«Самұрық-Энерго» АҚ Жарғысының 7-бабына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ органдары мыналар болып табылады:
1) жоғары орган – жалғыз Акционер;
2) басқару органы – Директорлар кеңесі;
3) атқарушы орган – Қоғам Басқармасы;
4) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылау саласындағы тәуекелдерді бағалауды, тәуекелдерді басқаруды, Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында корпоративтік басқару мен кеңес беру саласындағы құжаттарды орындауды жүзеге асыратын орган – Ішкі аудит қызметі.
Жоғары орган – жалғыз Акционер
Акционерлердің жалпы жиналысының (барлық дауыс беруші акцияларға ие акционерлер) ерекше құзыретіне келесі мәселелер жатады:
1) қоғамның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту;
2) корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ оған өзгертулер мен толықтыруларды бекіту;
3) қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
4) қоғамның жарияланған акциялары санының артуы немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акциялары түрінің өзгеруі туралы шешім қабылдау;
5) директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттілік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне берілетін сыйақы көлемі мен шартын анықтау;
6) қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау;
7) жылдық қаржы есептілігін бекіту;
8) қоғамның есептік қаржы жылындағы таза кірісін тарату тәртібін бекіту, қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір қарапайым акциясы есебімен дивиденд көлемін бекіту.
Басқару органы –Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесінің қызметі «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережесімен реттеледі Директорлар кеңесінің ерекше құзырына келесі негізгі мәселелер жатады:
1) қоғам қызметінің басым бағыттарын анықтау;
2) акционерлердің жылдық және кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдау;
3) акцияларды орналастыру (сату), соның ішінде жарияланған акциялар санының шегінде орналастырылатын (сатылатын) акциялар саны, орналастыру (сату) тәсілі және бағасы туралы шешім қабылдау;
4) қоғамның жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту;
5) атқарушы органның сандық құрамын, өкілеттілік мерзімін анықтау, оның жетекшісі мен мүшелерін (атқарушы органның міндеттерін жеке-дара жүзеге асыратын тұлғалар) сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
6) лауазымдық еңбекақы көлемі мен еңбекақы шарттарын және атқарушы органның жетекшісі мен мүшелеріне (атқарушы органның міндеттерін жеке-дара жүзеге асыратын тұлғалар) сыйақы беруді анықтау;
7) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттілік мерзімін анықтау, оның жетекшісі мен мүшелерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің еңбекақы көлемі мен төлеу шартын және сыйақы беруді анықтау.
Атқарушы орган – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы өз қызметін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады Басқарманың ерекше құзырына келесі негізгі мәселелер жатады:
1) Қоғамның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған шешімдерді қабылдау;
2) Қоғам дамуының 5 (бес) жылға стратегиялық бағыттарын, Қоғам дамуының жоспарын (3 (үш) жылға ортамерзімдік бизнес-жоспар), Қоғам бюджетін (1 (бір) жылға бизнес-жоспар) жасау, мақұлдау және Директорлар кеңесіне ұсыну;
3) Қоғамның Даму жоспарын (3 (үш) жылға ортамерзімдік бизнес-жоспарды), Қоғамның бюджетін (1 (бір) жылға бизнес-жоспарды) жүзеге асыру;
4) Ішкі бақылау және Қоғамдағы тәуекелдерді басқару рәсімдерін жасау және қолдану;
5) Директорлар кеңесі бекіткен Қоғамның орталық аппараты қызметкерлерінің штаттық санын ескеріп, Қоғамның штаттық кестесі мен құрылымын бекіту.
Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылау саласындағы тәуекелдерді бағалауды, тәуекелдерді басқаруды, Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында корпоративтік басқару мен кеңес беру саласындағы құжаттарды орындауды жүзеге асыратын орган –Ішкі аудит қызметі.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ішкі аудит қызметі өз қызметін«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ішкі аудит қызметі туралы ережесіне сәйкес жүзеге асырады
Ішкі аудит қызметінің миссиясы Директорлар кеңесі мен Басқармаға олардың Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу бойынша міндеттерін атқаруда қажетті ықпалдастық көрсету болып табылады.
Қызметінің негізгі мақсаты тәуекелдерді басқару жүйелерін жетілдіруге, ішкі бақылау мен корпоративтік басқаруға жүйелі қарастыруды енгізу жолымен, Директорлар кеңесіне Қоғамды тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және жан-жақты ақпаратты ұсыну болып табылады.
Ішкі аудит қызметінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау;
2) тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау;
3) бухгалтерлік есеп жүйесінің шынайылығын, толықтығын, жан-жақтылығын және қаржы есептілігінің сенімділігін бағалау.
Ішкі аудит қызметі оған жүктелген міндеттерге сәйкес, белгіленген тәртіп бойынша келесі функцияларды атқарады:
1) Қоғамда ішкі бақылау жүйесінің тепе-теңдігі мен тиімділігіне бағалауды жүргізу;
2) Қоғамдағы тәуекелдерді бағалау әдістемелерін және тәуекелдерді басқару рәсімдерін қолданудың толықтығы мен тиімділігіне бағалау жүргізу;
3) Қазақстан Республикасы заңнамалары, халықаралық келісімдер, Қоғамның ішкі құжаттары талаптарының, сондай-ақ өкілетті және қадағалау органдары көрсетілімдерінің, Қоғам органдары шешімдерінің сақталуына тексеру жүргізу және осы талаптардың сақталуы мақсатында құрылған жүйелерді бағалау.
Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит комитеті
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит комитеті «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 25 мамырдағы шешімімен бекітілген (№ 05/18 хаттама) «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Комитет туралы ережесіне сәйкес әрекет етеді.
Аудит комитеті Қоғам акционерлерінің мүддесін үшін әрекет етеді, оның жұмысы Қоғамның Директорлар кеңесіне мына мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы ықпал етуге бағытталған:
- Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне тиімді бақылау жүйесін орнату (оның ішінде, қаржылық есептіліктің толықтығы мен дұрыстығына);
- ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігіне, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуына бақылау жасау;
- ішкі және сыртқы аудиттің тәуелсіздігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету процесіне бақылау жасау;
- Ішкі аудит қызметінің жетекшісі мен қызметкерлеріне сыйақы беру саясаты мен құрылымы бойынша ұсынымдар беру;
- Ішкі аудит қызметінің жетекшісі ұсынған Ішкі аудит қызметінің жетекшісі мен/және Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері лауазымдарына үміткерлер үшін біліктілік талаптарын қарау және әзірлеу;
- Ішкі аудит қызметі мен «Комплаенс» қызметінің басшысы және/немесе қызметкерлерінің лауазымына үміткерлер үшін біліктілік талаптарын қарау және әзірлеу;
- Ішкі аудит қызметі мен «Комплаенс» қызметінің басшысы мен қызметкерлерінің лауазымына үміткерлер бойынша ұсынымдар беру;
- орнықты даму мен комплаенс саласындағы тәуекелдерге, қаржылық емес ақпарат пен есептіліктің сапасына бақылау жасайды;
- мәмілелердің, сондай-ақ инвестициялық жобалардың тиімділігі мен мақұлдануын бағалау кезінде тәуекелдерді азайту бойынша шараларды ұсынады;
- осы Ереженің талаптарына сәйкес басқа мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Аудит комитеті белгіленген тәртіпте мына:
- қаржылық есептілік мәселелері бойынша;
- ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша;
- сыртқы аудит мәселелері бойынша;
- ішкі аудит мәселелері бойынша;
- заңнамаларды сақтау мәселелері бойынша функцияларды атқарады.
Қоғамның Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақы комитеті
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақы комитеті өзінің қызметін «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 25 мамырдағы шешімімен бекітілген (№ 05/18 хаттама) Тағайындаулар және сыйақы комитеті туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Комитет құзыретіне мына мәселелер жатады:
- Тәуелсіз директорлар ретінде, Басқарма құрамына және Корпоративтік хатшы ретінде тартылатын үміткерлер үшін біліктілік талаптарын дайындау;
- Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес Тәуелсіз директорлар ретінде, Басқарма құрамына және Корпоративтік хатшы ретінде тартылатын үміткерлер мен басқа қызметкерлер үшін ұсынымдар дайындау. Сайлануы (тағайындалуы) акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне ғана жатқызылған лауазымдарға үміткерлерді Қоғамның ішкі құжаттарының тиісті ережелері және/немесе акционерлердің өтініштері (тапсырмалары) негізінде Комитет қарастырады;
- Директорлар кеңесі мен Басқарма, Директорлар кеңесі Комитеттерінің мүшелері мен Қоғамның Корпоративтік хатшысының сабақтастығын жоспарлау саясатын әзірлеу;
- Директорлар кеңесі бекіткен тізбеге сәйкес, Басқарма құрамына үміткерлер мен өзге де басшы қызметкерлерді бағалау;
- Қоғам басшылығының сабақтастығын бағалау мен қамтамасыз ету саясатына қатысты ұсынымдар дайындау;
- Қоғам Басқармасы мүшелері, Қоғамның Корпоративтік хатшысы қызметінің ынталандырушы негізгі көрсеткіштерін алдын ала қарау, сондай-ақ оларға қол жеткізу бойынша мониторингті жүзеге асыру;
- Қоғамның Басқарма мүшелері мен Корпоративтік хатшысының лауазымдарын бағалау. Директорлар кеңесіне Қоғамның Басқарма мүшелері мен Корпоративтік хатшысының Грейдтерін бекіту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Қоғамның Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитеті
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитеті өз қызметін «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 25 мамырдағы шешімімен бекітілген (№ 05/18 хаттама) «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Стратегиялық жоспарлау комитеті туралы ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Комитеттің құзыретіне мына мәселелер кіреді:
- Миссияны, пайымдауды, мақсаттар мен міндеттерді қоса алғанда, даму стратегиясын алдын ала қарау, сондай-ақ оларды мерзімділікпен қайта қарау;
- Қоғамның қолданыстағы даму стратегиясына өзгерістердің ықпалын анықтау үшін экономикалық және бәсекелес ортадағы өзгерістерге мониторинг жүргізу және осы өзгерістерді есепке ала отырып, даму стратегиясын қайта қарауды/қайта бағалауды қамтамасыз ету;
- бірігу, қосылу, бөліну, өзгеру нысанында Қоғамды қайта құрумен байланысты стратегиялық шешімдерді әзірлеу бойынша талдау жасау және ұсынымдар беру;
- Қоғамның даму стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын алдын ала қарау;
- Қоғам акционерінің үміттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын алдын ала қарау;
- орнықты даму саласындағы әдістемелік аспектілерге қатысты стратегиялық шешімдерді әзірлеу бойынша ұсынымдарға талдау жасау және оларды ұсыну, сондай-ақ орнықты даму, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәжірибелерді қолдану;
- инвестициялық жобаларды алдын ала қарау;
- инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, оларға мониторинг жүргізу бойынша талдау жасау және ұсынымдар беру;
- Қоғамның даму жоспарын (бизнес-жоспарын), Қоғамның есепті кезеңдегі даму жоспарының (бизнес-жоспарының) орындалуы туралы есепті алдын ала қарау, сондай-ақ даму жоспарында жоспарланған кезеңнің алғашқы күнтізбелік жылына Қоғам бюджетін алдын ала қарау.
- Қоғамның Трансформациялау бағдарламасы мен оған қатысты Жол картасының іске асыру тиімділігіне талдау жасау.
Қоғамның Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті өз қызметін «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 31 наурыздағы шешімімен бекітілген (№ 03/18 хаттама) «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті туралы ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Комитеттің құзыретіне мына мәселелер кіреді:
- Қоғамның өндірістік қауіпсіздігіне, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелерді шешуде ДК тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты тәуекелдерді сәйкестендіру мен басқару бойынша Қоғам саясаттары мен жүйелерінің тиімділігіне бағалау жүргізу;
- Қоғам саясаты мен жүйелерін еңбекті және қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңнамалық және нормативтік талаптардың сақталуына байланысты талдау;
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің өліммен аяқталған барлық жазатайым оқиғаларға қатысты есептеріне, сондай-ақ Қоғам ҚБ-ның өз ішінде орын алатын күрделі оқиғалар мен мұндай жағдайлар мен оқиғалар нәтижесінде қабылданатын іс-шараларға талдау жасау;
- дұрыс әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын туғызу, ауыр дене еңбегін болдырмау мақсатында өндіріске неғұрлым жетілген технологияларды, жаңа техниканы, өндірістік процестерді автоматтандыру мен механикаландыруды ендіруге жәрдемдесу;
- қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлігінде орнықты даму мәселелерін қарау.
Директорлар кеңесінің Тағайындаулар бойынша комитеті
2023 жылғы 1 тамыз «Самрұқ-Энерго» АҚ Директорлар Кеңесі тағайындау және сыйақы Комитетінің мүшелері
- Огай В.Д. - тәуелсіз директор, тағайындау және сыйақы Комитетінің Төрағасы.
- Жубаев А.С. - тәуелсіз директор, тағайындау және сыйақы Комитетінің мүшесі.
- Репин А.Ю. - тағайындау және сыйақы Комитетінің мүшесі.
- Әкімов Т. Н. - («Самұрық – Қазына» АҚ Мұнай-газ, тау-кен және энергетикалық активтер департаментінің аға менеджері) – Тағайындаулар және сыйақы комитетінің дауыс беру құқығынсыз сарапшысы.
Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті
2023 жылғы 1 тамыз «Самұрұқ-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі Аудит комитетінің құрамы
- Жубаев А.С. – тәуелсіз директор, Аудит комитетінің Төрағасы;
- Кашкинбеков А.К. - тәуелсіз директор, Аудит комитетінің мүшесі.
- Огай В.Д. - тәуелсіз директор, Аудит комитетінің мүшесі.
- Әкімов Т. Н. - («Самұрық – Қазына» АҚ Мұнай-газ, тау-кен және энергетикалық активтер департаментінің аға менеджері) - Аудит комитетінің дауыс беру құқығынсыз сарапшысы.
- Мыңжанов Е.С. («Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді қаржы-экономикалық басқару департаментінің аға менеджері) - Аудит комитетінің дауыс беру құқығынсыз сарапшысы.
Стратегиялық жоспарлау комитеті
2023 жылғы 1 тамыз «Самұрұқ-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі Стартегиялық жоспарлау комитетінің мүшелері:
- Кашкинбеков А.К. - тәуелсіз директор, Стартегиялық жоспарлау комитетінің Төрағасы.
- Жубаев А.С.- тәуелсіз директор, Стартегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі.
- Әкімов Т. Н. - («Самұрық – Қазына» АҚ Мұнай-газ, тау-кен және энергетикалық активтер департаментінің аға менеджері) - Стратегиялық жоспарлау комитетінің дауыс беру құқығынсыз сарапшысы.
- Мыңжанов Е.С. - («Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді қаржы-экономикалық басқару департаментінің аға менеджері) - Стратегиялық жоспарлау комитетінің дауыс беру құқығынсыз сарапшысы.
Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті
2023 жылғы 1 тамыз «Самұрұқ-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшелері:
- Огай В.Д. - тәуелсіз директор, Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетін төрағасы.
- Кашкинбеков А.К. - тәуелсіз директор, Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетін мүшесі.
- Әкімов Т. Н. - («Самұрық – Қазына» АҚ Мұнай-газ, тау-кен және энергетикалық активтер департаментінің аға менеджері) – Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің дауыс беру құқығынсыз сарапшысы.
2022 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі 17 отырыс өткізді, олардың ішінде: 11 отырыс тікелей түрде, 6 отырыс сырттай түрде.
Осылайша, 2022 жылы Директорлар кеңесінің тікелей және сырттай отырыстарының пайыздық арақатынасы төмендегіні құрады:
Директорлар кеңесінің тікелей отырыстары – 60 %
Директорлар кеңесінің сырттай отырыстары – 40 %.
Өткізілген отырыстарға Директорлар кеңесі мүшелері қатысуының пайыздық арақатынасын қарастырсақ,
Казутин Н.Ю., Репин А.Ю., Жаркешов Е.С., Тютебаев С.С., Огай В.Д., Кашкинбеков А.К., Жубаев А.С Директорлар кеңесінің барлық отырыстарына, яғни 100% қатысты.
2021 жыл
2021 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі 14 отырыс өткізді, олардың ішінде: 8 отырыс тікелей түрде, 6 отырыс сырттай түрде.
Осылайша, 2021 жылы Директорлар кеңесінің тікелей және сырттай отырыстарының пайыздық арақатынасы төмендегіні құрады:
Директорлар кеңесінің тікелей отырыстары – 60 %
Директорлар кеңесінің сырттай отырыстары – 40 %.
Өткізілген отырыстарға Директорлар кеңесі мүшелері қатысуының пайыздық арақатынасын қарастырсақ,
Акчулаков Б.У., Кравченко А.Н., Андреас Сторзел, Хоакин Галиндо және Есимханов С.К. Директорлар кеңесінің барлық отырыстарына, яғни 100% қатысты.
2020 жыл
2020 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі 13 отырыс өткізді, олардың ішінде: 9 отырыс тікелей түрде, 4 отырыс сырттай түрде.
Осылайша, 2020 жылы Директорлар кеңесінің тікелей және сырттай отырыстарының пайыздық арақатынасы төмендегіні құрады:
- Директорлар кеңесінің тікелей отырыстары –70 %
- Директорлар кеңесінің сырттай отырыстары – 30 %.
Өткізілген отырыстарға Директорлар кеңесі мүшелері қатысуының пайыздық арақатынасын қарастырсақ,
- Карымсаков Б.Е., Жамиев А.К., Андреас Сторзел, Лука Сутера, Хоакин Галиндо және Жоламанов Б.Т. Директорлар кеңесінің барлық отырыстарына, яғни 100% қатысты.
2019 жыл
2019 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі 13 отырыс өткізді, олардың ішінде: 9 отырыс тікелей түрде, 4 отырыс сырттай түрде.
Осылайша, 2019 жылы Директорлар кеңесінің тікелей және сырттай отырыстарының пайыздық арақатынасы төмендегіні құрады:
- Директорлар кеңесінің тікелей отырыстары –70 %
- Директорлар кеңесінің сырттай отырыстары – 30 %.
Өткізілген отырыстарға Директорлар кеңесі мүшелері қатысуының пайыздық арақатынасын қарастырсақ,
Карымсаков Б.Е., Жамиев А.К., Андреас Сторзел, Лука Сутера, Хоакин Галиндо және Жоламанов Б.Т. Директорлар кеңесінің барлық отырыстарына, яғни 100% қатысты.
2018 жыл
2018 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі 14 отырыс өткізді, олардың ішінде: 11 отырыс тікелей түрде, 3 отырыс сырттай түрде.
Осылайша, 2018 жылы Директорлар кеңесінің тікелей және сырттай отырыстарының пайыздық арақатынасы төмендегіні құрады:
- Директорлар кеңесінің тікелей отырыстары –80 %
- Директорлар кеңесінің сырттай отырыстары – 20 %.
Өткізілген отырыстарға Директорлар кеңесі мүшелері қатысуының пайыздық арақатынасын қарастырсақ,
- Айдарбаев А.С., Рахметов Н.К., Андреас Сторзел, Спицын А.Т., Лука Сутера, Хоакин Галиндо және Жоламанов Б.Т. Директорлар кеңесінің барлық отырыстарына, яғни 100% қатысты.
2017 жыл
2017 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі 12 отырыс өткізді, олардың ішінде: 9 отырыс тікелей түрде, 3 отырыс сырттай түрде.
Осылайша, 2017 жылы Директорлар кеңесінің тікелей және сырттай отырыстарының пайыздық арақатынасы төмендегіні құрады:
- Директорлар кеңесінің тікелей отырыстары – 70 %
- Директорлар кеңесінің сырттай отырыстары – 30 %.
Өткізілген отырыстарға Директорлар кеңесі мүшелері қатысуының пайыздық арақатынасын қарастырсақ,
Бектемиров К.А., Рахметов Н.К., Андреас Сторзел, Лука Сутера, Хоакин Галиндо, Спицын А.Т. и Саткалиев А.М. Директорлар кеңесінің барлық отырыстарына, яғни 100% қатысты.
2016 жыл
2016 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі 11 отырыс өткізді, олардың ішінде: 7 отырыс тікелей түрде, 4 отырыс сырттай түрде.
Осылайша, 2016 жылы Директорлар кеңесінің тікелей және сырттай отырыстарының пайыздық арақатынасы төмендегіні құрады:
- Директорлар кеңесінің тікелей отырыстары –60 %
- Директорлар кеңесінің сырттай отырыстары – 40 %.
Өткізілген отырыстарға Директорлар кеңесі мүшелері қатысуының пайыздық арақатынасын қарастырсақ,
- Бектеміров К.А., Сатқалиев А.М., Андреас Сторзел, Спицын А.Т., Лука Сутера Директорлар кеңесінің барлық отырыстарына, яғни 100% қатысты.
2015 жыл
2015 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі 9 отырыс өткізді, олардың ішінде: 9 отырыс тікелей түрде.
Осылайша, 2015 жылы Директорлар кеңесінің тікелей және сырттай отырыстарының пайыздық арақатынасы төмендегіні құрады:
- Директорлар кеңесінің тікелей отырыстары –100 %
- Директорлар кеңесінің сырттай отырыстары – 0 %.
Өткізілген отырыстарға Директорлар кеңесі мүшелері қатысуының пайыздық арақатынасын қарастырсақ,
- Бектеміров К.А., Сатқалиев А.М., Огай А.В., Спицын А.Т., Лука Сутера Директорлар кеңесінің барлық отырыстарына, яғни 100 % қатысты.
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі комитеттері отырыстарының саны және отырыстарға келу
2022 жыл
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері отырыстарының саны және отырыстарға қатысушылық
Тағайындаулар және сыйақы комитетінің отырыстары. 2022 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі ТСК-ның 9 тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда 57 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
Аудит жөніндегі комитетінің отырыстары. 2022 жылы Аудит жөніндегі комитеттің 8 отырысы өткізілді, отырыстарда 55 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырыстары.2022 жылы СЖК-ның 7 тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда 38 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің отырыстары. 2022 жылы Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің 4 отырысы өткізілді, онда 9 мәселе қаралды. Комитет отырыстарына Комитеттің дауыс беруге құқылы мүшелерінің қатысуы 100%-ды құрады.
2021 жыл
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері отырыстарының саны және отырыстарға қатысушылық
Тағайындаулар және сыйақы комитетінің отырыстары. 2021 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі ТСК-ның 8 тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда 69 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
Аудит жөніндегі комитетінің отырыстары. 2021 жылы Аудит жөніндегі комитеттің 7 отырысы өткізілді, отырыстарда 64 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырыстары.2020 жылы СЖК-ның 8 тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда 45 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің отырыстары. 2021 жылы Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің 6 отырысы өткізілді, онда 7 мәселе қаралды. Комитет отырыстарына Комитеттің дауыс беруге құқылы мүшелерінің қатысуы 100%-ды құрады.
2020 жыл
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері отырыстарының саны және отырыстарға қатысушылық
- Тағайындаулар және сыйақы комитетінің отырыстары. 2020 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі ТСК-ның 9 тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда 45 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
- Аудит жөніндегі комитетінің отырыстары. 2020 жылы Аудит жөніндегі комитеттің 8 отырысы өткізілді, отырыстарда 66 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
- Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырыстары.2020 жылы СЖК-ның 8 тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда 43 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
- Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің отырыстары. 2020 жылы Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің 6 отырысы өткізілді, онда 7 мәселе қаралды. Комитет отырыстарына Комитеттің дауыс беруге құқылы мүшелерінің қатысуы 100%-ды құрады.
2019 жыл
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері отырыстарының саны және отырыстарға қатысушылық
- Тағайындаулар және сыйақы комитетінің отырыстары. 2019 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі ТСК-ның 8 тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда 40 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
- Аудит жөніндегі комитетінің отырыстары. 2019 жылы Аудит жөніндегі комитеттің 8 отырысы өткізілді, отырыстарда 59 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
- Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырыстары.2019 жылы СЖК-ның 8 тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда 45 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
- Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің отырыстары. 2020 жылы Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің 4 отырысы өткізілді, онда 9 мәселе қаралды. Комитет отырыстарына Комитеттің дауыс беруге құқылы мүшелерінің қатысуы 100%-ды құрады.
2018 жыл
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері отырыстарының саны және отырыстарға қатысушылық
- Тағайындаулар және сыйақы комитетінің отырыстары. 2018 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі ТСК-ның 12 тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда 68 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
- Аудит жөніндегі комитетінің отырыстары. 2018 жылы Аудит жөніндегі комитеттің 12 отырысы өткізілді, отырыстарда 81 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
- Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырыстары.2018 жылы СЖК-ның 10 тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда 30 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
- Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің отырыстары. 2020 жылы Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің 4 отырысы өткізілді, онда 8 мәселе қаралды. Комитет отырыстарына Комитеттің дауыс беруге құқылы мүшелерінің қатысуы 100%-ды құрады.
2017 жыл
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері отырыстарының саны және отырыстарға қатысушылық
- Тағайындаулар және сыйақы комитетінің отырыстары. 2017 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі ТСК-ның 9 тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда 40 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
- Аудит жөніндегі комитетінің отырыстары. 2017 жылы Аудит жөніндегі комитеттің 9 отырысы өткізілді, отырыстарда 48 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
- Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырыстары. 2017 жылы СЖК-ның 7 тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда 30 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
2016 жыл
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері отырыстарының саны және отырыстарға қатысушылық
- Тағайындаулар және сыйақы комитетінің отырыстары. 2016 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі ТСК-ның 11 тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда 37 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
- Аудит жөніндегі комитетінің отырыстары. 2016 жылы Аудит жөніндегі комитеттің 8 отырысы өткізілді, отырыстарда 43 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
- Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырыстары. 2016 жылы СЖК-ның 6 тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда 19 мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
2015 жыл
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері отырыстарының саны және отырыстарға қатысушылық
- Тағайындаулар және сыйақы комитетінің отырыстары. 2015 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі ТСК-ның тоғыз тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда жиырма сегіз мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
- Аудит жөніндегі комитетінің отырыстары. 2015 жылы Аудит жөніндегі комитеттің он отырысы өткізілді, отырыстарда қырық бес мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
- Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырыстары. 2015 жылы СЖК-ның тоғыз тікелей отырысы өткізілді, отырыстарда он алты мәселе қарастырылды. Дауыс құқығына ие болған Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында қатысуы 100% құрады.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қоғамның барлық дауыс беруші акцияларына ие акционер бола отырып, құрамы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасымен бекітілетін «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесіне кандидаттарды дербес ұсынады.
Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы Жалғыз акционердің шешімімен сайланады, егер Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы ЖА өкілдерінің арасынан сайланса, Директорлар кеңесі тәуелсіз директорлар арасынын аға тәуелсіз директорды сайлайды.
Директорлар кеңесінің құрамына үміткерлер іздеу мен іріктеу процесін Жалғыз акционер Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасымен және Тағайындаулар мен сыйақы комитетінің төрағасымен бірлесіп жүзеге асырады.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық дауыс беруші акцияларына ие акционер екендігін ескере отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы өткізілмейді және «Самұрық-Энерго» АҚ Акционерлерінің ерекше құзырына жатқызылған шешімдер «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасымен қабылданады.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының қызмет тәртібі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ішкі құжаттарымен анықталады.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және оның қызметі туралы толығырақ ақпаратпен мына сайтта танысуға болады: http://www.samruk-energy.kz
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Іскерлік әдеп кодексі «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 24 маусымдағы шешімімен бекітілген.
Іскерлік әдеп талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ-да сенім телефоны және электронды мекен-жай ұйымдастырылған, олар туралы ақпарат сайтта жарияланып, «Самұрық-Энерго» АҚ офисінде көрсетілген. Қоғамда азаматтардың, соның ішінде Іскерлік әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша арыз-шағымдары мен ұсыныстарын қабылдауға пошта жәшігі орнатылған.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы Төрағасының бұйрығымен міндетіне Іскерлік әдеп кодексінің (омбудсмен) ережелерін түсіндіру, сондай-ақ Іскерлік әдеп кодексінің ережелері мен компанияның оны жүзеге асыру саясатын бұзу туралы мәліметтерді жабық жағдайда жинау және қарау кіретін тұлға тағайындалған.
Іскерлік әдеп кодексіне қатысты және/немесе жұмыс барысында туындаған мәселелер бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы әрекет фактілері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері корпоративтік хатшыға өзін таныстырып немесе жасырын түрде тиісті шаралар қабылдау үшін өтініш бере алады.
Сондай-ақ, іскерлік әдеп мәселелері және/немесе іскерлік әдеп қағидаларын бұзу оқиғаларын қызметкерлер тікелей жетекшімен талқылай алады. Егер талқылау қорытындысы бойынша құптауға болатын шешім табылмаса, онда қызметкер сәйкес мәселе туралы ұсыныстар алу/немесе тиісті шаралар қабылдау үшін Корпоративтік хатшыға хабарлауы тиіс.
Мүдделі тұлғалар Корпоративтік хатшы арқылы Директорлар кеңесіне Басқарма мүшелерінің заңсыз және әдепсіз әрекеттері туралы хабарлауға құқылы.
Директорлар кеңесі отырыстары оның өкілеттілік мерзімі басталған соң жыл сайын ұтымдылық, тиімділік және тұрақтылық принциптеріне негізделіп құрылатын кестеге сай өткізіледі. Директорлар кеңесінің отырыстары жылына алты реттен кем өтпеуі керек.
Директорлар кеңесінің отырыстары оның төрағасының не атқарушы органның бастамасы бойынша немесе:
1) Директорлар кеңесінің кез келген мүшесінің;
2) Қоғамның Ішкі аудит қызметінің;
3) Қоғам аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымның;
4) Жалғыз акционердің талабы бойынша шақырылуы мүмкін.
Директорлар кеңесінің отырысын шақыру туралы талап оның төрағасына Директорлар кеңесі отырысының ұсынылатын күн тәртібі көрсетілген тиісті жазба нысандағы хабарламаны бағыттау арқылы тапсырылады.
Директорлар кеңесінің төрағасы отырысты шақырудан бас тартқан жағдайда бастамашы аталған талаппен атқарушы органға ұсыныс жасауға құқылы, ал атқарушы орган Директорлар кеңесінің отырысын шақыруға міндетті.
Директорлар кеңесінің отырысын Директорлар кеңесі төрағасы немесе атқарушы орган шақырылу туралы талап түскеннен кейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей шақыруы тиіс.
Қоғамның Директорлар кеңесінің жұмысын бағалау «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі Әдісінің және оның комитеттерінің, Директорлар Кеңесі мүшелерінің, Басқарма және де корпоративтік хатшы қызметіне бағалау жүргізу туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
«Қоғам қаржылық тұрақтылық пен беделіне жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін әлеуетті оқиғаларды уақытылы сәйкестендіруге, бағалауға, мониторингілеуге және азайтуға бағытталған корпоративтік басқарудың басты элементі ретінде тәуекелдерді басқару жүйесі мен рәсімдерін дамыту маңыздылығын түсінеді».
Тәуекелге бағдар ұстаған басқаруды, сыртқы және ішкі ортаның өзгеістеріне уақытылы әрекет етуді ұйымдастыру, сондай-ақ тәуекелдерді іске асырған кезде мүмкін болатын шығындарды азайту мақсатында Қоғамда және оның негізгі тәуелді және еншілес ұйымдарда тәуекелдерді басқару жүйесін ендіру және жетілдіру ұйымдастырылады: тәуеклдерді басқаруға және ішкі бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелер құрылды, тәуекледерді басқарумен байланысты мәселелерді алдын ала қарастыру мен мақұлдау үшін Тәуекелдер бойынша комитеттер қалыптастырылады, тоқсан сайын негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі есептер қалыптастырылады, тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі нормативтік құжаттар өзектендіріледі.
Қоғамның Директорлар кеңесі негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі шоғырландырылған тіркелім, тәуекелдер картасы, негізгі тәуекелдерді сипаттап және талдап, тоқсан сайынғы есептер бекітілді. Тәуекелге бағдар ұстаған тәсілді қолдану мақсатында Қоғамның Директорлар кеңесі Қоғам қызметінің түрлері (инвестициялық, операциялық және қаржылық) бойынша шектелімдерді (тәуекел-тәбетті) бекітті.
Тәуекелдерді сәйкестендіру кезінде Қоғам әлемдік тәжірибеге, салалалық және халықаралық бенчмарктерге, сарапшылық бағалауға, статистикалық деректерге, болған шығындардың деректер қорына, аудиторлық және өзге де тексерістерге және т.б. сүйенеді. Одан әрі бағалау, басқару және мониторингілеу үшін сәйкестендірілген тәуекелдер компаниялардың тәуекелдер тіркелімі мен картасы болып қалыптастырылады. Тәуекелдер тіркелімі мен картасына кіретін тәуекледер өзектілігі мен маңыздылық деңгейін анықтау үшін үнемі (жылына кемінде бір рет) қайта қаралады.
Тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес Қоғам төмендегі тәуекелдерді белгілейді:
- стратегиялық;
- операциялық;
- қаржылық;
- құқықтық.
Қазақстан Республикасы экономикасының өсу қарқынының төмендеуі, ұлттық валюта бағамының әлсіреуі, электр энергетикалық нарығы құрылымының өзгеруі мен тарифті оңтайландыру Компанияның қызмет ету талаптарына негізгі әсерін тигізеді. Бұл ретте, өндірудің құны төмен электр энергетикалық көмірдің үлкен қорларының, тиімді энергетикалық қуаттардың және мемлекет пен Жалғыз акционер тарапынан қолдаудың болуы экспорттық әлеуетінің дамуы мен ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мүмкіндік береді. Осылайша, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының тәуекелдерін сәйкестендіру бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша 2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметіне тән 33 тәуекел сәйкестендірілді және бағаланды, НҚК-лардың шекті мағыналары жаңартылды, тәуекелдердің иелері тәуекелдер факторлары мен оларды азайту жөніндегі шараларды өзектендірді. 2018 жылы орын алған кейбір іске асырылған оқиғаларға байланысты, сондай-ақ Компанияның Ішкі аудит қызметінің тексеріс нәтижелері бойынша есептер негізінде Тәуекелдер тіркелімінен тәуекелдерге қайта бағалау жүргізілді. Аталған қайта бағалау нәтижелері бойынша 12 тәуекел 2019 жылғы Тәуекелдер картасының негізгі аймағына түсті (2018 жылы – 14 негізгі тәуекел).