«Самұрық-Қазына» АҚ 2023 жылы Қазақстанда 1,2 млрд теңгеге 8 аутизм орталығын ашады

Биыл «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазақстан халқына» қоры бірлесе, аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған 8 орталық ашып, 1000 баланың еміне жағдай жасалмақ. Олардың алғашқылары Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күніне орай Шымкент және Павлодар қалаларында сәуірдің 2-3 күндері ашылды.

news 04 04 23 2

«Қазіргі таңда аутизм спектрі бұзылған балалар тәрбиелеудегі ата-аналарға мамандардың көмегі қолжетімсіз немесе қалтасы көтермейді. «Қамқорлық» орталықтарының ашылуы аутизмнің ауыр түрлерімен ауыратын балаларға олар тұратын жерде ұзақ мерзімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Біз «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларына осындай маңызды әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткендеріне алғысымызды айтамыз», - деді «Қамқорлық қоры» директоры  Арайлым Еркінова. Орталықтың ашылу салтанатында жергілікті әкімдіктің, «Қазақстан халқына» қорының, «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдерімен қатар «Самұрық-Энерго» өкілдері – ГРЭС-1, ГРЭС-2 басшылары да қатысты.

news 04 04 23 2

news 04 04 23 2

Орталықтарды жабдықтауда аутист балалармен жұмыс істеу ерекшелігі ескеріліп, ең замануи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. EN және ISO халықаралық талаптары мен стандарттарына сәйкес келетін берік, қауіпсіз және жылжымалы жиһаз қолданылады.

news 04 04 23 2

news 04 04 23 2

Әлемдік тәжірибеде аутист балаларды оңалту жұмыстарында робототехника кеңінен  қолданылады. Барлық бала мұғалім нұсқауын орындай бермейді. Өйткені мұндай іс-қимыл олардың кейбірі үшін жайсыз тікелей көз байланысын қажет етеді. Ал роботтар бұл ыңғайсыздықты жояды. «Қамқорлық» орталығында Nao және Furhat атты роботтар мамандарға балаларды тұрмыстық дағдыларға үйретуге, диалог құруға, зейінді дамытуға арналған жаттығулар өткізуге, сондай-ақ кеңістіктегі қозғалысқа көмектесетін болады.

news 04 04 23 2

news 04 04 23 2

Құрамына «Самұрық-Энерго» АҚ кіретін «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының игі жобаларын жүзеге асырушы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жыл соңына дейін аутизм орталықтарын Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Жетісу облыстарында және Алматы қаласында ашуды жоспарлап отыр. Бұл ұйымдарда жыл сайын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мамандардың көмегін тегін ала алады.

news 04 04 23 2

news 04 04 23 2

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сәйкес, Шымкентте аутизм спектрі бұзылған 220-дан астам, Павлодар облысында 300-ден астам бала тіркелген.

news 04 04 23 2

2022 жылдың 7 айы бойынша ЖЭК көрсеткіштері

Қазақстанда жасыл энергетиканың даму қарқыны

Соңғы он жылдықта электр энергиясын жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандары  арқылы  өндіру көлемінің күрт өсуі көптеген дамыған және дамушы елдер үшін ортақ трендке айналды. Бұл үрдіс Қазақстанға да қатысты. «Самұрық-Энерго» АҚ еліміздің ірі электр энергетикалық холдингі ретінде жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыра отырып, энергетикалық ауысу жоспарын іске асыруда белсенді жұмыс атқарып келеді.   

2022 жылдың 7 айы бойынша ЖЭК көрсеткіштері

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың июль айындағы көрсеткішке сәйкес, Қазақстанда 142 ЖЭК нысаны жұмыс істейді.  Жыл басынан бері 8 нысан іске қосылды, олардың  жалпы қуат көлемі 322 МВт құрайды.  Ал жалпы қуаты 153 МВт болатын 13 энерго нысанды жыл соңына дейін іске қосу жоспарда.

ҚР бойынша ЖЭК нысандары өндіретін электр энергиясының үлесі- 3,7%

Су электр станциялары (СЭС) – 21%

Күн электр станциялары (КЭС) – 37%

Жел электр станциялары (ЖЭС) – 42%

Биогаз қондырғылары (БГҚ) – 0,2%

«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК нысандары (КЭС, ЖЭС, кіші СЭС)  2022 жылдың қаңтар-шілде айлары бойынша өндірген электр энергиясының көлемі 206,6 млн. кВтсағ, бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8,9%-ға артық (189,8 млн. кВтсағ).

2022 жылдың аталған уақыт аралығындағы ҚР бойынша барлық ЖЭК нысандары өндірісіндегі «Самұрық-Энерго» нысандарының үлесі 7,2%.  

«АлЭС» АҚ кіші СЭС каскады  

(белгіленген қуаты - 43,7 МВт)

2022 ж. қаңтар-шілде

106,0 млн. кВтсағ өндірілді

 

«Samruk-Green Energy» ЖШС КЭС

(белгіленген қуаты мощность - 3 МВт)

2022 ж қаңтар-шілде

3,2 млн. кВтсағ өндірілді

 

«Samruk-Green Energy» ЖШС Шелек ЖЭС-і

(белгіленген қуаты – 5 МВт)

2022 ж. қаңтар-шілде

8,5 млн. кВтсағ өндірілді

 

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС ЖЭС

(белгіленген қуаты – 45 МВт)

2022 ж. қаңтар-шілде  

83,5 млн. кВтч өндірілді

 

«Жетісу Энергиясы» ЖШС Шелек ЖЭС-і

(белгіленген қуаты – 60 МВт)

(2022 ж. қыркүйекте іске қосылды)

5,4 млн. кВтсағ өндірілді

Екібастұз көмір бассейнінде жаңа жоба іске асырылуда

Қазіргі уақытта «Богатырь Көмір» ЖШС «Богатырь» кесігінде көмір өндірудің циклды-ағынды технологиясы» жобасын (ЦАТ) іске асыруда, оны аяқтау 2022 жылдың бірінші тоқсанында жоспарланады. Бұл туралы, бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде сөйлеген сөзінде  айтты.

2020 жылы, жазғы кезеңде көмір жеткізудің уақытша төмендеуін ескере отырып, «Богатырь Көмір» ЖШС тұтынушыларға көмірді 42 млн. тонна деңгейінде жеткізуді жоспарлап отыр, бұл кәсіпорынның жобалық қуатына сәйкес келеді.

ЦАТ жобасын іске асырғаннан кейін «Богатырь Көмір» ЖШС-ның жобалық қуаты жылына 50 млн. тонна көмір өндіруді құрайтын болады, бұл ҚР мен РФ электр станцияларының ағымдағы және болашақтағы көмірге деген мұқтаждықтарын қамтамасыз етеді.

ЦАТ жобасы көмір өндірудің авто-конвейерлік технологиясын ендіруді қарастырады, бұл «Богатырь» кесігінің өндірістік қуатын арттырады. Жаңа технология өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсартады, көмірді теміржол вагондарына тиеудің салмақтық дәлдігін қамтамасыз етеді және көмірді вагондарға тиеудің уақытын 3 есе қысқартады.

«Самұрық-Энерго» басшысы «Богатырь» кесігінде көмір өндіру технологиясын түбегейлі өзгерту қажеттілігі көмірді теміржол арқылы тасымалдаудың қолданыстағы схемасы тиімсіз болып табылатын тау-кен жұмыстарының тереңдігіне қол жеткізумен, ал негізгі тау-кен көлік жабдықтары өз ресурсын тауысқанын және жаңартуды қажет ететініне байланысты екенін атап өтті.

«ЦАТ-ты салу кестесіне сәйкес, 2020 жылғы мамыр-тамыз аралығында теміржол желілерін кесіп өтетін конвейерлік эстакадаларды құрастыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары, сондай-ақ ЦАТ объектілерінің іргетастары үшін екі көмір теміржол жолдарын демонтаждау жоспарланды. Аталған шаралар көмір тасымалдаудың өткізу қабілетін уақытша шектеуге, сәйкесінше, 2020 жылдың мамыр-тамыз аралығында «Богатырь» кесігі өндірістік қуатының 30%-ға, қыркүйектен бастап жылдың соңына дейін - 10%-ға төмендеуіне әкеп соғады», - деді   Бақытжан Жоламанов.

Электр энергетикалық саласының жұмысы мен тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бүгін Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелерінің уәкілетті органдармен кездесуі барысында ҚР Парламенті Сенатында талқыланды.

«Богатырь Көмір» ЖШС-ны тепе-теңдік негізде «Самұрық-Энерго» АҚ және ресейлік «РусАл» БК басқарады. Компания Қазақстанның Павлодар облысындағы «Богатырь» және «Северный» екі кесігінде ашық әдіспен көмір өндіреді. «Богатырь Көмір» ЖШС-ның теңгерімдік қоры 2,75 миллиард тоннаны құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 42 млн. тонна көмірді, оның ішінде «Богатырь» кесігі бойынша - 32 миллион тонна, «Северный» кесігі бойынша - 10 миллион тонна құрайды. Кәсіпорында шамамен 6,5 мың адам жұмыс жасайды. 2018 жылдың қорытындылары бойынша компанияның үлесі Қазақстанда барлық өндірілетін көмір көлемінің шамамен 40 %-ын (44,9 млн. тонна) және Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін көмір көлемінің 59%-ын құрайды.

Анықтама:

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акциялары 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық  холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. 

____________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ

Үкіметпен Байланыс және Коммуникациялар Офисі

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.