Кравченко Андрей Николаевич
«Самұрық - Қазына» АҚ құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры-Басқарма мүшесі.
2021 жылғы 26 сәуірде «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен (№17/21 хаттама) Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 19.07.1966 ж
Білімі:
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1991) «Құқықтану» мамандығы
Мәскеу бизнес-мектебі (2011)
Жұмыс тәжірибесі:
1994-1997 - Талдықорған облысы прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры, бөлім көмекшісі;
1997-2011 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі департаментінің аға прокуроры, бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, бастығы;
06.2011-07.2017 - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары;
2018 жылдан - «Самұрық - Қазына» АҚ құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры-Басқарма мүшесі.
Директорлар кеңесіне қатысуы:
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
«Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
Қоғамның, жеткізушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етуі:
Иелік етпейді.
Директорлар Кеңесінің акционердің өкілдері болып табылатын мүшелеріне Директорлар кеңесіндегі жұмысы үшін сыйақы төленбейді.