
«Майлар мен жағармайлар» сатып алу санаттық стратегиясын (бұдан әрі – Стратегия) іске асыру шеңберінде пайдаланылған майларды өткізу жөніндегі бастама енгізілді. Пайдаланылған майларды өткізу «СТ РК 3129-2018» ұлттық стандартына және пайдаланылған майларды жинауды ұйымдастыру, сақтау, есепке алу, тапсыру және өткізу тәртібін реттейтін өзге де құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Қордың портфельдік компанияларында пайдаланылған майларды жинауды ұйымдастыру, сақтау, есепке алу, тапсыру және өткізу тәртібі туралы нұсқаулыққа қойылатын үлгілік талаптарға сәйкес пайдаланылған майларды өткізу жөніндегі нұсқаулық әзірленді.
Осы бастаманың мақсаттары:
- табиғи ресурстарды сақтау;
- қоршаған ортаны ластанудан қорғау;
- қайталама шикізат мәртебесіне ие болатын қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
- Стратегияны іске асырудан қосымша экономикалық тиімділікке қол жеткізу.
Пайдаланылған майлармен жұмыс істеу тәртібі келесі кезеңдерді қамтиды:
- пайдаланылған майларды топтар бойынша бөлек жинауды ұйымдастыру;
- құрылымдық бөлімшелердің пайдаланылған майларды уақытша сақтау орындарын жабдықтауы;
- пайдаланылған майларды қоймаларға тапсыруды ұйымдастыру;
- пайдаланылған майларды өткізуді ұйымдастыру;
- пайдаланылған майларды қабылдау және тапсыру есебін жүргізу.
Осы бастама іске асырылған кезең ішінде қайта өңдеуге 375,297 тонна пайдаланылған май тапсырылып, 20,5 млн теңге көлемінде экономикалық тиімділікке қол жеткізілді.