Мақсұтов Қайрат Берікұлы

Мақсұтов Қайрат Берікұлы

«Самұрық – Энерго» АҚ Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2023 жылғы 14 маусымдағы шешімімен (№28/23 хаттама) «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Туған жылы: 16 мамыр 1970 жыл

Білімі:

1991 ж. - Қазтұтынуодағы Қарағанды кооперативтік институты, «Ревизия және бақылау» мамандығы

2019ж. - Алматы энергетика және байланыс университеті, «Электр энергетикасы» мамандығы

Жұмыс тәжірибесі:

08.1991ж. -11.1992ж. -  Қарағанды облыстық тұтыну одағы Есепке алу және бақылау басқармасының ревизоры 

12.1992ж. -10.1993ж. - «Игілік-Банк» АКБ Қарағанды филиалы Инвестициялар және инновациялар бөлімінің жетекші маманы

11.1993ж. - 08.1995ж. - «Игілік-Банк» АКБ Қарағанды филиалының Халықаралық есеп айырысу және валюталық операциялар бөлімінің бастығы

08.1995ж.- 03.1997ж. - «Игілік-Банк» АКБ Қарағанды филиалы директорының орынбасары

04.1997ж. - 09.1997ж. - «Қамрау-Қарағанды» ЖШС Қаржы жөніндегі кеңесшісі  

09.1997ж. - 06.1999ж. - ЕЭА Әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары, Қаражал қаласы әкімінің орынбасары

10.1999ж. - 06.2004ж. - Алматы қ. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ Қарағанды филиалы директорының орынбасары, директоры

08.2004ж. - 09.2008ж. - «Гефест» тау-кен салалық холдингінің экономика жөніндегі вице-президенті

09.2008ж. - 01.2009ж. - Еуразия холдингтік компанияның басқарушы директоры

02.2009ж. - 02.2012ж. - «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының Қаржы және экономика жөніндегі орынбасары

02.2012ж. - 11.2012ж. - «Самұрық-Энерго» АҚ Қаржы және экономика жөніндегі басқарушы директоры

11.2012ж. - 11.2013ж. - «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директор

11.2013ж. - 03.2016ж. - «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

03.2016ж. - 05.2018ж. - «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры

06.2018ж. – 06. 2023ж. – Коммерциялық құрылымдарда басшы

06.2023 ж. – қазіргі кезге дейін – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы

 

Компанияның, өнім берушілердің және бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.