Исабаев Нұржан Шағанбекұлы

Исабаев Нұржан Шағанбекұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Құқықтық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жылы: 17 мамыр 1980 жыл

Білімі:

2001 жылы ҚР ІІМ Академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2022 жылы «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ-ты «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша бітірген.

2026 жылы «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-ты бітірген, «Executive MBA» дәрежесі.

Тәжірибе:

03.2001-05.2006 - Ішкі істер органы, аға тергеуші

10.2006-05.2010 - «UMEX GROUP» ЖШС, Заң бөлімінің бастығы

04.2013-11.2015 - «BDO Tax and Advisory» ЖШС, құқықтық мәселелер жөніндегі бас консультант

02.2016-06.2022 - «Алматы электр станциялары» АҚ, Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор

12.2022-07.2023 - «Insight Consult» ЖШС, Заңды сүйемелдеу қызметінің басшысы, Адам ресурстары басқармасының басшысы (қоса атқару)

08.2023-03.2026 - «Алматы электр станциялары» АҚ, Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор

04.2026-қазіргі кезге дейін - «Самұрық-Энерго» АҚ, Құқықтық қамтамасыз ету және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор

Функционалдық міндеттері:

-  Қоғам мен ЕТҰ-ның құқықтарының қорғалуын және мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуді бақылау;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның мүдделеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында шарттардың жобаларына және оларға қоса берілетін құжаттарға, Қоғамның бұйрықтары мен өзге де актілерінің жобаларына, Қоғам органдары шешімдерінің жобаларына, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының жобаларына сапалы және уақтылы құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету және бақылау;

- Қоғам мен ЕТҰ-ның шағым-талап ету және сот-төрелік жұмысын жүргізуді қамтамасыз ету және бақылау, Қоғам мен ЕТҰ-ның сот (төрелік) ұстанымын айқындау (келісім бойынша), сондай-ақ құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау мақсатында соттарда Қоғамның мүдделерін білдіру;

- орнықты дамуды, тәуекелдерді және орнықты даму саласындағы ІНҚ-ны басқаруды қамтамасыз ету және бақылау;

- Қоғамның Орнықты даму саласындағы нұсқаулығын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың әзірленуін, өзектендірілуін, орындалуын және бақылау жасалуын қамтамасыз ету және бақылау;

- Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жөніндегі стратегияны әзірлеуді /өзектендіруді, оның орындалуына мониторинг жүргізуді және бақылауды қамтамасыз ету; 

- Мүдделі тараптардың картасын әзірлеуді/өзектендіруді қамтамасыз ету мен ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тетіктерін айқындау;

- Қоғамның корпоративтік басқару кодексін және Қоғам мен ЕТҰ-да корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз ету; 

- Қоғамның Жылдық есебін әзірленуі мен