Әділкерімов Арман Әділкерімұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Туған күні: 24 қыркүйек 1980 жыл

Білімі:

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген (бакалавриат);

2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген (магистратура);

2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

07.2001 - 08.2002 - ҚР ӘМ «ҚР Заңнама институты» ЖАҚ, жетекші маман;

10.2002 - 12.2002 – «Қазбаспасөз» ААҚ, заң және кадр қызметі бөлімінің заң кеңесшісі;

03.2003 - 12.2003 – «Кедентранссервис» ЖАҚ, заң және кадр жұмысы бөлімінің заң кеңесшісі;

01.2004 - 10.2004 - «Тұрғын үй-құрылыс компаниясы» ЖШС, жылжымайтын мүлік нарығы секторының маманы;

11.2004 - 05.2005 – «КЕГОК» АҚ «Алматы МЭЖ» филиалы, Шарттарды іске асыру тобының 2 санатты инженері;

05.2005-06.2008 – «KEGOC» АҚ ИД, МГҚБ бас маманы;

06.2008 - 12.2015 – «ҚазТрансОйл» АҚ, Қелісімшарттар департаментінің бас менеджері;

01.2016 - 09.2017 – «Алматы электр станциялары» АҚ, Сатып алу басқармасының бастығы, Басқарма Төрағасының қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарының м. а.;

11.2017 - 01.2018 – «Қорғау инжиниринг» БК» ЖШС, Бас директор;

01.2018 - 08.2018 – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, Коммерциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директор;

10.2019 - 04.2021 – «Темірмаш» Павлодар зауыты» ЖШС, Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік директор.

04.2021 - 05.2022 – «Самұрық-Энерго» АҚ, Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор;

05.2022 - осы уақытқа дейін – «Самұрық-Энерго» АҚ, Құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор.

 

Атқаратын қызметі:

  • Қоғам мен ЕТҰ құқықтарының қорғалуы мен мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуді бақылау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғам мүдделеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Қоғамның шарттарының жобаларына және оларға қоса берілетін құжаттарға, Қоғамның бұйрықтары мен өзге де актілерінің жобаларына, Қоғам органдары шешімдерінің жобаларына, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының жобаларына сапалы және уақтылы құқықтық сараптама жүргізілуін қамтамасыз ету және бақылау;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның шағым-талап қою және сот-төрелік жұмысын жүргізуді қамтамасыз ету және бақылау, Қоғам мен ЕТҰ-ның сот (төрелік) ұстанымын айқындау (келісім бойынша), сондай-ақ құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау мақсатында соттарда Қоғамның мүдделерін білдіру;
  • Қоғам мен ЕТҰ-дағы тәуекелдерді басқару жүйесін, ішкі бақылау жүйесін қамтамасыз ету және бақылау, оның ішінде ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару жүйелері және қызметтің үздіксіздігін басқару саласындағы іс-шараларды, бақылау рәсімдерін және әдіснамалық базаны әзірлеу/өзектендіру;
  • Қоғамның компаниялар тобы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін жоспарларды әзірлеу мен орындау процесін қамтамасыз ету және бақылау, сондай-ақ үздіксіз қызмет бойынша іс-шаралар тиімділігіне мониторинг жүргізу және талдау жасау;
  • орнықты дамуды, тәуекелдерді және орнықты даму саласындағы ҚНК-ні басқаруды қамтамасыз ету және бақылау;
  • Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жөніндегі стратегияны әзірлеу/өзектілендіру, мониторингілеу және орындалуын бақылау;
  • Қоғамның Корпоративтік басқару кодексі мен Қоғам және ЕТҰ-да Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының әзірленуі және іске асырылуын қамтамасыз ету;
  • Қоғамның Жылдық есебін әзірлеу мен жариялауды үйлестіру және бақылау;
  • GRI жүйесі бойынша есеп дайындау тәжірибесін енгізу;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруын қамтамасыз ету және бақылау;
  • сатып алудағы жергілікті қамту үлесінің ұлғаюын қамтамасыз ету және бақылау;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның Сатып алу жоспарлары мен кестелерінің орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының, «Самұрық-Қазына» АҚ, Қоғам мен ЕТҰ-ның нормативтік құжаттары талаптарының орындалуын және Қоғам мен ЕТҰ-ның тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде рәсімдерді сақтауын қамтамасыз ету;
  • негізгі өндіріс жабдықтарын жеткізу бойынша логистиканы үйлестіру және бақылау;
  • Қоғамда тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің баға маркетингін жүргізуді, сатып алудағы маркетингтік бағалардың жоспарлы және нақты көрсеткіштерін, Қоғам мен ЕТҰ-ның негізгі тауар ұстанымдарын қамтамасыз ету және бақылау;
  • ірі жобаларды іске асыру кезінде негізгі жабдыққа баға маркетингін қамтамасыз ету және бақылау;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде баға мониторингін қамтамасыз етуі және бақылауы;
  • Қоғам мен ЕТҰ-ның тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуін және қамтамасыз етуін бақылау;
  • ЕТҰ-дағы тауар-материалдық қорлардың айналымдылығын қамтамасыз ету және бақылау;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қоғам деңгейінде басқарылатын сатып алу санаттық стратегияларын әзірлеу, бекітілуін қамтамасыз ету және бақылау, іске асыру және іске асырылуына мониторинг жүргізу.