Тұрғамбаев Руслан Елубайұлы
«Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі
Туған күні: 30 сәуір 1974 жыл
Білімі:
1998 ж. – Алматы энергетика және байланыс институтын «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша бітірді.
2021 ж. – Орталық Азия инновациялық университетін «Менеджмент және басқару» мамандығы бойынша бітірді.
Жұмыс тәжірибесі:
1998-2009 жж. - «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жезқазған ЖЭО турбина цехының негізгі жабдықтарын аралап тексеруші машинисі, турбина цехы бу турбиналарының машинисі, турбина цехы бастығының орынбасары, бас инженері, директоры;
2009-2011 жж. - «Сапа Құрылыс 2007»ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары;
2011-2013 жж. - «Алматы қ. энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де Алматы қ. энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының бірінші орынбасары;
2013-2019 жж. - «БазисЭлектроМонтаж» ЖШС Техникалық директоры;
2019-2021 жж. - «Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басшысы;
01.2022-11.2022 жж. - «Purolite LTD» компаниясында (Ұлыбритания, ҚР мен Орта Азиядағы, Әзірбайжан мен Армениядағы өкілдік) негізгі клиенттермен жұмыс жөніндегі өкіл;
2022 жылғы қарашадан - Қоғамның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.
Атқаратын қызметі:
- ЕТҰ өндірістік-техникалық қызметін басқару және бақылау;
- ЕТҰ-ның республикалық бюджет қаражатын мақсатты түрде игерілуіне, жұмыстардың сапасы мен көлемінің уақтылы орындалуына қатысты жұмыстарды үйлестіру және бақылау;
- ЕТҰ қызметін үйлестіру және бақылау: ЕТҰ энергетикалық объектілерін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау бойынша; су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша; ЕТҰ энергетикалық объектілерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін отын жеткізуді жоспарлау және ұйымдастыру бойынша; ЕТҰ электр энергиясын/көмірін тұтынушылардың берілген жүктемелерінің тәуліктік кестесін орындау;
- Қолданыстағы өндіріс пен күрделі құрылысты жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасы мен Техникалық саясаттың орындалуын әзірлеу/өзектендіру, келісу, іске асыру және мониторингілеу;
- Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен жасалған ЕТҰ инвестициялық келісімдерін орындау, оның ішінде ЕТҰ-ның оларға уақтылы түзетулер енгізу жөніндегі қызметін үйлестіру және бақылау;
- ЕТҰ-да өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелерін, оның ішінде ЭЭКЕААЖ және ТП АБЖ жобаларын енгізуді қамтамасыз ету;
- ЕТҰ-да тарифтік науқанның уақтылы жүргізілуін бақылау;
- ЕТҰ қызметін корпоративтік басқару;
- Активтерді қайта құрылымдау жоспарын әзірлеуге және орындауға қатысу;
- ЕТҰ-ның электр және жылу энергиясын өндірудің, электр энергиясын беру мен көмір өндірудің өзіндік құнын төмендету жөніндегі жұмысын үйлестіру және бақылау;
- үнемді өндіріс қағидаттарын ендіру;
- ЕТҰ қызметін оңтайландыру;
- Қоғамның және ЕТҰ-ның Инновациялық-технологиялық стратегиясын әзірлеу, өзектендіру және іске асыру;
- Қоғамның Инвестициялық-инновациялық кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
- Қоғамның және ЕТҰ-ның инновациялық қызметі;
- ЕТҰ-да ҒЗТКЖ орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- ЕТҰ-да жаңа технологияларды патенттік-ақпараттық іздестіруді қалыптастыру және өзектендіру;
- инновациялық-технологиялық даму мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институттарымен өзара іс-қимыл жасау;
- энергия мен ресурс үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру;
- Қоғамның және ЕТҰ-ның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама талаптарын орындауын қамтамасыз ету (оның ішінде энергия аудиттерін жүргізу, энергия менеджменті жүйесін енгізу, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, бағдарламаларын орындау және басқалар);
- Қоғам ЕТҰ-ларының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметіне мониторинг және бақылау жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- ЕТҰ жұмысындағы авариялық жағдайлар немесе технологиялық бұзушылықтар кезінде Қоғамның Басқарма төрағасын регламентке сәйкес уақтылы хабардар ету;
- Қоғамның және ЕТҰ-ның өндірістік қызметі бөлігінде түзету іс-шараларын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
- Қоғамның және ЕТҰ-ның өндірістік қызметі бөлігінде әрбір стратегиялық мақсат үшін әлеуетті әсері бар құжатталған бастамаларды қалыптастыру;
- Қоғамның және ЕТҰ инвестициялық бағдарламасының орындалуын қалыптастыру, талдау және бақылау;
- құрылыстың әлеуметтік объектілері бойынша жұмыстардың орындалуын іске асыру және бақылау, сондай-ақ уәкілетті органдармен Қоғамның әлеуметтік объектілері мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
- Қоғам қызметіне байланысты үкіметтік стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды қадағалайтын бағыттары бойынша іске асыру.