Самұрық-Энерго қызметкерлері «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының жекешелендіру бағдарламасымен және IPO-мен танысты (3)

«Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығында «Самұрық-Қазын» АҚ портфельдік компанияларының жекешелендіру және IPO мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде компания қызметкерлерімен кездесу өтті. Қордың, «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, қазақстандық AIX және KASE қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері спикерлер ретінде сөз сөйледі.

 MG 7785

 MG 7791

Сарапшылар бағалы қағаздарды сатып алу тетіктері, олардың кірістілігі, акциялар саудасына байланысты ықтимал тәуекелдер, процеске қатысатын компаниялар туралы мәліметтерді қоса алғанда, IPO бағдарламасын іске асырудың ерекшеліктерін егжей-тегжейлі баяндап берді. Кездесудің соңғы бөлігінде іс-шараға қатысушылар бағалы қағаздарға инвестиция салуға қатысты өздерін қызықтыратын сұрақтардың барлығын қоюға мүмкіндік алды.

«Биржаның қатысуымен, инвестициялық банктердің, брокерлердің қатысуымен өтетін мұндай кездесулер біздің қызметкерлеріміздің қаржылық сауаттылығын дамыту үшін өте пайдалы, қызметкерлеріміздің Қорды дамытуға, елдің дамытуға, оның ішінде өзінің де әл-ауқатын жақсартуға қатысуын арттырады. Сондықтан, біз Самұрық-Энергоның қаржы блогы ретінде корпоративтік орталық қызметкерлерінің де, еншілес ұйымдар қызметкерлерінің де қатысуын қолдаймыз» - деп атап өтті кездесуге қатысушы «Самұрық-Энерго» АҚ «Қазынашылық және корпоративтік қаржы» департаментінің бас сарапшысы Сұлтан Мұқаев.

 MG 7793

 MG 7793

Ағымдағы жылдың жазында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ны 2022 жылдың соңына дейін IPO-ға шығаратынын хабарлағанын естеріңізге сала кетейік. Қор елдің жетекші мұнай-газ ұлттық компаниясының IPO-сын Қазақстанның барлық тұрғындары үшін қолжетімді етуді, сондай-ақ бөлшек және институционалдық инвесторларды барынша көп қамтуды жоспарлап отыр.

 

Шардара СЭС-інде бірінші су агрегатынан кейін ізінше екіншісі іске қосылды

1

Түркістан облысындағы Шардара СЭС-інде станцияны қайта құру аясында жоспарланған төрт су агрегатының екіншісі пайдалануға тапсырылды. СЭС-те технологиялық жабдықтың сынағы ойдағыдай аяқталып, негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Шардара СЭС-ін түбегейлі жаңғырту бағдарламасы аясында 2020 жылғы наурызға дейін станциядағы төрт су агрегатының бәрін де ауыстыру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 38 млрд. теңгені құрайды. Қаржыландыру 32%-ке өз қаражаты есебінен, 68%-ке несие есебінен іске асырылуда. Жоба мердігері – австриялық-германиялық Andtitz Hidro GmbX компаниясы.

3

Ауқымды қайта құру СЭС-тің қуатын 26 процентке – қазіргі 100 МВт-тан 126 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.  Жыл сайын қосымша 57 млн. кВт/сағат электр энергиясы өндірілетін болады. Жаңа жабдық су станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұзартып, СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырады және авария қаупінің деңгейін төмендетеді. «Самұрық-Энерго» АҚ мамандарының сөзінше, бұл жоба энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде және өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда үлкен маңызға ие.

2

Шардара СЭС-і 1967 жылы пайдалануға берілді, белгіленген қуаты 100 МВт және агрегаттарының саны – 4. Норматив бойынша қызмет ету мерзімі 25 жыл болса, станцияның технологиялық жабдығы 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді, жаңғырту жобасының басталуына қарай жабдықтың тозуы шамамен 100%-ке жеткен. Су станциясында орнатылған электр жабдығының бір бөлігін оны жасаған  зауыттар қазір шығармайды және оны өндірістен алып тастаған. Үнемділігі мен пайдалану сенімділігі тұрғысынан жабдықты одан әрі пайдалану мақсатқа сай болмай қалды.

4

Алғашқы екі су агрегатын пайдалануға тапсырумен бірге, үшінші агрегат бойынша құрылыс жұмыстары қатарласа жүруде. Сонымен бір мезгілде төртіншісі орнынан алынады. Бекітілген кестеге сай, бұл уақытта осыған дейін іске қосылғандары жұмыс істеп тұрады. Осылайша, жұмыс жоспарына сай, төрт су агрегатының бәрін де жаңарту көзделуде. 

 «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

________________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.