«Богатырь Көмір» ЖШС

Иелену үлесі: 50%

bogatyr.kz

«Богатырь Көмір» ЖШС — көмірді ашық тәсілімен өндіру бойынша қарқынды дамитын Қазақстандағы ең ірі компания.Компания үлесіне Екібастұз көмір алабында өндірілетін көмірдің барлық көлемінің 70%-ы тиеді.

Жобалық қуаты жылына 50 млн. тонна көмір өндіретін «Богатырь» кесігі 1965 жылдан бастап 1979 жылға дейін тоғыз кезек бойынша салынды. 1985 жылы ең үлкен жылдық өнімділікке қол жеткізілді - 56,8 млн. тонна көмір. Бұндай бірден-бір қуаты зор кесікәлемде тұңғыш рет салынды және осы көрсеткіш бойынша 1985 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. 1996 жылға дейін «Богатырь» кесігі «Екібастұзкөмір» МАҚ құрамына кірді.

Кен орнын дамытудың жаңа кезеңі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасында, бұған жаңа инвесторлар келгенде басталды. «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС-ны құру тарихы 1996 жылғы қыркүйек айынан басталды. Сол кезде, республика үкіметінің шешіміне сәкес жүргізілген ашық тендер қорытындысы бойынша «Assess Industries Inc.» компаниясы «Богатырь» және «Степной» (70%) кесіктерінің мүлкін жекешелендірді.

Акционерлердің келісімі бойынша 2009 жылдан бастап «Богатырь Аксес Комир» қазақстандық «Самұрық-Энерго» АҚ мен ресейлік РУСАЛ бірлескен кәсіпорнының басқаруына берілді.

2009 жылғы наурыз айында «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС атауы «Богатырь Көмір» ЖШС-ға ауыстырылды.

Қазіргі уақытта «Богатырь Көмір» ЖШС кесіктерінің жобалық қуаты жылына 42 млн тонна көмір құрайды (Богатырь кесігі - 32 млн тонна, Северный кесігі - 10 млн тонна).

Богатырь Көмір Қазақстанда да, Ресейде де орналасқан Топтың және үшінші тұлғалардың қуат өндіретін объектілеріне көмірді нарықтық шарттар бойынша жеткізеді.Богатырь Көмірдің көмір кесіктері Екібастұз 1-ГРЭС-тен 35 км және Екібастұз 2-ГРЭС-тен 53 км қашықтықта (темір жол бойынша қашықтық) орналасқан, бұл Топ үшін көмірді тасымалдауға кететін шығындарды барынша азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстандағы көмір электр станцияларының көбі Богатырь Көмір өндіретін көмірді пайдаланады.