаңдату, оның шеңберінде атмосфераға парниктік газдар шығарындылары бойынша талаптар күшейтіліп, ҚР шығарындыларымен сауда жүйесі енгізілді.
5) Қазақстанның Метан шығарындыларын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылуы (Мемлекет басшысының 2023 жылғы желтоқсанда Дубайда өткен COP28 Дүниежүзілік Климаттық саммитіндегі мәлімдемесі).

tab1112
Энергияға көшу бағдарламасының мақсаты мен бағыттары
Компания генерациялау құрылымындағы ЖЭК және СЭС үлесін ұлғайту, төмен көміртекті технологияларды (CCUS, таза көмір технологияларын пайдалану және т.б.) пайдалану, энергия тиімділігін арттыру, офсеттік механизмдерді пайдалану және т. б. арқылы төмен көміртекті даму үшін мақсаттар қояды және ұзақ мерзімді пайымды әзірлейді. Климаттың өзгеруін шектеу жөніндегі жаһандық трендтердің маңыздылығына және дәстүрлі генерацияға негізделген қызметпен ұштасатын тәуекелдерге байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ 2060 жылға дейінгі кезеңде Стратегиялық миссияны ұстана отырып, қоршаған ортаға өзінің теріс әсерін барынша азайтуға ұмтылатын болады:
«Біз елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз және орнықты даму мен ресурстарды тиімді басқару қағидаттарын ұстану арқылы энергияға жеделдетіп көшуге ықпал етеміз».
Бағдарламаның мақсаты - 2060 жылға қарай Компанияның таза көміртегі ізін азайту.
Энергияға көшу бағдарламасының негізгі бағыттары мен міндеттері:

- ЖЭС және СЭС салу және кеңейту
- Күн энергетикасын дамыту
- Геотермалдық энергетиканы дамыту
- Сутегі энергетикасын дамыту
- Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту

- Көмір ЖЭС-ін газға көшіру арқылы СО2 шығарындыларын азайту

- Энергетикалық желілерді жаңғырту және Smart Grid енгізу
- Энергияны жинақтау және маневрлік генерация жүйелерін дамыту

- Көмірді байыту және газға көшіру технологияларын енгізу
- Көміртекті ұстау және сақтау жүйелерін енгізу (CCUS)
- Энергия тиімділігі мен ресурстарды үнемдеуді арттыру
- «Жасыл» көлікті дамыту
- Көміртекті фермаларды құру және офсеттік жобаларды жүзеге

- Карбонды есепке алуды және цифрлық мониторинг жүйесін дамыту
- ҚР нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру
- «Жасыл» қаржыландыруды тарту
- ESG критерийлеріне сәйкестікті қамтамасыз ету
- Өндірісті оқшаулау
Ағымдағы Бағдарлама және таңдалған бағыттар аясында Компания дамудың үш мүмкін болатын сценарийін қарастырады:
1) Business as usual (бизнес как обычно, далее – BAU) - (әдеттегідей бизнес, бұдан әрі – BAU) - негізгі сценарий айтарлықтай технологиялық жетістіктер мен жаңа климаттық саясаттар болмаған кезде Компанияның дамуын модельдейді
2) Декарбонизация – көміртегі ізін кезең-кезеңімен азайтуды көздейтін орташа декарбонизация сценарийі. Бұл сөзсіз мақсатты сценарий және оқиғаларды дамытудың оңтайлы нұсқасы болып табылады.
3) Терең декарбонизация – қысқа мерзімде көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің өршіл жоспары. Шартты мақсатты болып табылады және қосымша шарттармен жүзеге асырылуы мүмкін.
Графикте үш сценарий бойынша ПГ төмендету бойынша жиынтық динамика ұсынылған. Графикте үш сценарий бойынша ПГ-ның төмендеуі бойынша жиынтық динамика ұсынылған.

Компания өзі үшін дамуды 2050 жылы көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің нәтижесімен терең декарбонизация сценарийі бойынша анықтады.
Қосымша ақпаратпен Сіз қоса тіркелген материалдар арқылы таныса аласыз.
tab1113
Компания стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудің ақылға қонымды кепілдігін қамтамасыз ету үшін климаттық тәуекелдерді басқару мәселелеріне көп көңіл бөледі. «Самұрық-Энерго» АҚ климаттық тәуекелдерді басқару үшін кең ауқымды іс-шараларды іске асырады. Климаттың өзгеру тәуекелдерін бағалау Компания стратегиясын әзірлеу, инвестициялық жобаларды бағалау, жылдық және орта мерзімді жоспарларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын жағдайларды қалыптастыру кезінде ескеріледі.
Бағдарламаның даму сценарийлерін талдау аясында Компания климаттық физикалық және климаттық өтпелі тәуекелдерді анықтады.
Неғұрлым егжей-тегжейлі ақпаратпен Сіз қоса тіркелген материалдар арқылы таныса аласыз («Энергияға көшу бағдарламасы» кіші бөлімін қараңыз)
tab4446
- Кіріспе
Парниктік газдар шығарындылары бойынша корпоративтік есептіліктің ашықтығын, дәлдігін және толықтығын арттыру мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы парниктік газдардың жанама шығарындыларын есепке алуды (Scope 3) қамтуды дәйекті түрде кеңейтеді.
2025 жылы құн тізбегіне байланысты жанама шығарындыларға кешенді түгендеу жүргізілді. Жұмыс көміртегі ізін басқару жүйесін жетілдіруге, шығарындыларды азайту әлеуетін анықтауға және халықаралық тұрақты даму стандарттарына сәйкестікті арттыруға бағытталды.
2023-2025 жылдардағы парниктік газдар шығарындыларының динамикасы
Топтың көміртегі ізі туралы жан-жақты түсінік алу үшін төменде Scope 1, Scope 2 және Scope 3 бойынша парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының динамикасы берілген.
|
Көрсеткіш, млн тCO₂-экв. |
2023 |
2024 |
2025 |
|
ПГ тікелей шығарындылары (Scope 1) |
33,010 |
32,699 |
35,061 |
|
ПГ жанама энергетикалық шығарындылары (Scope 2) |
0,0114 |
0,0085 |
0,0048 |
|
ПГ басқа жанама шығарындылары (Scope 3) |
– |
0,548 |
0,731 |
- Әдістемелік база
Есептеулер халықаралық деңгейде танылған стандарттар мен ұлттық нормативтік актілерге сәйкес жүргізілді, соның ішінде:
- Парниктік газдар шығарындыларының хаттамасы. Scope 3 шығарындыларын есептеуге арналған техникалық нұсқаулық (WRI және WBCSD).
- ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 19.07.2021 ж. № 260 экономиканың реттелетін секторларындағы бенчмарктердің тізбесін бекіту туралы бұйрығы.
- ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 ж. № 9 бұйрығы, оның ішінде:
- 2-қосымша — ЖЭС, ЖЭО қазандықтарынан және қазандықтардан бөлінетін ПГ шығарындыларын есептеу әдістемесі;
- 8-қосымша — көмір өндіру кезіндегі ПГ шығарындыларын есептеу әдістемесі.
- КӨҮСТ (Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сараптау тобы) ПГ ұлттық түгендеу бойынша басшылыққа алынатын қағидаттар (IPCC), 2006 — 2-том, 4-тарау «Ұшпа шығарындылар».
- Шығарындылар коэффициенттерінің халықаралық электрондық базалары, соның ішінде:
Қолданылған әдістер деректердің салыстырмалылығын, есептеулердің ашықтығын және жанама шығарындылардың барлық тиісті санаттарын есепке алудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
- Жүйенің шекаралары және Scope 3 санатының қолдануға жарамдылығ
Scope 3 тікелей операциялық бақылау аймағынан тыс жерде пайда болатын, бірақ ұйымның қызметіне байланысты жанама шығарындыларды қамтиды. Жүйенің шекаралары шикізат өндіру мен өндіруден бастап тасымалдауға, пайдалануға және кәдеге жаратуға дейінгі өнімдер мен қызметтердің толық өмірлік циклімен анықталады.
Түгендеу Топтың мынадай еншілес және тәуелді ұйымдарының шығарындыларын қамтыды:
- «1-МАЭС» ЖШС
- «Екібастұз 2-МАЭС» АҚ
- «АлЭС» АҚ
- «АЖК» АҚ филиалы - «Энергосбыт»
- «Богатырь Көмір» ЖШС
- «Мойнақ СЭС» АҚ
- «Шардара СЭС» АҚ
- «Өскемен СЭС» ЖШС
- «Шүлбі СЭС» ЖШС
- «БЖЭС» ЖШС
- «Samruk Green Energy» ЖШС
- «Самұрық-Энерго» АҚ Бас офисі
- 2025 жылғы есептеулерге енгізілген Scope 3 шығарындыларының санаттары
Жанама шығарындыларды бағалау GHG Protocol-ға сәйкес барлық тиісті санаттар бойынша жүргізілді. Есептеулерге мынадай санаттар енгізілді:
- Сатып алынған тауарлар мен қызметтер
- Сатып алынған күрделі тауарлар (жабдықтар)
- Scope 2-ге енгізілмеген энергия «Богатырь Көмір» ЖШС және «АЖК» АҚ-ға қатысты)
- Сатып алынған тауарларды тасымалдау және тарату
- Қызмет барысында түзілетін қалдықтар
- Іскерлік сапарлар
- Қызметкерлерді тасымалдау (жұмыс орнына дейін/жұмыс орнынан)
- Сатылған өнімді тасымалдау және жеткізу (upstream) — «Богатырь Көмір» ЖШС-ға қолданылады
- Сатылған өнімді пайдалану — «Богатырь Көмір» ЖШС-ға қолданылады
- Категория 13 — «Самұрық-Энерго» АҚ Бас кеңсесіне жалға берілген активтер
Маңызды емес немесе қолданылмайтын деп танылған санаттар
Талдау нәтижесінде мынадай санаттар үшін сәйкестіліктің жоқтығы анықталды:
- 8-санат - жалға алынған активтер (upstream)
- 10-санат - сатылған өнімді өңдеу
- 12-санат - сатылған өнімді кәдеге жарату
- 14-санат - франшиза
- 15-санат - инвестициялар
Қолданылмау өндірістік процестердің сипатына, сатылған өнімнің (электр энергиясы мен көмірді) қайта өңделмеуіне, жалға алынған активтерді барынша аз пайдалануға және ЕТҰ-да франчайзингтік немесе инвестициялық қызметтің болмауына байланысты.
- Пайдаланылған газдар және шығарындылар құрылымы
Есептеулер GHG Protocol және ұлттық әдістемелердің талаптарына сәйкес мынадай парниктік газдар бөлінісінде жүргізілді:
- CO₂ (көмірқышқыл қос тотығы)
- CH₄ (метан)
- N₂O (азоттың шала тотығы)
Барлық шығарындылар CO₂ эквивалентіне қайта есептеліп көрсетілді.
- Есептеулердің нәтижелері мен қамтылуы
Scope 3 жанама шығарындыларына жүргізілген түгендеу мыналарға:
- ЕТҰ бойынша жанама шығарындылардың маңызды көздерінің толық тізбесін қалыптастыруға;
- әрбір қолданылатын Scope 3 санаты бойынша жалпы шығарындыларды сандық бағалауға;
- кәсіпорынның көміртегі ізі корпоративтік дерекқорын кеңейтуге;
- есептіліктің халықаралық ESG-стандарттарымен салыстырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
- 2025 жылғы Scope 3 шығарындыларын сандық бағалау нәтижелері
«Самұрық-Энерго» АҚ компанияларының ЕТҰ бойынша әрбір санат үшін Scope 3 ПГ жалпы шығарындылары
«Самұрық-Энерго» АҚ Scope 3 парниктік газдар шығарындыларының құрылымы жанама шығарындылардың жекелеген санаттарында жоғары шоғырлануымен сипатталады.
Шығарындылардың жалпы көлеміне қосылған ең үлкен үлес мыналарды құрайды:
- Жеткізу тізбегіне байланысты жанама шығарындылардың негізгі көзі болып табылатын сатып алынған тауарлар мен қызметтер (32,6%);
- Тікелей операциялық бақылаудан тыс энергетикалық процестердің елеулі әсерін көрсететін энергияны тұтынудан басқа жанама шығарындылар (21,4%);
- Өндірістік және технологиялық процестерге байланысты қызмет процесінде түзілетін қалдықтар (18,2%).
Жиынтықта көрсетілген санаттар Scope 3 шығарындыларының жалпы көлемінің 72,2%-ын құрайды, бұл жеткізу тізбегінің, энергияны тұтынудың және қалдықтарды басқарудың басым рөлін көрсетеді.
Қосымша үлес мыналарға қосылады:
- Өнімді пайдалану сатысында әсерін көрсететін сатылған өнімді пайдалану (14,8%);
- Логистикалық операцияларға байланысты шикізат пен сатып алынған тауарларды тасымалдау (8,3%).
Қалған санаттар (күрделі тауарларды сатып алу, іссапарлар, қызметкерлерді тасымалдау, өнімді бөлу және активтерді жалдау) жалпы шығарындылардың 5%-дан азын құрайды және Scope 3 құрылымына айтарлықтай әсер етпейді.
Осылайша, шығарындылардың Scope 3 құрылымы GRI қағидаттарына сәйкес Компанияның климаттық стратегиясы шеңберінде жанама шығарындыларды басқару мен азайтудың басым бағыттарын анықтайтын, ең алдымен сатып алу қызметіне, жанама энергияны тұтынуға және қалдықтарға қатысты шектеулі санаттардағы шоғырлануды көрсетеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ компанияларының әрбір ЕТҰ үшін Scope 3 ПГ жалпы шығарындылары
Осылайша, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы үшін Scope 3 парниктік газдарының жалпы шығарындылары 730 899,102 тСО2-экв құрады.
«Самұрық-Энерго» АҚ Scope 3 шығарындыларының айқын концентрациясы бар кестеден көрінгендей: жалпы көлемнің шамамен 85%-ын (730 899 тСО₂-экв) үш компания «АЖК» АҚ филиалы «Энергосбыт», «Богатырь Көмір» ЖШС және «1-ЕМАЭС» ЖШС құрайды. Негізгі үлес көмір генерациясына, көмір өндіруге және энергия сату мен желілердегі шығындардан бөлінетін жанама шығарындыларға байланысты. Қалған ЕТҰ-лардың қосатын үлесі болмашы (жинақтап алғанда 15% - дан аз), бұл ретте ЖЭК пен су электр электростанцияларының шығарындылары мейлінше аз (<1%) болады, бұл олардың төмен көміртекті сипатын растайды. Осылайша, ЕТҰ бойынша Scope 3 шығарындыларының құрылымы айқын шоғырланған сипатқа ие, онда негізгі көміртегі ізі ірі өндірістік және энергетикалық активтердің шектеулі санымен қалыптасады.
tab4
«Самұрық-Энерго» АҚ жаңа технологияларға баса назар аударады:
«Самұрық-Энерго» АҚ тапсырысы бойынша «Назарбаев Универститеті» АБҰ негізінде «Таза көмір технологиялары» ғылыми лабораториясы құрылды;
Ұлттық және халықаралық жобаларға/бастамаларға/қауымдастықтарға қатысу
1) Компания «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ мүшесі болып табылады.
2) Компания «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ мүшесі болып табылады.
tab41
Еңбекті қорғау
Сайтқа кіргеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің пікірлеріңіздің біз үшін маңызы зор, оларды жұмыс барысында ескереміз. Ұсыныстарыңызды «Пікірлер мен ұсыныстар» қосымша бетіне өту арқылы қалдыра аласыздар. Бірлесіп жұмыс істеуге қуаныштымыз!
«Самрук-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының үндеуі

tab5
Біздің ұстаным

Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Компания мынадай ішкі корпоративтік стандарттарды әзірлеп, қабылдады:
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясат;
- жазатайым оқиғалар туындаған кездегі ақпарат беру қағидалары;
- Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдары ISO 45001 талаптарына сәйкестігіне сертификатталды.
«Самұрық-Энерго» АҚ денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында көшбасшылыққа ұмтылады.
Компания басшылығы негізгі ресурс адамдар екенін түсінеді. Еңбек жағдайларын жақсарту, жаңа озық технологияларды енгізу, қызметкерлерді сапалы оқыту бөлігінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясатты тиімді іске асыру Қоғамның ғана емес, сондай-ақ республикамыздың да әл-ауқатының кепілі болып табылады.
Қоғам Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес болуға міндеттенеді.
tab51
Қоғамның еңбекті қорғау саласындағы қызметі
Еңбекті қорғау - Еңбекті қорғау көптеген нормативтік, құқықтық, әлеуметтік- экономикалық, санитарлық, емдік, профилактикалық, оңалту және басқа да шаралар мен талаптардан тұратын өндірістік процесс барысында жұмысшылардың өмірлік көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін іс-қимыл бағытын білдіреді.
Қауіпсіздік техникасы - жұмыс берушінің қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы процесінде қауіпсіз жағдайлар жасауға бағытталған бірқатар іс-шаралары.
Қоғамның жоғары басшылығы мақсаттар мен міндеттерді іске асыру тиімділігін арттыру үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне жеке бейілділігін көрсету арқылы еншілес және тәуелді ұйымдардың бірінші басшыларының тартылу деңгейін арттыру қажет екенін түсінеді.
Жүзеге асырылатын іс-шаралар:
персоналдың зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізу (жұмыс орындарын аттестациядан өткізу, өндірістік бақылау жүргізу);
кәсіпорын қызметкерлерінің жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бақылау;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша еншілес және тәуелді ұйымдарға әдістемелік және ақпараттық көмекті жүзеге асыру;
өндірістегі жазатайым оқиғаларды ашық тіркеу жүйесіне мониторинг жүргізу;
жеке жауапкершілік жүйесіне мониторинг жүргізу (қауіпсіздік талондары);
әлеуетті-қауіпті оқиғалар туралы хабарлағаны үшін қызметкерлерді көтермелеу тетіктері әзірленді;
орын алған оқиғалардың түпкілікті (жүйелі) себептерін анықтау мақсатында жазатайым оқиғаларға ішкі тергеу жүргізуге қатысу;
жазатайым оқиғаларға әкеп соқпаған ықтимал қауіпті оқиғаларды есепке алу және тергеу;
Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарында еңбекті қорғау мәселелерін қадағалайтын бөлімшелердің мамандарымен өндірістік объектілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңестер өткізу;
IOSH, NEBOSH курстарында бірінші басшылар мен еңбекті қорғау мамандарының оқуын бақылау:
еңбек қауіпсіздігі және Еңбекті қорғау саласындағы оқыс оқиғалар мен бұзушылықтарды тіркеудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесінің тұжырымдамасы әзірлеу;
Алдыңғы қатарлы компаниялармен Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасу бойынша жұмыс жүргізу;
Қоғамның компаниялар тобы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында конкурс өткізу;
tab6
Іске асырылатын жобалар
Қоғам іске асыратын жобалар:
«Кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасы
Мақсаты:
- Қауіпсіз еңбек мәдениетіне саналы көзқарас, басшылар мен қызметкерлердің қауіпсіздікке деген адалдығы, көшбасшылығы мен жауапкершілігі негізінде еңбекті қорғауды басқару жүйесін жақсарту, кейіннен жарақат алу деңгейін төмендету.
Пайдасы:
- Қауіпсіздік мәдениетін арттыру / персоналды еңбекті қорғау мәселелеріне тарту; хабарламалар/өтініштер саны (ықтимал қауіпті оқиғалар туралы, қауіпті / қауіпсіз мінез-құлық туралы);
- Жарақат көрсеткіштерінің төмендеуі (LTIFR);
- Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін бағалауды арттыру.
- Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін бағалауды арттыру.
Мақсаты:
- Инциденттерді тіркеу мен тергеудің қолжетімді және ашық автоматтандырылған жүйесін енгізу есебінен қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру арқылы өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету
Пайдасы:
- Сәйкессіздіктерді тіркеу және тергеу, түзету іс-қимылдарының жоспарын қалыптастыру. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жүргізілетін ішкі тексерулерді тіркеу;
- Көшбасшылық мінез-құлық қауіпсіздік аудитін, оқытуды бақылауды, сертификаттауды және кадрларды даярлауды тіркеу;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бизнес-процестерді автоматтандыру.
«Тиімділік пен ақпараттандыруды басқаруды визуализациялау» жобасы
Мақсаты:
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жоғары буын басшыларының хабардарлығын арттыру
Пайдасы:
- ЕТҰ бірінші басшыларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша тартылуы;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру.
tab8
Өндірістік жарақат алу статистикасы
Қоғам алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуде. Іске асырылып жатқан жобалар өндірістік жарақаттанудың алдын алу саласында аралық нәтижелер көрсетуде. 2010–2026 жылдары өндірісте тіркелген жазатайым оқиғалардың динамикасы диаграммада көрсетілген.

Өндірісте болған жазатайым оқиғалардың түрлері мен негізгі себептері:
- Қауіпті сәйкестендіру және тәуекелді бағалау жеткіліксіз.
- Жәбірленушінің құлауы
- Қозғалатын, ұшатын, айналатын заттар мен бөлшектердің әсері
- Жәбірленушінің жеке абайсыздығы
- Жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру
- Желілік персоналды дұрыс бақыламау
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу

tab82
Пікірлер мен ұсыныстар
Барлық пікірлер мен ұсыныстарды төмендегі нысанның көмегімен жібере аласыздар:
tab83
Бейне талдау жүйесі
Бүгінгі күні өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңа технологиялар, атап айтқанда, өндірістегі бұзушылықтар мен жазатайым оқиғаларды анықтау және алдын алу үшін жасанды интеллектті қолдану ойдағыдай енгізілді. Қазіргі кезде мынадай жобалар сынақтан сүрінбей өтіп, іске асырылды: жұмыс орындарындағы бейне аналитика, көлік құралдарын басқарудағы бейне аналитика, сондай-ақ бейнекамералары бар ақылды каскалар. Қоғамның АЖК, АлЭС, Богатырь Көмір, Шүлбі СЭС және Өскемен СЭС сияқты 5 ЕТҰ - сында осы технологиялар қолданылды. Егер нақтылап айтатын болсақ, онда:
- АлЭС-те барлық жұмыс орындары бойынша 1200 стационарлық бейнекамера орнатылған, олар нақты уақыт режимінде қызметкерлердің қауіпті әрекеттерге баруын, жеке қорғаныс құралдары мен арнайы киімдерді қолданбай жүргенін бақылауға мүмкіндік береді. Жүйе бұзушылықтың сипатын анықтауға ғана емес, сонымен бірге Face ID көмегімен бұзушының өзін анықтауға, тиісті хабарламаны тікелей басшының компьютеріне және қызметкердің ұялы телефонына жіберуге мүмкіндік береді. Ай сайын 1065 бұзушылық анықталады. Ағымдағы жылы жұмыс орындарын тағы 400 стационарлық бейнекамерамен жабдықтау жоспарлануда.
- Богатырь Көмірде 2025 жылғы 23 маусымда «Антисон» ауыр жүк техникасы жүргізушілері үшін бейнеаналитика технологиясы іске қосылды, барлық самосвалдарға (60 жиынтық) орнатылды. Бұл жүйе жүргізушінің қауіпті әрекеттерін дәл анықтауға мүмкіндік береді, атап айтқанда: ұйықтап кету, темекі шегу, бағдардан шығып кету, телефонмен сөйлесу. Жоғарыда айтылғандардың бірі анықталған жағдайда, жүргізушінің орындығына діріл қозғалтқышы орнатылады, ол қосылған кезде жүргізушіге оның қате әрекеттері туралы еске салады, сондай-ақ кабинада дыбыстық ескерту де іске қосылады және басқару пультіне бұзушылықтың бейнесі мен фотосуреті бар бұзушылықтарды анықтау туралы сигнал келіп түседі. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап 1392 бұзушылық анықталды, бұл көліктегі жазатайым оқиғалар мен оқиғалардың ықтималдығын нақты азайтуға мүмкіндік береді.
- АЖК 2025 жылдың қаңтар айынан бастап бейнекамерасы мен жасанды интеллектісі бар каска болып табылатын «Ақылды каска» жүйесін ойдағыдайі енгізді. Қазірдің өзінде 31 жиынтық енгізілді. Бұл каскалар ЖҚҚ-ны қолданбау, арнайы киімді кимеу, қауіпті аймақтарға өту жағдайларын анықтауға, сондай-ақ кері байланысты пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, жұмыс процесін қашықтықтан бақылаушы нақты уақыт режимінде микрофонның көмегімен нұсқау бере алады. Ақылды каскалардың көмегімен ай сайын 3-4 бұзушылық анықталады. 2025 жылы тағы 100 жиынтық сатып алу жоспарлануда.
- Шүлбі және Өскемен СЭС 2025 жылғы 4 наурызда 360 градусқа бейне түсіруге мүмкіндік беретін бейнетіркегіштер болып табылатын «Жүргізушіге көмек» жүйесін енгізді. Олар 9 автокөлік құралына орнатылды. Бұл жүйе жүргізушінің жылдамдықты жоғарылатқанын, ұйықтап кеткенін, бағдардан ауытқығанын, жол белгілерінің қиылысын бұзғанын, темекі шеккенін, қауіпсіздік белдігін таққан-тақпағанын бақылауға мүмкіндік береді. Жүйені енгізу басталғаннан бері бұзушылықтар саны 12 болды, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 3-еу болы. Яғни, 4 есе төмендеді. Автокөлік құралдарын тағы 6 жиынтықпен жабдықтау жоспарлануда.
Өндірістік қауіпсіздік процестерін басқаруда осындай жаңа жүйелерді қолдану қазірдің өзінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды элементтердің біріне айналды, бұны Самұрық-Энерго да қолданып келеді.
Жасанды интеллектке негізделген озық бейне аналитика жүйесімен бірге бейнежазбасы бар жаңа технологияларды енгізу еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілін түбегейлі өзгертетін стратегиялық қадам болып табылады. Бұл авариялық жағдайлар мен жазатайым оқиғалардың туындау ықтималдығын барынша азайтуды қамтамасыз етеді, ол «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың негізгі факторы болып табылады. Біз үшін жұмысшыларымыздың үйге аман-есен оралуы маңызды.
АлЭС нысандарында 1200-ден астам “ақылды” бейнекамера орнатылды
- «АлЭС» АҚ өндірістік қауіпсіздікті арттыру мақсатында жасанды интеллект пен видеоаналитикаға негізделген заманауи жүйені енгізді. Бүгінде нысандарда 1200-ден астам IP-камера, смарт турникеттер, алкотестерлер мен Face ID жүйелері орнатылған.
- Жаңа жүйе не береді?
- Қауіптерге дер кезінде әрекет ету
- Еңбекті қорғау талаптарын бұзуды анықтау (ЖҚҚ - жеке қорғаныс құралдарының болмауы, қауіпті аймақтарда рұқсатсыз жүру, бөгде заттар)
- Қызметкерлердің қозғалысын қадағалау, процестердің ашықтығын қамтамасыз ету.
- 2025–2026 жылдары АлЭС өндірістік объектілерінің қауіпсіздік жүйесіне дрондарды, дабыл жүйелерін интеграциялауды жоспарлап отыр.
- Мақсатымыз — еңбек қауіпсіздігі ережелерін 100% сақтау және жарақаттану деңгейін нөлге дейін түсіру!




tab10

«Самұрық-Энерго» АҚ еліміздің энергия жүйесінде маңызды рөл атқаратын электр энергиясының жетекші өндірушісі болып табылады.
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қоғамның мемлекеттік энергетикалық тізілімнің субъектілері болып табылатын барлық еншілес тәуелді ұйымдарында мамандандырылған аккредиттелген ұйымдарды тарта отырып, энергия аудиттері жүргізіледі.
Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру мәселелерін шешпейінше, экономиканы дамытудың тұрақты моделін құру мүмкін емес.
Энергия ресурстарын тиімді және ұтымды тұтыну саясаты оларды тұтынудың өсуін тежеуге және қоршаған ортаға тигізетін әсерінің деңгейін айтарлықтай азайтуға тиіс.
2024 жыл «Самұрық-Энерго» АҚ үшін тұрақты өсу, стратегиялық шешімдер мен маңызды жетістіктер жылы болды. Энергия үнемдеу – тұрақты дамудың негізгі факторларының бірі болып табылады және де біз осы бағытта қандай нәтижелерге қол жеткізгенімізді мақтан тұтамыз. Энергетикалық тиімділікті арттыруға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған барлығы 67 іс-шара орындалды. Бұл 1,2 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді. Аталған нәтижелер командалық жұмыстың, жаңа технологиялардың және тиімділіктің тұрақты мониторингінің арқасында мүмкін болды. Біз қол жеткізген жетістіктерге тоқталмақпыз және энергияны тұтынуды одан әрі жауапкершілікке айналдыру үшін жаңа бастамалармен жұмыс істеп жатырмыз.
2025 жылға және орта мерзімді келешекке арналған жоспарлар
- Келесі негізгі бағыттар бойынша қазіргі заманғы сын-қатерлер мен тұрақты даму басымдықтарын ескере отырып, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасын жаңарту жоспарлануда:
- Электр энергиясын, жылуды, көмірді және басқа ресурстарды пайдалануды оңтайландыру.
- Жабдықтардың, инженерлік жүйелер мен өндірістік процестердің энергия тиімділігін арттыру.
- Энергия ресурстарына шығындарды азайту.
- Өндірістік қызметтің экономикалық тиімділігін арттыру.
- Парниктік газ шығарындыларын азайту.
- Қоршаған ортаға теріс әсерді азайту.
- Қазіргі заманғы энергия үнемдейтін технологиялар мен жабдықтарды енгізу.
- Энергияны үнемдейтін шешімдерге көшу (жарықдиодты жарықтандыру, автоматтандырылған басқару жүйелері және т.б.).
- Қызметкерлер мен халықты хабардар ету және оқыту.
- Ресурстарды жауапты және ұтымды тұтынуды ынталандыру.
- Ықтимал энергетикалық дағдарыстар мен сыртқы тәуекелдерге төзімділікті нығайту.
- Энергия үнемдеуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған, күтілетін экономикалық әсері 1 млрд теңгеден асатын жалпы 65 іс-шараны іске асыру жоспарланып отыр.
tab11
Біздің ұстаным
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы мүдделі тараптармен тиімді өзара іс-қимыл жасаудың маңыздылығын толық түсінеді.
Компанияда қолданылатын транспаренттілік және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сүйене отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы мүдделі тараптармен тиімді өзара іс-қимыл жасай отырып, орнықты дамудың мынадай деңгейлерін қамтамасыз етеді, мұнда Компания да, оның мүдделі тараптары да, қоғам да ішкі және сыртқы мүдделі тараптардың қажеттіліктерін, болжамдары мен пікірлерін; мүдделі тараптар тұрғысынан қиындықтар мен перспективаларды; ішкі және сыртқы мүдделі тараптарды толғандыратын ең маңызды мәселелерді тануға, айқындауға және талдауға мүмкіндік алады.
Мүдделі тараптармен АА1000 сериясы, GRI стандарттарына және басқа да үздік тәжірибелерге негізделген жауапты, ойластырылған және ұтымды өзара іс-қимыл жасау тәсілі Компанияның стратегиялық дамуын және оның қызметін жетілдіру жолдарын дұрыс таңдауға ықпал етеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның мүдделі тараптармен өзара іс-қимылы Компанияның өз клиенттері мен қызметкерлерінің, серіктестері мен жеткізушілерінің дамуына, болашағына инвестиция салуға дайындығына, Компанияның да, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтардың да тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, Компанияның қатысуы аумағы үшін маңызды салаларға әлеуметтік инвестицияларды жүзеге асыруға, сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерге барабар және икемді жауап беру үшін барлық тұлғалармен өзара іс-қимылды дамытуға дайын болуына негізделген.
Стейкхолдерлермен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ компанияның бүкіл тобы үшін коммуникациялық стратегияны енгізді, ол корпоративтік коммуникацияларға қатысты бірыңғай тәсілді көздейді, мақсатты аудиторияны, коммуникация қағидаттарын, медиа-жоспарлауды, дағдарысқа қарсы ден қоюды, ішкі және сыртқы PR құралдарын және Компанияның сыртқы жайғасымын айқындауды көздейді. Компанияның орнықты даму саласындағы нұсқаулығы стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл саласындағы саясатты және өзара іс-қимыл әдістемесін айқындайды.
Мүдделі тараптармен корпоративтік байланыс саясаты, мүдделі тараптарды анықтау, әсерді бағалау және маңызды тақырыптарды анықтау Директорлар кеңесі деңгейінде бекітіліп, бақыланады.
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі бастамалар мен жоспарларды іске асыруды, сондай-ақ олардың мониторинг жүргізуді Компания Басқармасы қамтамасыз етеді.
Жыл сайын Басқарма директорларды мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі қызмет нәтижелерімен хабардар етеді.
Директорлар кеңесі мен Басқарма жанындағы арнайы құрылған комитеттер өз қызметінің бағыттары бойынша мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жүйесін қадағалайды.
Компания мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасаудан алатын нәтижелер орнықты даму саласындағы тиімді және тексерілген саясаттың негізі болып табылады, оның шеңберінде Компания мүдделі тараптар мен Компанияның стратегиялық міндеттері арасындағы оңтайлы теңгерімді сақтай отырып, Компанияның қатысу аймақтарында экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін өндіріс, экологиялық бастамалар, еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік саладағы озық тәжірибелерді енгізу арқылы орнықты даму аспектілерін кеңінен қолдануға ұмтылады.
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл әлеуметтік капиталды ұлғайтуға, тәуекелдердің алдын алуға және мейлінше азайтуға, сондай-ақ дамудың жаңа мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
tab1666
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жүйесін бағалау
Компания үшін сыртқы да, сондай-ақ ішкі де стейкхолдерлердің барлығын да тыңдау өте маңызды. Компания өз қызметкерлерінің және стейкхолдерлердің этика мен адалдықтың жоғары стандарттарын және заңнаманың барлық нормаларын сақтауын талап етеді.
Барлық мүдделі тұлғалар кез келген ұрлық, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, бизнесті жүргізудің базалық қағидаттарын, Мінез-құлық кодексін немесе ҚР заңнамасының нормаларын бұзу орын алған немесе болжанатын фактілер туралы хабарлай алады, сондай-ақ өз ұсыныстарын мынадай тәсілдермен жібере алады:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
|
Жедел желі https://www.samruk-energy.kz/ru/navigation-and-support/hotline |
Барлық стейкхолдерлерге арналған кері байланыс https://www.samruk-energy.kz/ru/navigation-and-support/feedback-all/feedback |
Уақытша жұмыскерлер не компаниялар тобымен еңбек қатынастарында тұрмайтын адамдар және іске асырылатын жобалар бойынша өзге де мүдделі тұлғалар үшін кері байланыс https://www.samruk-energy.kz/ru/navigation-and-support/feedback-all/feedback-other |
Басқарма Төрағасының блогы https://www.samruk-energy.kz/ru/navigation-and-support/chairmans-blog |
Омбудсмен https://www.samruk-energy.kz/ru/company/corporate-governance/corporate-governance-main/ombudsman |
Жылдық есеп бойынша сауалнама |
Компания барлық кері байланыс арналары бойынша келіп түсетін хабарламаларға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді және мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін жыл сайын Директорлар кеңесіне талдау мен мониторинг нәтижелерін ұсынады.
Компания өтініштердің, стейкхолдерлер қозғайтын тақырыптардың, олардың алаңдаушылық салаларының, Компанияның уақтылы жауап беруінің статистикасын талдайды және стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жүйесін жақсарту үшін ұсыныстар әзірлейді.
Талдау нәтижелері мынадай міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етеді:
1) тиісті деңгейдегі басшыларды қозғалатын мәселелер мен проблемаларды шешуге тарту, жұмысты жақсарту үшін ұсыныстарды есепке алу;
2) сыртқы мүдделі тараптардың, жұртшылықтың және жекелеген азаматтардың алаңдаушылығына қатысты алдын алу шараларын талдау және қабылдау;
3) әлеуметтік жауапты энергия холдингі ретінде Компанияға деген сенімді сақтау.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына шағымдар мен өтініштердің орталықтандырылған деректер базасы жұмыс істейді, оның негізінде Компания жыл сайын барлық еншілес және тәуелді ұйымдар бойынша өтініштердің барлық түрлерін талдайды. Талдау нәтижелері жыл сайын Директорлар кеңесінің назарына жеткізіледі.
Өтініштер мен шағымдар статистикасы
|
Дереккөз |
Саны |
||
|
2023 |
2024 |
2025 |
|
|
Жедел желі (оның ішінде комплаенс офицерлеріне жеке өтініштер) |
95 |
100 |
75 |
|
«Самұрық‑Энерго» АҚ канцеляриясы, оның ішінде: |
9 339 |
9 999 |
10677 |
|
мемлекеттік органдардан |
315 |
1 096 |
760 |
|
Акционерден |
802 |
793 |
896 |
|
Өтініштер, оның ішінде еншілес және тәуелді ұйымдардың канцеляриялары |
112 |
35 |
213 |
|
E-otinish |
92 |
37 |
|
|
https://zakup.sk.kz/ веб-порталы |
47 |
38 |
|
|
Қауіпсіздік қызметі |
0 (11)1 |
1 (6) |
3 (19)2 |
|
Сайттағы «Кері байланыс» нысаны |
0 |
0 |
0 |
|
Омбудсмендер және кәсіподақтар |
41 |
30 (33)3 |
35 |
|
Соттар және қадағалау органдары |
4 |
20 |
25 |
|
Басшылыққа жазбаша өтініштер (оның ішінде компаниялар бойынша басшы блогы) |
4 |
13 |
42 |
|
Татуластыру комиссиялары |
34 |
91 |
40 |
|
Барлығы |
290 |
429 |
508 |
1Қауіпсіздік қызметі қараған өтініштер мен шағымдар кері байланыстың әртүрлі көздерінен түскен. Жақша ішінде «Қауіпсіздік» департаменті қараған өтініштер мен шағымдардың саны көрсетілген.
2қайталама өтініштер
3деректер Жедел желіні ескере отырып келтірілген
2025 жылы кері байланыс арналары арқылы 508 өтініш пен шағым тіркелді, бұл 2024 жылғы 429 және 2023 жылғы 290 өтініш пен шағыммен салыстырғанда жоғары. Келіп түскен өтініштер Компанияның және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелердің кең ауқымын қамтыды, оның ішінде сатып алу рәсімдері, еңбек қатынастары мен еңбек жағдайлары, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, іскерлік әдеп мәселелері және лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері. Сондай-ақ ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстар, іскерлік және сараптамалық іс-шараларға қатысуға шақырулар және мүдделі тараптардың өзге де сұраулары келіп түсті.
Барлық келіп түскен өтініштерді тиісті құрылымдық бөлімшелер өз құзыреті шегінде қарайды. Сәйкессіздіктер мен бұзушылықтардың расталған фактілері бойынша қажетті шаралар қабылданады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша кемсітушіліктің расталған жағдайлары және сыбайлас жемқорлықтың расталған фактілері тіркелген жоқ.
Компания өтініштерді қарау кезінде құпиялылықты және анонимді кері байланыс арналарын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Өтініштерді қарау нәтижелері мен келіп түскен өтініштерді талдау мүдделі тараптар үшін неғұрлым өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді және ішкі процестер мен стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру үшін пайдаланылады.
tab177
САУАЛНАМА
Құрметті оқырман!
Егер Сіз компанияның 2021 жылғы қызметінің қорытындылары туралы жылдық есеппен таныссаңыз және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның келесі Жылдық есебінде Сізді қызықтыратын тақырыптардың толық ашылуы үшін ұсынылып отырған сауалнамаға жауап бергеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз!
tab12
2011 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы өзінің стратегиясы мен күнделікті қызметінде БҰҰ Жаһандық шартының 10 қағидатын ұстанатынын және БҰҰ Жаһандық шартының мүшесі болып табылатынын мәлімдеді.
Компания мынадай қағидаттарды орындауды өз міндетіне алады:
|
Адам құқықтарын сақтау саласында |
• халықаралық қоғамдастық жариялаған адам құқықтарының сақталуына қолдау көрсету және оларды құрметтеу • адам құқықтарын бұзылуына қатыспаушылықты қамтамасыз ету |
|
Еңбек қатынастары саласында |
• қауымдастықтардың еркіндігіне қолдау көрсету және іс жүзінде ұжымдық шарт жасасу құқығын тану • мәжбүрлі еңбектің барлық түрлерін жою • балалар еңбегін түбірімен жоюды қолдау • еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдау |
|
Қоршаған ортаны қорғау саласында |
• қоршаған ортаға жағымсыз әсерлердің алдын алуға ықпал ету; қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды көтеру • экологиялық таза технологияларды дамыту мен таратуға ықпал ету |
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында |
• сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне, соның ішінде бопсалау мен парақорлыққа қарсы тұру |
БҰҰ Жаһандық шартына қосылу аясында, Компания https://www.unglobalcompact.org/ сайтында қол жеткізілген прогресс туралы хабарламаны жыл сайын жариялайды.
tab14
2019 жылы 8 наурызда «Самұрық-Энерго» АҚ әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің 7 қағидатына қолдау көрсету туралы мәлімдемеге қол қойды.
Бұл құжат орнықты дамудың негізгі элементі, сондай-ақ әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндіктер ұсынатын компаниялар неғұрлым табысты болатынына әрі жақсы нәтижелерге қол жеткізетініне сенімділік ретінде гендерлік теңдік қағидаттарын ұстанатынын айқындайды. Қойылған мақсатқа жету үшін Компанияда іс-шаралар жоспары іске асырылады.
БҰҰ-әйелдер және БҰҰ Жаһандық шарты серіктестігінің бастамасы бойынша әзірленген құжат әйелдердің жұмыс орындарындағы, бизнес пен қоғамдағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін мынадай жеті қағидатты айқындайды:
1-қағидат Компания басшылығы деңгейінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларға белсенді қолдау көрсету
2-қағидат Тең мүмкіндіктер, инклюзия және кемсітушіліктің болмауы
3-қағидат Денсаулық, қауіпсіздік және зорлық-зомбылықтан азат болу
4-қағидат Білім беру және біліктілікті арттыру
5-қағидат Кәсіпорынды дамыту, өткізу әдістері және жеткізу тізбегі
6-қағидат Жұртшылықтың қатысуы және қоғамдастық деңгейіндегі көшбасшылық
7-қағидат Ашықтық, көрсеткіштердің сандық бағасы және есептілік
Бүгінде қазақстандық ірі электр энергетикалық холдингтің компаниялар тобында 4600-ге жуық әйел еңбек етуде. Оның ішінде 630-дан астамы басшылық лауазымдарда.
| Көрсеткіш | 2023 | |
|---|---|---|
| ерлер | әйелдер | |
| Топ-менеджерлер | 58 | 7 |
| Басшылар | 1 892 | 477 |
| Мамандар | 1 260 | 1 788 |
| Қызметкерлер | 10 063 | 2 347 |
tab15
Біздің ұстаным
Біз қоғамдық дамуға қосатын үлесімізді сезінетіндіктен, әлеуметтік жауапкершілік «Самұрық-Энерго» АҚ Даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік жобалары қауіпсіз және жайлы еңбек шарттарын қамтамасыз етуге бағытталады.
Адам ресурстарын басқару" департаменті әлеуметтік жауапкершілік аясында төмендегідей міндеттер бойынша жұмыс істейді:
- Қызметкерлер үшін тартымды жағдайлар жасау;
- Ішкі таланттарды ұстап қалу және жоғары кәсіби кадрларды тарту;
- Компанияда әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Қоғам өзіне міндеттемелер қабылдайды:
- Әлеуметтік әріптестік және ұжымдық-шарттық реттеу қағидаттарын нығайту және дамыту;
- Білікті қызметкерлерді ұстап қалу, тарту және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның персоналы үшін ынталандыру жағдайларын тудыру мақсатында әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру.
- Әлеуметтік тұрақтылықты арттыру;
- Топ-менеджмент. Негізгі лауазымдарға орналастыру мақсатында жоғары әлеуетті мамандар пулын қалыптастыру;
- Жұмыс берушінің брендін арттыру.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы сыртқы нарықтан жоғары білікті кандидаттарды тартуға мүмкіндік беретін бәсекеге қабілетті әлеуметтік пакет ұсынуға ұмтылады. Өтемақылар мен жеңілдіктер қызметкерлер мен олардың отбасыларының әл-ауқаты мен әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға арналған. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлеріне жасалған ұжымдық шарттарға сәйкес берілетін әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктердің қатарына мыналар кіреді:
- демалысқа, баланың туылуына, үйлену тойына, жерлеуге (қызметкер мен жақын туыстарына), зейнеткерлерді емдеуге, төтенше жағдайларда және т. б. материалдық көмек;
- табысынан айырылуына байланысты материалдық көмек (жүктілік және босану бойынша демалыс, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты демалыс)
- ерікті медициналық сақтандыру;
- қызметкерлер мен балаларды шипажайлық-курорттық емдеу;
- мерейтойға байланысты біржолғы көтермелеу – 50, 60 және 70 жыл, мерекелік, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған шығыстар, балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар және т. б.;
- несиелерді төлеу;
- асыраушысының зақымдануы мен жоғалуы үшін жәрдемақы.
Персоналдың әлеуметтік тұрақтылығы мен жұмысқа деген ынталандыру көрсеткіштерін жыл сайын өлшеу қызметкерлердің бейілділігі мен сенімін, персоналдың әлеуметтік әл-ауқаты мен ынтасын арттыру, еңбек жағдайларын және персоналдың еңбек қызметімен байланысты процестерді жақсарту, коммуникация жүйелерін дамыту және кез келген өзгерістер туралы хабардар ету бойынша шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.
2023 жылы «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы» ЖМ «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығының қызметкерлері арасында қызметкерлердің әл-ауқатының төрт элементі: денсаулық, ынталылық, әлеуметтік әл-ауқат, физикалық және психикалық хал-ахуал, қаржылық әл-ауқат негізінде қызметкерлердің әл-ауқат деңгейін бағалау үшін сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелері бойынша қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатының жалпы индексі 43% құрады, бұл «қанағаттанарлық» деңгейіне сәйкес келеді. Әлеуметтік қолайлылық индексі - 72 %.
«Самұрық-Энерго» АҚ-да әлеуметтік тұрақтылық деңгейін талдау мақсатында Samruk Research Services әдістемесі негізінде 2023 жылы өндірістік персонал арасында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Сауалнамаға сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ-да SRS интегралдық көрсеткіші 59% құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің оқу және кәсіби даму бағдарламаларына тең қолжетімділігі, сондай-ақ жасына, ұлтына, жынысына, нәсіліне немесе діни сеніміне қарамастан, олардың кәсіби құзыреттері негізінде мансаптық өсу үшін бірдей мүмкіндіктері бар.
Қоғамның нормативтiк құжаттарында бiрдей жұмысты орындайтын ерлер мен әйелдерге тең еңбекақы төлеудi қамтамасыз ететiн ережелер бар. Мұндай тәсіл жалақы, көтермелеу, жеңілдіктер және өтемақының ақшалай және ақшалай емес басқа да нысандары кемсітуден бос болуына кепілдік береді.
Компания қызметкерлерді инклюзивтік және теңдік мәселелерін үйретеді. 2024 жылдың қарашасында HR мамандары жұмыс орнындағы тең мүмкіндіктердің маңыздылығын түсіну мен хабардар болуды арттыру үшін «Әртүрлілік, теңдік және инклюзивтілік (DEI)» тақырыбы бойынша оқытудан өтті.
«Самұрық-Энерго» АҚ тең мүмкіндіктерге қамқорлық жасайды және мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарын ұсынады. 2024 жылы тұрақты дамуды басқаруды жақсарту жөніндегі Жол картасын орындау шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында мүгедектігі бар тұлғалар (МБТ) үшін қолжетімді және инклюзивті орта құру жөніндегі бағдарлама бекітілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты - МБТ жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарында физикалық және техникалық кедергілерді жою, сондайақ әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер беру.
Осылайша, 2024 жылы компанияның ЕТҰ-да мүгедектігі бар қызметкерлердің қолайлылығы үшін жағдайлар жасалды, Олар: тұрақтар, шақыру түймесі бар пандустар, тактильді плиткалар және жабдықталған санитарлық тораптар. Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтарға басым қызмет көрсету, оның ішінде онлайн өтініш беру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
tab16
Біздің қызметіміз
Әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік жобалары қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, кәсіби дамуға, тұрғын үй проблемаларын шешуге және қызметкерлер мен олардың отбасыларының өмір сапасын жақсартуға, ардагерлер мен зейнеткерлерді материалдық қолдауға, әлеуметтік қоғамдастықтарды қолдауға бағытталған.
««Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасы аумағындағы ірі жұмыс берушілердің қатарына кіреді. 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы қызметкерлердің тізімдік саны 17 892 адамды құрады.
«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің өндірістік ерекшелігіне байланысты өндірістің негізгі учаскелеріне ер адамдар тартылды, олардың үлесі 2023 жылы персоналдың жалпы санынан 74% құрады.
|
Қызметкерлер санаты |
Есепті кезеңнің соңындағы әйелдердің тізімдік саны |
Барлық қызметкерлердің % |
|
Топ-менеджмент |
7 |
12% |
|
Басшылар |
477 |
20% |
|
Мамандар |
1 459 |
53% |
|
Қызметшілер |
1 788 |
58% |
|
Қызметкерлер |
2 347 |
19% |
|
Барлығы |
4 619 |
25% |
«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлердің демалысын ұйымдастыру және сауықтыру мақсатында төмендегідей іс-шараларды жүзеге асырады:
- еңбек сіңірген жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосымша күндер беру;
- спорттық инфрақұрылымға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, жаттығулар мен жарыстарды ұйымдастыру арқылы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізу және бұқаралық спорт түрлерін дамыту;
- корпоративтік ақпарат құралдарын пайдалана отырып, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын жүйелі насихаттау;
- мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге, жаңа жылдық сыйлықтар сатып алуға, Энергетиктер күніне орай бағалы сыйлықтар сатып алуға жыл сайын қаржы бөлу;
- Қазақстан Республикасының шипажайлары мен профилакторийлерінде жазғы демалыс кезеңінде мектеп жасындағы балалардың демалуы үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
- «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің мүгедек-балалары мен жетім-балаларға шипажайға және балаларды сауықтыру орталықтарына берілетін жолдамалардың құнын ішінара өтеу.
Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында құрамы жұмыс беруші мен кәсіподақ қызметкерлерінің өкілдерінен тұратын Келісім комиссиялары құрылып, өз қызметін жүзеге асыруда, оның негізгі функциясы еңбек ұжымының арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, шағымдар мен арыздарды қарау рәсімдері болып табылады.
tab17
Қатысатын өңірлердің дамуы
«Самұрық-Энерго» АҚ талай жылдардан бері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде қатысу өңірлерін дамытуға өз үлесін қосып келеді және Компанияның жергілікті инфрақұрылымды дамытуға, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және әлеуметтік қолдауға қатысу мәселелері бойынша жергілікті қоғамдастықтармен үздіксіз өзара іс-қимыл жасауды қолдайды.
"Өз қызметі аясында «Самұрық-Энерго» АҚ жергілікті қоғамдастықтармен өзара іс-қимылын нығайтуды жалғастыруда. 2023 жылғы 28 желтоқсанда Басқарманың шешімімен жергілікті қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл саясаты бекітілді. Бұл саясат компанияның қызметі аймақтардағы тұрғындармен байланыс механизмдерін, қағидаларын және міндеттерін анықтауға бағытталған. Саясат 2023-2024 жылдарға арналған тұрақты даму басқару жүйесін жетілдіру жол картасына сәйкес әзірленген."
Компания шамамен 19 миллион тұтынушыны электр қуатымен қамтамасыз етіп, елдің инфрақұрылымында маңызды рөл атқарады. Біз бүкіл Қазақстан бойынша 17 мыңнан астам жұмыс орнын құру және қолдау арқылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесеміз. Біз өнім берушілермен және мердігерлермен әділ серіктестікке кіру, салық төлеу және жұмыс орындарын құру арқылы аймақтардың экономикалық дамуына өз үлесімізді қосамыз.
Біздің басымдығымыз – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және өзіміз қатысатын барлық өңірлерде әлеуметтік бастамаларды қолдау. Компанияның әлеуметтік стратегиясы жергілікті тұрғындар өз әлеуетін жүзеге асыра алатын әрі экономикалық және әлеуметтік өсуге белсенді әсер ете алатын орта мен жағдай жасауға бағытталған.
Біз өзіміз қатысатын өңірлердің әл-ауқаты мен әлеуметтік-экономикалық дамуына мыналар арқылы айтарлықтай үлес қосамыз:

Халықты электр энергиясымен, жылумен және көмірмен қамтамасыз ету

Жергілікті халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік салықтар мен аударымдар, зейнетақы және сақтандыру төлемдері, қызметкерлерге медициналық қызмет көрсету шығындары және қызметкерлерді қолдаудың басқа да нысандары

Қатысатын өңірлердің дамуына, халықтың өмірін жақсартуға, жұмыс орындарын құруға әсер ететін инвестициялық жобаларды іске асыру

Қоғамдық инфрақұрылымды қолдау салықтарды төлеу арқылы өңірлердің бюджеттеріне қомақты түсімдердің түсуін қамтамасыз ету

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бірыңғай операторы арқылы қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдарға, зерттеу мекемелеріне қайырымдылық жасау арқылы жергілікті қоғамдастықтарға инвестициялар салу

Әлеуметтік бағдарламаларды, мәдени және білім беру іс-шараларын қолдау

Кейбір инвестициялық жобаларды іске асыру компаниялар тобының кәсіпорындары орналасқан өңірде жергілікті инфрақұрылымды дамытуға үлесін қосты.
«Екібастұз МАЭС-1 станциясы» ЖШС мен «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ орналасқан өңірде Солнечный кентінің және Екібастұз қаласының инфрақұрылымы дамуда. Осылайша, Солнечный кентінде мешіт, шіркеу, Мәдениет үйі, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, бассейн, қонақ үй және басқа да инфрақұрылым нысандары салынды. Өз кезегінде, Екібастұз қаласында тұрғын үйлер, жатақханалар, Энергетиктердің мәдениет үйі салынды, сондай-ақ Екібастұз МАЭС-1 станциясынан Екібастұз МАЭС-2 станциясына дейінгі жолдар салынды. «ЕМАЭС-2 станциясы» АҚ «Солнечный» кенті үшін қала құраушы кәсіпорын болып табылады, онда жұмыс істейтіндердің жалпы санының 60%-ы еңбек етеді.
«ЕМАЭС-2 станциясы» АҚ құрылымында мынадай: емдеу-профилактикалық қызмет, бассейн, қонақ үй үлгісіндегі жатақхана сияқты әлеуметтік сала нысандары бар, аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіледі.
Жыл сайын станция бюджеті қаражатынан оларды ұстауға және жұмыс істеуге бағытталған қаражат бөлінеді.
Осындай жобалар «Мойнақ СЭС» АҚ орналасқан өңірлерде (77 үй, 1 балабақша және мешіт) Мойнақ СЭС қызметкерлері үшін іске асырылды, онда 235 адам тұрады (оның ішінде: 100 адам – қызметкерлер, 135 адам – олардың отбасылары). «Мойнақ СЭС» АҚ барлық қызметкерлеріне ведомстволық тұрғын үй (77 тұрғын үй) – жайлы бөлмелері бар абаттандырылған 3,4,5 бөлмелі үйлер берілді. Үйлердің жанында шаруашылық қора-жайларымен 6 сотық жер учаскелері бар. Бірінші кезекте қажетті өнімдермен және тауарлармен қамтамасыз ету бойынша сауда пункті ашылды. Пайдалану қызметінің кентінде Компания қызметкерлерінің балалары үшін 30 орындық балабақша жұмыс істейді. «Мойнақ СЭС» АҚ Мойнақ кентінің аумағында орналасқан балабақшаға тұрақты қолдау көрсетеді.
«Богатырь Көмір» ЖШС адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған түрлі әлеуметтік бастамаларды жан-жақты қолдайды, қалалық әлеуметтік бағдарламаларға белсене қатысады. Қаланың таулы муниципалды округінің балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын абаттандыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Балалар алаңдарын жөндеу және қалпына келтіру, құмсалғыштарға құм әкелу, «Шахтер» саябағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ұлы ақын және ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпеевке ескерткіш орнатылып, Қонаев көшесінде бағдаршам орнатылды.
Жергілікті инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалардан басқа, Компания халықтың осал және аз қамтылған топтарын қолдау бойынша да қызметті жүзеге асырады.
Негізгі қызмет бойынша көмек көрсету бағдарламасы
Біз негізгі қызметіміздің шеңберінде осал (түрлі жағдайларға байланысты тұрғын үйінен, асыраушысынан немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылған (туғаннан еңбекке қабілетсіз болған) азаматтарды) және аз қамтылған (аз қамтылғандарға жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар жатады) тұтынушыларды қолдауға тырысамыз:
- «Богатырь Көмір» ЖШС мен жергілікті атқарушы орган арасындағы Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес «Богатырь Көмір» ЖШС жыл сайын мыналарға көмірді тегін жөнелтеді:
- Павлодар облысының әлеуметтік нысандарына (ауылдық мектептер, ауруханалар, клубтар, басқа да әлеуметтік нысандар);
- қайырымдылыққа (мешіттерге, монастырьларға, қоғамдық қорларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына);
- пешпен жылытылатын үйлерде тұратын Серіктестік қызметкерлеріне жылына бір рет - 10 тонна көлемінде тегін
Мәселен, 2022 жылы 127 878,5 тонна көмір жөнелтілді, оның ішінде.:
- Павлодар облысының әлеуметтік нысандарына – 78 402,6 тонна;
- қайырымдылық мақсатта – 6 683 тонна, оның ішінде:
- мешіттер мен монастырьларға – 270 тонна;
- Павлодар облысының әкімдіктері арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарына – 6 033 тонна;
- қызметкерлер мен зейнеткерлерге – 3 355 тонна.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 20.02.09 № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес біз қатысатын өңірлерде жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар үшін тұтынудың жекелеген шамалары көзделген.
Жергілікті атқарушы орган аз қамтылған азаматтарға егер коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шығыстар отбасының жиынтық табысының 5% - ынан асатын болса, тұрғын үй-коммуналдық шығыстарды төлеу үшін тұрғын үй көмегін көрсетеді (Мәслихаттың 02.06.2014 ж. №232 шешімі).
Толығырақ мына сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/activities/6766?lang=ru
Әлеуметтік бастамалар
- Зейнеткерлерге және интернационалист-жауынгерлерге тұтынылған электр энергиясы үшін 150 кВт ай сайынғы төлем түрінде көмек («Шардара СЭС» АҚ)
- ҰОС, Еңбек майданының қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға Жеңіс күніне орай көмек көрсету («Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ)
- Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек («Богатырь Көмір» ЖШС, «Шардара СЭС» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ).
- Қарттар күніне орай – Солнечный кентінің және Екібастұз қаласының МАЭС-2-нің жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне материалдық көмек көрсетілді, МАЭС-2-нің ардагер энергетиктеріне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Компания белсенділері зейнеткерлерге аулаларды қардан тазартуға көмек көрсету, Солнечный кенті тұрғындарының әлеуметтік осал топтарынан шыққан жалғыз басты зейнеткерлер мен балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстау және құттықтау мақсатында «Біз біргеміз» акциясын өткізді.
- Мүмкіндігі шектеулі балалар, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар үшін 2022 жыл бойы түрлі ойын-сауық және оқыту іс-шаралары өткізілді: аспаздық шеберханалар, экскурсиялар, ертеңгіліктер, мұз айдынына бару мен боулинг, көркемсурет мектебіндегі тегін сабақтар және т. б. Ұйымдастырылды, «Көңілді старттар» жарыстары мен жеңіл атлетикадан жарыс, «Мемлекеттік рәміздер», «Никотинді Витаминге ауыстыр» акциялары, қайырымдылық жәрмеңкесі және М.Жүсіп кесенесіне экскурсиялар өткізілді.
«Богатырь Көмір» ЖШС аз қамтылған, қолайсыз және көп балалы отбасыларға, зейнеткерлерге, өмірдің қиын жағдайларына тап болған адамдарға «Қайырымдылық жәшіктері» жобасына бастамашылық жасап, азық – түлік және өзге де көмек көрсетті. Сондай-ақ, әлеуметтік бастамалар аясында «АлЭС» АҚ және «Энергия» жергілікті кәсіподағы» ҚБ 280 көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті.
- Балалар мен ересектер арасында компьютерлік сауаттылықты арттыру және оқыту үшін Екібастұз МАЭС-2-нің қолдауымен «Қайнар» ҰҚК базасында компьютерлік сынып құрылды. Компания Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі мен Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және электрондық технологиялар университеті жанындағы колледж студенттеріне білім беру экскурсияларын ұйымдастырды.
Компания қызметкерлері «Самұрық-Қазына» АҚ қоры ҚР Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп ұйымдастырған «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысты. Акцияның басты мақсаты аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға қажетті көмек көрсету болды. Еліміздің 10 өңірінен келген балалар үшін 12 мың бірінші сынып оқушыларына арнап рюкзактарын жинақтауға барлық қажетті кеңсе керек-жарақтары сатып алынды.
- Екібастұз МАЭС-1, МАЭС-2 және «Богатырь Көмір» ЖШС қаланың коммуналдық қызметтеріне апат салдарын жоюға көмек көрсетті.
Топтың кәсіпорындары адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған түрлі әлеуметтік бастамаларды жан-жақты қолдайды, тұрақты негізде жалпықалалық сенбіліктерге, көршілес аумақтарды абаттандыруға және көгалдандыруға қатысады, діни конфессиялармен және қоғамдық қорлармен өзара іс – қимыл жасайды, зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, жалғызбасты аналарға материалдық көмек, ай сайынғы субсидиялар, біржолғы төлемдер, ақшалай төлемдер, азық-түлік себеттері, жеңілдікті жолдамалар және т. б. түрінде көмек көрсетеді.
Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Кіріктірілген жылдық есептерінен мына сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/shareholders-and-investors/annual-reports-on-the-results-of-the-company-s-activities
Қайырымдылық жобалары
Негізгі қайырымдылық қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Бірыңғай операторы арқылы жүзеге асырылады, оның портфельдік компанияларының бірі «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады.
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының барлық тобынан халық үшін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларды іске асырады.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы Қазақстан өңірлеріндегі су тасқынының салдарын жоюға 800 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. Қаражат Samruk-Kazyna Trust қорына аударылды.
2024 жылы Компания қоғамды қолдауға бағытталған бірқатар әлеуметтік бастамаларды іске асырды. Гуманитарлық бағдарламалар шеңберінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ұйымдастырылды, соның ішінде қажетті ресурстарды жинау және 800 млн. теңге сомасына қаржылай қолдау көрсету. Компания сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған қайырымдылық марафонына белсене қатысып, осы мақсатқа 18 млн теңге бағыттады.
Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Кіріктірілген жылдық есептерінен мына сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/shareholders-and-investors/annual-reports-on-the-results-of-the-company-s-activities
Іске асырылған бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізу туралы есеппен www.sk-trust.kz сілтемесі арқылы таныса аласыз.
tab19
Қоғамдастықтарды дамыту бағдарламалары
Өзінің жауапкершілігін сезіне отырып, Компания қоғамның дамуына жәрдемдесуге ұмтылады, Компанияның өзі қатысатын өңірлердің әл-ауқаты мен әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуының бір тәсілі жергілікті инфрақұрылымды дамытуға, халықтың өмірін жақсартуға және жұмыс орындарын құруға әсер ететін инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылады.
Компанияның елдің экономикалық дамуына қатысты ұлттық бағдарламаларға және жауапты инвестициялау қағидаттарына сәйкес келетін инвестициялық жобалар портфелі бар. Жобалармен мына сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/shareholders-and-investors/projects
Жауапты инвестициялау қағидаттарын сақтай отырып, біз тәуекелдерді жақсырақ басқару және неғұрлым тұрақты әлемге өз үлесімізді қосу үшін инвестициялық шешімдердегі экологиялық, әлеуметтік және басқару (ESG) факторларын ескеретін тәсілді қолданамыз.
ESG-ді бағалау кезінде біз Корпоративтік басқару кодексінің ережелерін, Даму стратегиясын, Орнықты даму саласындағы нұсқаулықты және БҰҰ Орнықты даму мақсаттары, Халықаралық қаржы корпорациясының (Industry Foundation Classes, IFC, ХҚК) және Еуропа қайта құру және даму банкінің стандарттары, БҰҰ-ның жауапты инвестициялау қағидаттары сияқты халықаралық қоғамдастық мойындаған үздік халықаралық стандарттарды басшылыққа аламыз.
Инвестициялаудың негізгі қағидаттары:
1) ESG параметрлерін инвестициялық талдау және шешім қабылдау процесіне инкорпорациялау;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау және құпия ақпаратты тиісінше пайдалану;
3) жалпыға бірдей танылған халықаралық немесе ұлттық аудит стандарттарына сәйкес ESG факторларын қоса алғанда, жылдық есептерді, оның ішінде қаржылық есептерді, орнықты даму жөніндегі есептерді дайындау;
4)тәуекелдерді сәйкестендірудің, бағалаудың және басқарудың ресімделген жүйесінің болуы.
ESG стандарттары мен талдауы Компанияның инвестициялық критерийлерінің бөлігі болып табылады, ESG факторларына қатысты мәселелер инвестициялық меморандумға енгізіледі, сондай-ақ олар Ұсынушы органның отырыстары шеңберінде талқыланады.
Біз ESG факторларын анықтау және талдау, олардың әрбір инвестициялық жобаға сәйкестігін анықтау және олардың дұрыс шешілуін қамтамасыз ету үшін инвестициялық цикл бойы сенімді және прагматикалық рәсімдерді басшылыққа аламыз. Осылайша, ESG аспектілері инвестицияларды таңдау және бағалау кезеңінен бастап активтерді басқаруға қатысуға және ESG саясаты мен тәжірибесін жақсарту үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимылға дейінгі инвестициялық қызметтің барлық кезеңдеріне біріктірілген.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы сақтық қағидатының негізгі ережелерімен бөліседі. Қоршаған ортаға әсерді бағалау шеңберінде жаңа жобалар мен объектілерді іске қосу алдында Компания міндетті түрде қоғамдық пікірді анықтау және әсерді бағалау процесінде оны есепке алу мақсатында жоспарланатын қызмет пен оның ықтимал әсері туралы жұртшылықты хабардар етуге бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырады. Инвестициялық жобаның барлық кезеңдерінде халықтың пікірін есепке алу үшін қоғамдық тыңдаулар өткізіледі, олар туралы мәліметтерді біз барлық қолжетімді жария дереккөздерде жариялаймыз.
Әрбір инвестициялық жоба бойынша жобаны іске асырудың болжамды округінде қоршаған ортаға тигізетін әсер бағалаланады. Бағалау кезінде жобаның ауаға, суға, топыраққа әсері ескеріледі, барлық экологиялық және экономикалық тәуекелдер ескерілеіп, нәтижесі мемлекеттік экологиялық сараптамамен келісіледі.
Әрбір инвестициялық жобаға Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары әзірленеді.
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарының (МТӨІЖ) міндеттері:
1) жергілікті, өңірлік және ұлттық деңгейлерде мүдделі тараптармен басымдық айқындау, талдау, көрсету, белгілеу және өзара іс-қимыл жасау үшін шектерді белгілеу;
2) халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және мүдделі тараптармен тұрақты, ашық және өзара айқын іс-қимыл процесін қамтамасыз ететін стратегиялық МТӨІЖ ұсыну;
3) халықтың осал топтарын қоса алғанда, барлық мүдделі тараптардың тиісті айқындауын және тартуды қамтамасыз ету;
4) мүдделі тараптардың пікірлері мен шағымдарына мониторинг жүргізу және ден қою процестерін қоса алғанда, МТӨІЖ-ді іске асырудағы функциялар мен міндеттерді айқындау;
5) МТӨІЖ-ді орындау процесін және іске асыру нәтижелерін бақылау;
6) аса маңызды мәселелерді анықтау мен шешу, әлеуметтік және экологиялық тәуекелдерді азайтып, әлеуметтік пайданы ұлғайту;
7) сенімді нығайту және іскерлік тәуекелдерді барынша азайту үшін диалог және екіжақты ақпарат алмасу нысанында мүдделі тараптармен сындарлы, ұзақ мерзімді қатынастар құру үшін негіз ұсыну;
8) ақпарат алмасу, мүдделі тараптардың пікірлері мен ұсынымдарын жинау және талдау, мүдделі тараптар көтерген мәселелерді шешу және есептілікті ұсыну тетігін белгілеу;
9) мүдделі тараптардың болжалдарын түсінуде Компанияға жәрдем көрсету;
10) мүдделі тараптарға жобаның әсерін бағалауға және ірі күрделі жобалар үшін тәуекелдерді азайту жөніндегі тиісті шараларды әзірлеуге қатысуға мүмкіндік беру;
11) өзара іс-қимылды құжаттау, мүдделі тараптарды қадағалау және мониторингілеу жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ есептілікті ұсыну және МТӨІЖ-дің орындалуын бақылау жөніндегі нұсқаулықты ұсыну.
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарына мониторингті «Самұрық-Энерго» АҚ және ірі инвестициялық жобаны іске асыратын әрбір еншілес және тәуелді компания тұрақты негізде жүргізеді және оны жылына кемінде бір рет Компанияның Директорлар кеңесі/Байқау кеңесі бекітеді.
Бұдан басқа, атқарушы орган тоқсан сайын Директорлар кеңесінің назарына «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қолданыстағы инвестициялық жобаларының іске асырылу барысы мен тиімділігі туралы ақпарат береді.
Компанияда орнықты дамудың 17 мақсатына негізделген және біздің қызметіміздің барлық аспектілері бойынша Компанияның стратегиялық міндеттеріне сәйкес келетін орнықты даму саласындағы бастамалар да бар. Бастамаларға жыл сайын мониторинг жүргізіледі және Директорлар кеңесі қадағалайды.
Инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстар мен шағымдар туындаған кезде өзара іс-қимылдың қосымша құралы ретінде уақытша жұмыскерлер не компаниялар тобымен еңбек қатынастарында тұрмайтын адамдар және мына сайтта іске асырылатын жобалар бойынша өзге де мүдделі тұлғалар үшін кері байланысты пайдалануды сұраймыз: https://www.samruk-energy.kz/ru/navigation-and-support/feedback-all/feedback-other
Барлық өтініштер, шағымдар мен ұсыныстар белгіленген мерзімде өңделеді және біз өз қызметімізге қатысты кез келген елеулі іс-әрекеттерді назардан тыс қалдырмауға тырысамыз.
Стейкхолдерлермен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында және сыртқы мүдделі тараптардың алаңдаушылығына қатысты алдын алу шаралары үшін барлық өтініштер компаниялардың бүкіл периметрі бойынша шоғырландырылады және Директорлар кеңесінің назарына өз алдына жеке жеткізіледі.






