«Энергия Семиречья» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру нысандарды жобалау және салу қызметтерін көрсетеді.
«Энергия Семиречья» ЖШС – жел электр станцияларын (ЖЭС) салу қызметтерін жүзеге асыру үшін құрылған Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны.
«Энергия Семиречья» ЖШС-ның қазіргі уақыттағы қатысушылары «Самұрық-Энерго» АҚ (үлесі - 25%) және Power Construction Corporation of China Ltd. тобына кіретін бірқатар қытайлық компаниялар: Hydrochina Corporation (үлесі - 50%), Powerchina Chengdu Engineering. Corporation Limited (үлесі - 15%), Powerchina Resources Limited (үлесі - 10%).
«Энергия Семиречья» ЖШС 2022 жылы «Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт, болашақта 300 МВт-ға дейін кеңейтілетін жел электр станциясын салу» инвестициялық жобасын жүзеге асыруды аяқтады.
Жобаның орналасқан жері – Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек дәлізі, Нұрлы ауылы.