
Камалов Алмасби Низамаддинұлы
«Самұрық-Энерго» АҚ экономика, қаржы және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі
Туған жылы: 7 сәуір 1989 жыл
Білімі:
2006 - 2010 жж. - Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау институты, (КИМЭП), Менеджмент/Маркетинг бакалавры
2016 - 2018 жж. - «Almaty» University, экономика және бизнес бакалавры, қаржы саласы
2023-2026 жж. - University of Warwick магистр (MBA) DLMBA, іскерлік әкімшілендіру магистрі. Мамандану: Әлеуметтік және экологиялық тұрақтылық
Кәсіби біліктілігі:
CFA level II, маусым 2019
Жұмыс тәжірибесі:
11.2011- 06.2013 жж. - «Алматы электр станциялары» АҚ, Бюджеттік және экономикалық талдау басқармасының жетекші экономисі
06.2013- 01.2014 жж. - «Екібастұз 2-МАЭС» АҚ, электр энергетикасы саласы, Жоспарлау-экономикалық бөлімі бастығының орынбасары
01.2014-12.2017 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ, «Жоспарлау және экономикалық талдау» департаментінің бас менеджері
12.2017-04.2021 жж. - «Самұрық-Энерго» АҚ, Жоспарлау және экономикалық талдау» департаменті «Экономикалық талдау» бөлімінің бастығы
04.2021-09.2023 жж. - «Самұрық-Энерго» АҚ, «Стратегия және Экономикалық талдау» департаментінің директоры
09.2023-06.2025 жж. - «Самұрық-Энерго» АҚ, Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор
06.2025ж.-қазіргі кезге дейін - «Самұрық-Энерго» АҚ, Экономика, қаржы және цифрландыру жөніндегі басқарушы директор
Функционалдық міндеттері:
- Қоғамның Ұзақ мерзімді даму стратегиясын және Стратегияны іске асыру жөніндегі жол картасын әзірлеу/өзектендіру, келісу, бекіту, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау;
- Қоғамның ЕТҰ-ға қатысты 5 жылдық және 10 жылдық кезеңдерге арналған болжамдарын әзірлеу және оның орындалуына мониторинг жүргізу;
- тариф белгілеу, оның ішінде белгіленген тәртіппен ЕТҰ жоспарлы тарифтерін келісу/бекіту;
- Қоғам мен ЕТҰ қызметінің қаржылық-экономикалық қорытындылары;
- бухгалтерлік, салық және статистикалық есеп;
- Қоғам мен ЕТҰ-ның инвестициялық жобаларын қаржыландыру;
- Қоғамның акцияларын бастапқы жария орналастыруға (IPO) дайындау, оның ішінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру;
- Қоғамның уақытша бос ақшалай қаражатын басқару;
- Қоғамның осы биржаларда Қоғамның бағалы қағаздарының листингі кезінде қор биржаларының талаптарын сақтауы;
- Қоғамның акцияларын шығару (хабарландыру) және орналастыру;
- мемлекеттік стратегиялық жоспарлардың орындалуын бақылау, жинақтау және есептілік;
- Қоғам басшылығы үшін, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-ға, Директорлар кеңесіне және басқа да органдарға Қоғамның нормативтік құжаттарына және аталған ұйымдардың сұраныстарына сәйкес ұсыну үшін өндірістік-экономикалық қызмет туралы есептер мен баяндамаларды дайындау;
- жетекшілік ететін бағыттар бойынша Қоғамның қызметіне байланысты Үкіметтік стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру;
- жетекшілік ететін бағыттар бойынша менеджмент жүйесінде ISO халықаралық стандарттарының талаптарын сақтау;
- Қоғам мен ЕТҰ-ның АТ-Стратегиясының орындалуын бақылау;
- электр энергетикасы саласына бейімделген ЖИ саласындағы жаңа жобаларға бастамашылық жасау;
- тиімділік пен табыстылықты арттыруға, халықаралық форумдарға, келіссөздерге қатысуға, ЖИ мен цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қоюға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізу және сүйемелдеу;
- цифрлық жобалар шеңберінде серіктестермен және инвесторлармен өзара іс-қимыл;
- АТ-бюджеттің атқарылуын бақылау (күрделі және операциялық шығындар);
- Қоғамдағы тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің баға маркетингін, сатып алудағы маркетингтік бағалардың жоспарлы және нақты көрсеткіштерін, Қоғам мен ЕТҰ-ның негізгі тауар ұстанымдарын жүргізуді қамтамасыз ету және бақылау;
- ірі жобаларды іске асыру кезінде негізгі жабдықтар бағасының маркетингін қамтамасыз ету және бақылау;
- Қоғамның және ЕТҰ-ның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуын жүзеге асыру кезінде баға мониторингін қамтамасыз ету және бақылау;
- сатып алынатын ТЖҚ-ға орталықтандырылған баға маркетингіне көшуді жүзеге асыруды және баға маркетингі процесін автоматтандыру үшін бағдарламаларды енгізуді бақылау;
- мемлекеттік органдармен, заңды тұлғалармен, оның ішінде банктермен, қор биржаларымен, сақтандыру ұйымдарымен, аудиторлық ұйымдармен, тәуелсіз бағалаушылармен, басқа қаржы ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ жеке тұлғалармен, Жалғыз акционер -«Самұрық-Қазына» АҚ-мен жұмыста жетекшілік ететін бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жасау және Қоғамның мүдделерін білдіру;
- жетекшілік ететін бағыттар бойынша міндеттерді іске асыру үшін қажетті басқа функцияларды орындау.