{tab title="Іс-шаралар туралы ақпарат" alias="info" class="pl-3 pb-5 pr-3"}

{tab title="Сұрақ-жауап" alias="answer" class="pl-3 pb-5 pr-3"}

"Самұрық-Энерго "АҚ Трансформация бағдарламасына қатысты барлық сұрақтар мен ұсыныстарды сіз эл.пошта арқылы жібере аласыз.пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. немесе кері байланыс нысаны арқылы. Біз сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге қуаныштымыз!

Жаңа сұрақ қою

Бизнесті трансформациялау – бір үдерістерді автоматтандыру, оңтайландыру және жою, сондай-ақ бизнес тиіміділігін жоғарылатуына бағытталған басқа үдерістерді құру арқылы компания қызметіндегі ауқымды түрлендіру бағдарламасы. Трансформация – бұл түпкі мақсаты компания акцияларының бағасын арттыру болып табылатын, компанияны нысан бойынша да, мазмұны бойынша да өзгертудің күрделі де ұзақ үдерісі.

Өздеріңізге мәлім болғандай, бүгінгі күннің бізге әкелетін экономикалық дағдарыс, бірігу үдерістері және т.б. секілді қауіп-қатерлеріне толы. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобы бірқатар ірі электр энергетикалық активтерді басқара отырып, мемлекет мүдделерін білдіреді. Инвестициялық және операциялық қызмет тиімділігінің қажетті өсімін қамтамасыз ету үшін Қор өз қызметін және бақылайтын портфельдік компанияларының қызметін ауқымды түрлендіру бағдарламасын әзірледі. Аталған бағдарлама Қорды және портфельдік компанияларды қоса алғанда «Самұрық-Қазына» АҚ тобының трансформациясы үшін іргетас пен жалпы қағидаттарын орнықтырады.

Мемлекет операциялық рентабельділік, капиталдың тиімділігі және инвестицияланған капиталдың рентабелділігі бойынша бәсекелі кәсіпорындарға ие болады. Трансформация бағдарламасының нәтижесінде компания бағаны құрудың жоғары әлеуеті бар бизнестің бағыттарына шоғырлана алады, еңбек өндірісін жоғарылата алады, сондай-ақ осы параметрлер бойынша өзінің дүниежүзілік аналогтарының деңгейіне жете алады. Табысты инвестициялық жобаларды іске асыру аясында дүниежүзілік деңгейдегі жаңа өндірістер құрылатын болады, олар мемлекет бюджетіне бөлінген сомаларды ұлғайтады (дивидендтер мен салықтар түрінде), инфрақұрылымның дамуына ықпал жасайды және ақыры, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компаниялары ұсынатын қызметтердің сапасын маңызды жақсартады.

а) бизнес-үдерістерді және құрылымдарды стандарттау мен оңтайландыру, үздік тәжірибелерді қолдану, тиімсіздікті анықтау және жою;
б) әрбір бизнес-үдерісте тиімділіктің өлшенетін көрсеткіштерін ендіру және басқарудың операциялық та, жоғарғы деңгейінде де жүйелі өлшеулерді енгізу арқылы қызмет тиімділігін жоғарылату;
в) тиімділік көрсеткіштерінде негізделген есептіліктің оңтайландырылған жүйесін құру;
г) бірыңғай ақпараттық кеңістікті және басқарудың біріктірілген жүйесін құру.

• Үдерістер – компанияның қызметін сипаттайтын бірыңғай, ашық, стандартталған үдерістік моделін құру
• Адамдар – жаңа тапсырмаларды орындауға қажетті адамдардың машықтары мен құзыреттерін талдау және олардың деңгейін көтеру
• Технологиялар – автоматтандыруға жататын қызмет үдерістерін анықтау.
Үш бағыттың барлығы бағдарламаны іске асыру үшін негізгі болып табылады.

{tab title="Бағдарламаға шолу" alias="obzor" class="pl-3 pb-5 pr-3"}

ТРАНСФОРМАЦИЯ ТУРАЛЫ ЕҢ БАСТЫСЫ

Әлемдік тәжірибе нарықтың екпіндеп өзгеріп отырған конъюнкрутасына, ақпараттық технологиялардың дамуына, шиеленісе түскен бәсекелес күреске және өзге де факторларға тап болып, бизнес ортаның өзгерісіне жүгінуге мәжбүр болған компаниялардың жетістіктерін көрсетеді. Халықаралық корпорациялардағы Трансформациялау бағдарламасын іске асырудың әсері бүгінде айқын көрінеді.

 «Самұрық-Энерго» АҚ-ның акционері трансформациялау аясында күш-жігерді кәсіпорындарды басқарудың жаңа тәсілдерін ендіруге, ағымдағы бизнес-процестерінің айқындығын арттыруға бағыттау міндетін қойды, бұл өзіндік құнды арттыруға мүмкіндік береді. Қойылған міндеттерді шешкен кезде портфельдің құрылымын және инвестицияларға қатысты көзқарасты өзгерту, сондай-ақ өкілеттіктер мен жауапкершіліктің үйлестіруді қайта қарау мүмкін болады.

 2017 жылы мамырда «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Жаңғырту жөніндегі кеңес отырысында холдинг 2017-2021 жылдарға арналған Жобалар портфелін, Трансформациялау бағдарламасының 2017-2021 жылдарға арналған Болжалдық қаржы көрсеткіштерін және 2017 жылға арналған Жол картасын бекітті.

 2017 жылы наурызда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Ендіру» үшінші кезеңің басталғанын жариялады. Аталған кезең аясында Компания Трансформациялау бағдарламасын тікелей іске асыруға кірісті және алынған алғашқы нәтижелерді көрсетуде.

БАҒДАРЛАМА ТАРИХЫ

0-кезең. ЖҰМЫЛДЫРУ (2015ж. ақпан-маусым)

НЕГІЗГІ БАСТЫ НӘТИЖЕЛЕР:

  • Команда құрылды
  • Трансформация бағдарламасының негізгі құжаттары әзірленді
  • Команда оқытылды

1-кезең. ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ДИЗАЙН (07. 2015-08. 2016 ж.ж.)

НЕГІЗГІ БАСТЫ НӘТИЖЕЛЕР:

  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның операциялық моделін әзірлеу
  • 800 бизнес процесті нақтылау
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның НҚК ағашын әзірлеу
  • Персонал құзыреттерінің нысаналы моделін әзірлеу
  • ІТ-нің нысаналы құрылымын әзірлеу

2-кезеңЖОСПАРЛАУ (09.2016-03.2017 ж.ж.)

НЕГІЗГІ БАСТЫ НӘТИЖЕЛЕР: 

  • Трансформациялау бағдарламасының жобаларының портфелі
  • ІТ стратегиялық жоспары
  • Транзиттік IT-архитектура
  • Трансформациялау жобаларының бизнес-кейстері
  • 2016 жылдың қорытындылары бойынша «Жобалардан кейін ТМҚ қалдықтарын босату» жобасы бойынша 4,9 млрд. теңге мөлшерінде табыс алынды

3-кезеңІСКЕ АСЫРУ (2017 ж. наруыздың басы – жалғасуда)

2017 жыллың НЕГІЗГІ БАСТЫ НӘТИЖЕЛЕРІ:

  • «Стратегиялық жоспарлау мен тиімділікті басқарудың жаңа моделін ендіру» жобасы аяқталды
  • Корпоративтік орталықта ақпараттық қауіпсіздікті басқару мен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі ендірілді
  • «Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін ендіру» жобасын іске асыру аясында Сауда үйі негізінде пилот іске қосылды
  • «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да Интеграцияланған жоспарлау жүйесінің прототипіне сынақ жүргізілді
  • «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның Нысаналы ұйымдық құрылымы әзірленді
  • Корпоративтік орталықта Job-matching рәсімі өткізілді

ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

 Трансформациялау бағдарламасын басқару үшін Офис құрылды, оның міндеттер тізбесіне Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету, мерзімдерді бақылау, тәуекелдерді басқару және барлық мүдделі тараптарды Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы хабардар ету кіреді.

Трансформациялау компандасында мына бағыттар төмендегі блоктарға бекітілді:

  • CMG — Өзгерістерді басқару (Адамдар)
  • TIM — Ақпараттық-техникалық блок (Технологиялар)
  • PMO — Қойылған мақсаттарды белгіленген мерзімдер мен бөлінген бюджет шегінде бақылау және оларға қол жеткізу

{/tabs}