
Қасымбеков Бекжан Бейсенұлы
«Самұрық-Энерго» АҚ тобы бойынша орталықтандырылған Ішкі аудит қызметінің басшысы
Білімі:
2011ж. – Алматы энергетика және байланыс университеті
2012ж. – Lancaster University (Ұлыбритания, «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының стипендиаты) ғылым магистрі
2023ж. - Executive MBA Nazarbayev University
2026ж. – The Fuqua School of Business, Duke University халықаралық менеджмент саласындағы бітірушісінің сертификаты
Жұмыс тәжірибесі:
2012-2014жж. Big-4 (Ernst&Young және PriceWaterHouseCoopers) компанияларында аудит және консалтинг саласында жұмыс істеді
2014-2018жж. – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (оның ішінде «Отбасы Банк» АҚ-да басқарушы лауазымдағы топта) аға ішкі аудиторы
2018-2020жж. - «Транстелеком» АҚ аға ішкі аудиторы
2020 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ тобы бойынша орталықтандырылған Ішкі аудит қызметінің басшысы
Аудит саласында әртүрлі халықаралық кәсіби сертификаттарға ие - Қаржы талдаушылары институтының (DipIA IFA, Ұлыбритания), Қаржы менеджерлері институтының (Dipcpia, Ұлыбритания) ішкі аудит бойынша дипломы бар.
Сондай-ақ АТ негіздері бойынша халықаралық сертификатқа (ITILv3, Нидерланды), Халықаралық жобаларды басқару қауымдастығының (IPMA, Швейцария) сертификатына ие.
Ішкі аудит қызметі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін бірыңғай орталықтандырылған органы болып табылады.
«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу мақсатында Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз консультациялар мен объективті аудиторлық кепілдіктер береді.
2025 жылы KPMG компаниясы өткізген Қызмет жұмысын сыртқы тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша Ішкі аудиттің халықаралық стандарттарының талаптарына 97% сәйкестік белгіленді. Сондай-ақ Қызмет аудиторларының жоғары кәсіби деңгейі, әдіснамалық толығуы, тәуекелдерді бағалаудың тұрақты практикасы және Ішкі аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін есеп берудің сапалы формаландырылған рәсімдері атап өтілді.
Қасымбеков Бекжан: ««Тиімді ішкі аудит - бақылау ғана емес, ол Компанияның тұрақтылығы мен ашықтығын арттырудың стратегиялық құралы. Біздің міндетіміз – Директорлар кеңесі мен Акционердің Компания ашық, жауапкершілікпен және барлық мүдделі тараптардың мүдделерін көздей отырып басқарылатынына сенімділігін қамтамасыз ету. Дәл осындай этика Компанияны шын мәнінде орнықты етеді және оны ең үздік халықаралық тәжірибелердің қатарына қосады». »