Жедел байланыс желісі
«Самұрық-Энерго» АҚ «Жедел желі» – заңды және/немесе Әдеп кодексін күдікті бұзушылықтар, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, құпия және инсайдерлік ақпаратты рұқсатсыз жария ету жағдайлары туралы хабарлауға арналған арна екенін хабарлайды. Өнімдер мен қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығына ресми сауалдар алу үшін тұтынушыларды қолдау қызметтерін және компаниялардың корпоративтік веб-сайттарында берілген байланыс ақпаратын пайдаланыңыз. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның немесе «Самұрық-Қазына» тобы компанияларының электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес zakup.sk.kz сатып алу веб-порталы арқылы берілуі тиіс.

Комплаенс
Табысты және орнықты компания сенімге негізделеді. Акционерлер, инвесторлар мен серіктестер үшін компанияның адал, ашық және жауапты бизнес жүргізуі маңызды. Осыған байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметін халықаралық үздік комплаенс-тәжірибелерге сәйкес жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және адал іскерлік қағидаттарды сақтауға ерекше мән береді.
«Самұрық-Энерго» АҚ «Комплаенс» қызметі тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады және ұйымдық тұрғыда Директорлар кеңесіне бағынады әрі функционалдық есептілік жүргізеді. Қызметтің негізгі мақсаты – Комплаенс бағдарламасын енгізу және іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған іс-шаралардың орындалуына бақылау жүргізу.
Қызметтің міндеттеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және мониторингтеу, оларды азайту бойынша ұсынымдар әзірлеу, іскерлік әдеп қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру кіреді.
Әдеп кодексі ауқымды құжат болып табылады және этикалық нормалардан басқа, оған әдеп стандарттары мен қызметкерлердің міндеттері, сұрақтар мен жауаптар, түсініктемелер кіреді.
Құжат комплаенс-тәуекелдерді ішкі бағалау негізінде және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) парақорлық пен сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қағидаттарына сәйкес әзірленген және тәуекелділікке бағытталған.