«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Жобалар портфелін жаңарту

Трансформацияның жобалар портфелін жаңарту – бұл үздіксіз жетілдіру процесі. Жыл сайын оның мазмұны компания қажеттіліктерін ескере отырып жаңартылады.

"Самұрық-Энерго" АҚ-да Жаңғырту жөніндегі кеңейтілген кеңестің (ЖКК) онлайн-отырысы өтті. Оған "Энергетика" секторы активтерді басқару дирекциясы, "Самұрық-Қазына" АҚ Қорының Цифрландыру офисінің өкілдері, Стратегиялық дамыту жөніндегі басқарушы директор Лязат Боранқұлова, сондай-ақ Стратегиялық дамыту департаментінің директоры Марал Шашкенова, энергия холдингі ЕТҰ-ларының бірінші басшылары, Корпоративтік орталықтың басқарушы директорлары және әлеуетті жобалар мен іс-шаралардың басшылары қатысты.

Жаңғырту жөніндегі кеңестің отырысын "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов ашты: «Негізгі назар өндірістік міндеттерді шешуге, "төменнен-жоғарыға" қағидаты бойынша идеялар мен ұсыныстарды жинақтау тактикасын қолдануға бағытталды, бұл компаниялар тобы ЕТҰ-ларының өзекті қажеттіліктерін анықтауға көмектесті. Осылайша, бүгін біз бастамалардың қысқа тізімін қалыптастырдық».

Жарты жыл бойы портфельді жаңарту бойынша дайындық жұмыстары барлық ЕТҰ-лармен қарым-қатынасты, идеялар мен ұсыныстарды жинақтау арналарын кеңейтуді, 60-тан астам әлеуетті жобалар мен іс-шаралардың орындылығы мен экономикалық тиімділігін талдауды қамтыды.

"Іріктеуден" 15 жоба өтті, олар Жаңғырту жөніндегі кеңес мүшелерінің қарауына шығарылды. Талқылау мен дауыс беру нәтижесінде Жаңартылған жобалар портфелінің 10 бизнес-ұсынысын кейіннен іске асыру үшін бюджет пен басқа да ресурстарды бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылданды. Қалған бес жобаны Цифрлық трансформация бағдарламасынан тыс жүзеге асыру жоспарланады.

"Бірқатар жобалар цифрлық технологиялар саласындағы озық шешімдерді қамтиды және өндірістік тиімділікті арттыруға бағытталған. Пандемияға байланысты жағдай қызметтерді автоматтандыруды, қағазсыз айналымды қамтитын Жобалар портфелінің мазмұнына да әсер етті. Біз қарауға ұсынған жобалар мен іс-шаралар стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге, компанияның құнын арттыруға және операциялық шығындарды азайтуға бағытталған", - деп атап өтті отырыс барысында "Самұрық-Энерго" АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Еділ Копенов.

Еділ Копенов "Самұрық-Энерго" АҚ ЕТҰ-ларының басшыларын жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға, ол үшін ресурстар бөлуді қарауға және жобалық басқару әдіснамасын ұстануға шақырды: "КО деңгейінде де, ЕТҰ деңгейінде де Портфельді басқару құрылымының нұсқаларын қарауға ұсынуды сұраймын».

Энергия холдинг құрылымына кіретін кәсіпорындардың бірінші басшыларына Жаңғырту жөніндегі кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау және пысықталған қаржы-экономикалық модельдерге сәйкес бюджеттерді дайындау тапсырылды. Қазан айында «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің жобалар портфелін келісуі жоспарланады.

Электр станцияларында кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу жалғасуда

Трансформациялау бағдарламасы жобасының мақсаты - өндірістегі жарақаттану көрсеткішін 30%-ға азайту

6 мыңнан астам адам жұмыс істейтін «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС), «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (АЖК) және «Samruk Green Energy» ЖШС (SGE) «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының кешенді қауіпсіздігін басқарудың жаңа моделін ендіру жобасының үшінші толқынының периметріне кірді. Жаңа тәсілдер қауіпсіздік мәдениетін көтеруге және оқыс оқиғаларды болдырмау арқылы жұмыс орындарындағы жарақаттануды азайтуға бағытталған.

«Кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін ендіру» жобасын іске асыруды бастау туралы «Самұрық-Энерго» АҚ ЕТҰ энергетикалық холдингінің еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне жауап беретін топ-менеджерлері мен желілік басшыларының қатысуымен өткен старттық онлайн-отырыста жарияланды.

«Мен еңбек қауіпсіздігі мәселелерінің басымдығын атап өткім келеді. Бұл жоба «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің ерекше бақылауында. «Самұрық-Энерго» АҚ жобасының демеушісі сонымен қатар бірінші басшы - Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов », - деді Жобаның тең демеушісі, Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор Еділ Көпенов.

Жоба электр станцияларының қызметкерлеріне қауіпсіздік ережелерін сақтауға деген көзқарасты өзгертуге, сана деңгейін көтеруге және ескірген көзқарастарды өзгертуге көмектесетін жаңа стандарттар мен практикалық құралдарды енгізуді қамтиды.

Тәжірибе көрсеткендей, тәуекелдердің алдын алу бойынша жұмыс өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 6 жазатайым оқиға тіркелді. Егер 2019 жылдың дәл осы кезеңінде кәсіпорындарда 7 қайғылы оқиға орын алған болса, оның 1-еуі өлімге әкеліп соқтырған жағдай еді. 2019 жылдан бастап оқиғаларды тіркеудің ашық жүйесі енгізілді, оның аясында жарақаттануға әкеп соқпаған ықтимал қауіпті оқиғалар тіркеліп, тексерілуде. Сонымен қатар жазатайым оқиғаларды жасырғаны үшін жауапкершілік күшейтілді, ал ықтимал қауіпті жағдайларды хабарлағаны үшін ақшалай ынталандыру қарастырылды. 2020 жылдың 1 жартыжылдығында 16 ықтимал қауіпті оқиға тіркеліп, тексерілді. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде 23 оқиға тіркелді.

123

2020 жылдың І жартыжылдығындағы оқиғалар

2019 жылдың І жартыжылдығы

2020 жылдың І жартыжылдығы

Оқиғалар      Жазатайым оқиғалар Өлімге әкеп соқтырған жағдайлар

Жоба жетекшісі, «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» департаментінің директоры Төлеген Максиловтің айтуынша, жоба жүзеге асырылғаннан кейінгі үш жылдың ішінде кәсіпорындардағы жарақаттану деңгейін 30 %-ға азайту жоспарланып отыр.

«Өндірістегі ықтимал қауіп-қатерлерге сапалы талдау жасау қажет. Жұмыста бюрократиялық көзқарас болмауы керек. Есеп берудің ашық жүйесін енгізу, өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне белсенді көзқарас – жобаны іске асырудағы маңызды міндеттер», - деді Төлеген Максилов.

2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығында, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да, «Мойнақ ГЭС» АҚ-да, «Шардара ГЭС» АҚ-да кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу бойынша жобаның бірінші толқыны аяқталды. 2020 жылдың соңына дейін бұл жобаның екінші кезеңі «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС мен «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да жүзеге асырылады.

«1 млрд-тан астам қаржылық пайда". "Самұрық-Энерго " АҚ "Біріктірілген жоспарлау жүйесі" жобасы бірінші толқынының қорытындысын жариялады»

Біріктірілген жоспарлау жүйесі шығындардың негізгі ауыспалы баптарын оңтайландыру арқылы энергохолдинг кәсіпорындарын дамытудың тиімді сценарийін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Цифрлық трансформация бағдарламасын іске асыру барысында "Самұрық-Энерго" АҚ "Біріктірілген жоспарлау жүйесі"  (БЖЖ) жобасын табысты енгізді. Ол шығындардың негізгі ауыспалы баптарын оңтайландыру арқылы электр станцияларын дамытудың тиімді сценарийлерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

IMG 5911

Жоба периметріне бірінші кезеңде холдингтің екі еншілес ұйымы кірді: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС және "Мойнақ СЭС"АҚ. Қоғам басшылығы жаңа жобаны әзірлеу және енгізу жөніндегі команда мүшелерін қол жеткізген алғашқы нәтижелерімен құттықтады. "Самұрық-Энерго" АҚ-ның Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Еділ Көпенов қызметкерлердің - электр станцияларының жұмыс топтары мен Корпоративтік орталықтың 9 құрылымдық бөлімше мамандарының жобаны дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

"Самұрық-Энерго" АҚ-ның БЖЖ жобасы 2017 жылдан бастап бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында іске асырылуда. 3 жыл бойы демеуші рөлін Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Серік Түйтебаев атқарып келді.

IMG 5969 resized 20200617 115913622

"Барлық әріптестерімді жобаның алғашқы толқынының сәтті аяқталуымен құттықтаймын. Менің өзіме БЖЖ-ның табысты болатындығы айқын еді, өйткені бұл жүйе компания қызметін сценарийлік жоспарлауды айтарлықтай жеңілдетпек, ал әзірленетін графикалық модельдер қателіктерді мейлінше азайта отырып, іс-әрекеттердің ең тиімді деген жолдарын көрсететін болады. Осының барлығы Компания шығындарын айтарлықтай оңтайландыруға, сонымен қатар қосымша пайда алуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Серік Түйтебаев

Жобаны енгізу барысында жүйеге түзету енгізіліп, қаржылық көрсеткіштердің бір бөлігі алынып тасталды. Мамандардың айтуынша, БЖЖ - компания үшін тиімді жұмыс құралы. 2019 жылы бекітілген жылдық жоспарда - 977 млн. теңге мөлшерінде көрсетілген қаржылық пайда 1 365 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш станция энергия блоктарының БЖЖ-да есептелген оңтайлы режиміндегі жұмысы нәтижесінде мүмкін болды.

Кеңесте "Біріктірілген жоспарлау жүйесі" жобасының жетекшісі Руслан Құсайынов жобаның екінші толқыны Екібастұз ГРЭС-2-де басталғанын атап өтті. Станциядағы жаңа құралдың көмегімен 2024 жылға дейін  шамамен 1 млрд теңге көлеміндегі шығынды оңтайландыру жоспарланып отыр.

"Самұрық-Қазына" АҚ Цифрлық трансформация офисінің Жобалар портфелін басқару жөніндегі директоры Индира Қыйлыбаева  БЖЖ енгізілген Қордың барлық портфелдік компанияларының арасында "Самұрық-Энерго" АҚ жоғары қаржылық пайданы көрсетіп отырғанын атап өтті. 

IMG 5964 resized 20200617 115136528

Жаңа құралды сәтті енгізгені үшін Жоба демеушісі мен командасы, электр станцияларының және Корпоративтік орталықтың қызметкерлері грамоталармен марапатталды.

Екібастұз ГРЭС-2-ге Біріктірілген жоспарлау жүйесі (БЖЖ) енгізілуде

Самұрық-Энерго» АҚ Цифрлық трансформациялау бағдарламасының біріктірілген жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі жобасының екінші кезеңі бастау алды.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ға «Самұрық-Энерго» АҚ Цифрлық трансформациялау бағдарламасының біріктірілген жоспарлау жүйесі (БЖЖ) енгізілуде. Бастапқы кеңесте БЖЖ-ны енгізу жөніндегі жобаның жетекшісі Руслан Құсайынов жобалық команданы таныстырып, мақсаттары мен міндеттерін атап өтті. Сарапшылардың есептеуінше, Екібастұз ГРЭС-2-де жобаны іске асырудан күтілетін пайда шамамен 1 млрд теңгені құрайды.

«Біріктірілген жоспарлау жүйесі» жобасы 2017 жылдан бастап іске асырыла бастады, өйткенііске асырудың алғашқы сатысы сол кезден басталды. Бұл құрал бізге операциялық холдинг мәртебесіне жақындауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті жобаның демеушісі, «Самұрық-Энерго» АҚ активтерді өндіру және басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Түйтебаев.

БЖЖ орта мерзімді кезеңге мақсаттар қоюға және өндірістік, технологиялық, экономикалық және қаржылық көрсеткіштерін теңгеру есебінен компанияны дамытудың оңтайлы сценарийін іздеуге мүмкіндік береді. Бүгінде жүйе «Самұрық-Энерго» АҚ-ның екі ЕТҰ-сында – «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС мен «Мойнақ ГЭС» АҚ-ға сәтті енгізілді. Аталған жоба электр станцияларындағы өндірістік шығындарды жоспарлау тәсілін өзгертті, бұл шығындардың 2% - ға төмендеуіне алып келді, ал сатудан түскен таза пайда шамамен 8 млрд теңгені құрады.

В АО «Станция «Экибастузская ГРЭС-2» внедряется интегрированная система планирования (ИСП) Программы цифровой трансформации АО «Самрук-Энерго».  На стартовом совещании руководитель проекта по внедрению ИСП Руслан Кусаинов представил проектную команду, озвучил цели и задачи. По расчетам экспертов, ожидаемая выгода от реализации проекта на Экибастузской ГРЭС-2 составит около 1 млрд тенге. 

«Проект «Интегрированная система планирования» берет свое начало с 2017 года, когда была запущена первая волна реализации. Данный инструмент позволяет нам приблизиться к статусу операционного холдинга», - отметил спонсор проекта, Управляющий директор по производству и управлению активами АО «Самрук-Энерго» Серик Тютебаев.

ИСП позволяет ставить цели на среднесрочный период и искать оптимальный сценарий развития Компании за счет балансирования производственных, технологических, экономических и финансовых показателей. Сегодня система успешно внедрена на двух ДЗО «Самрук-Энерго»  – ТОО «Экибастузская ГРЭС-1» и АО «Мойнакская ГЭС». Этот проект изменил подход к планированию производственных затрат на электростанциях, что привело к снижению их на 2%, а чистые выгоды от реализации составили около 8 млрд тенге.

Бағыт – өндірісті цифрландыру.

Цифрлық шешімдер жолында» –Нұр-Сұлтан қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ақпараттық күні осындай ұранмен өтті. Іс-шараға қатысқан «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның Цифрлық трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Д. Керейбаевқа, электр энергетикалық холдингтің еншілес компанияларының басшыларына, серіктестер мен стейкхолдерлерге Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында 2017-2019 жылдар аралығында Компанияда іске асырылған жобалар таныстырылды.

«Қордың басшылығымен біз Трансформациялау бағдарламасын іске асыру тетіктерін қайта қарадық. Бүгінде өндірістік міндеттерді шешу, өндіріс қуатын арттыру үшін цифрлық шешімдерді қолдану басты назарымызда. Жобалар портфелін жаңартып, қайта жасақтадық. Ол стратегиялық мақсаттарға жетуге, компанияның құнын арттыруға және операциялық шығындарды азайтуға бағытталған. Енді жұмысымызды қорытындылап, цифрландыруға бағыт түзейміз, компанияларымыздың барлығында өзгерістерді ілгерілетеміз», - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Б. Жоламанов.

Ақпараттық күн барысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жоба командалары Цифрлық трансформация бағдарламасы саласындағы өздерінің жетістіктері мен жаңалықтарын ортаға салды. Мамандардың сөзінше, Компанияның көптеген жобалары сәттілікпен аяқталып, іс жүзінде қолданылып келеді және бүгінде пайда әкелуде. Мәселен, 2018-2019 жылдар аралығында Жобалар портфелі оперативтік деректер бойынша 15 миллиард теңгеден астам таза пайда алып келген.

Атап айтқанда, 2019 жылы Компанияда мынадай: «Ақпараттық технологияларды басқарудың жаңа моделін енгізу», «Сатып алуларды санатымен басқару», «Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін енгізу» деп аталатын 3 жоба іске асырылды.

Бірінші жобаның нәтижесі бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялары тобында АТ қызметті басқарудың мақсатты бизнес-процестері енгізілді, Ақпараттық технологиялар бойынша қызмет көрсетудің жалпы орталығы құрылды, АТ-қызметтерді басқарудың ақпараттық жүйесі енгізіліп, ол бизнес-процестерді автоматтандырды.

Қамтамасыз ету жөніндегі Басқарушы директор Д.Сағындықов таныстырған, «Сатып алуларды санатымен басқару» жобасын іске асыру сатып алу, логистика, сақтау және пайдалану жөніндегі іс-қимылды үйлестіруді көздейді, бұл өз кезегінде бизнес-процестердің тиімділігін арттырады.   Сатып алу жұмыстарында жаңа тәсілдерді  қолдану айналымдағы қаражаттың айналуын тездетуге, шығындарды азайтуға, кәсіпорынның мұқтажын неғұрлым толық және сапалы өтеуге мүмкіндік берді. 

«Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін енгізу» жобасын таныстыра келе, Дамыту және сату жөніндегі Басқарушы директор М. Ұлданов Қазақстанда баламасы жоқ бірегей өнімді ұсынды.

Бұл өнімнің сонда мәні неде? Бұл Екібастұз ГРЭС-1, 2 және Мойнақ СЭС-інің электр энергиясын бір орталықтан сату деген сөз. 3 станцияның электр энергиясын араластырып бір қалыпты сату оның сенімді түрде жеткізілуін қамтамасыз етуге, ал келешекте Қазақстан экономикасының, тұтынушылардың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жобаның демеушісі атап өткендей, электр станцияларына теңдей және ашық-айқын қол жеткізуге мүмкіндік туады.   

Іс-шараға қатысушыларға жаңартылған Жобалар портфелін таныстыра келе, Бизнесті трансформациялау жөніндегі Басқарушы директор Е. Көпенов бұл жобалардың өндіріс тиімділігін арттыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетінін айрықша атап өтті.

Ақпараттық күннің соңында жоба командалары марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттай келе,  «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Б. Жоламанов экономикалық тиімділік әкелетін жобалар мен іс-шараларды әзірлеуді міндеттеп, жаңа идеяларды жинау басталғанын жариялады.

Анықтама:

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

 

________________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

В АО «Станция «Экибастузская ГРЭС-2» внедряется интегрированная система планирования (ИСП) Программы цифровой трансформации АО «Самрук-Энерго».  На стартовом совещании руководитель проекта по внедрению ИСП Руслан Кусаинов представил проектную команду, озвучил цели и задачи. По расчетам экспертов, ожидаемая выгода от реализации проекта на Экибастузской ГРЭС-2 составит около 1 млрд тенге. 

«Проект «Интегрированная система планирования» берет свое начало с 2017 года, когда была запущена первая волна реализации. Данный инструмент позволяет нам приблизиться к статусу операционного холдинга», - отметил спонсор проекта, Управляющий директор по производству и управлению активами АО «Самрук-Энерго» Серик Тютебаев.

ИСП позволяет ставить цели на среднесрочный период и искать оптимальный сценарий развития Компании за счет балансирования производственных, технологических, экономических и финансовых показателей. Сегодня система успешно внедрена на двух ДЗО «Самрук-Энерго»  – ТОО «Экибастузская ГРЭС-1» и АО «Мойнакская ГЭС». Этот проект изменил подход к планированию производственных затрат на электростанциях, что привело к снижению их на 2%, а чистые выгоды от реализации составили около 8 млрд тенге.

ДП тұсаукесері

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-да Алматы қаласының таратушы электр желілерінің диспетчерлік пункттерін цифрлық жаңғырту жөніндегі жобаның тұсаукесерін өткізді.

Іс-шара "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директоры, "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Бейбіт Қарымсақов, "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов, "Самұрық-Энерго" АҚ активтерді өндіру және басқару жөніндегі Басқарушы директоры, "АЖК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Серік Төлебаев, "АЖК" АҚ Басқарма төрағасы Мұхит Үмбетов және компания қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде іске асырылған заманауи және инновациялық жоба онлайн режимінде қаланың барлық Электржелілік кешенін басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында жобаның барлық артықшылықтары мен артықшылықтары көрсетілді. Қатысушылар еліміздің ірі Электржелілік компаниясының Алматы өңірінің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.

"Бүгін" АЖК " АҚ бірінші болып жобаны жүзеге асырып, сандық технологиялар базасында жаңғыртылған қалалық диспетчерлік пункттерді іске қосты. Компанияда цифрландыру бағдарламасы аясында басқа да жобалар табысты жүзеге асырылуда, – мұның барлығы тұтынушылардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған инвестиция", – деп атап өтті Бақытжан Жоламанов.

"Екібастұз МАЭС-2 станциясы" АҚ-да "Самұрық-Энерго"АҚ цифрлық трансформация бағдарламасын жоспарлаудың интеграцияланған жүйесі (ИСП) енгізілуде. Бастапқы кеңесте ИСП енгізу жөніндегі жобаның жетекшісі Руслан Құсайынов жобалық команданы таныстырып, мақсаттары мен міндеттерін атап өтті. Сарапшылардың есептеуінше, Екібастұз МАЭС-2-де жобаны іске асырудан күтілетін пайда шамамен 1 млрд теңгені құрайды.

"Біріктірілген жоспарлау жүйесі" жобасы 2017 жылдан бастап іске асырудың алғашқы толқыны іске қосылды. Бұл құрал бізге операциялық холдинг мәртебесіне жақындауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті жобаның демеушісі, "Самұрық-Энерго" АҚ активтерді өндіру және басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Төлебаев.

ЕҚ орта мерзімді кезеңге мақсаттар қоюға және өндірістік, технологиялық, экономикалық және қаржылық көрсеткіштерді теңгеру есебінен компанияның дамуының оңтайлы сценарийін іздеуге мүмкіндік береді. Бүгінде жүйе "Самұрық-Энерго" екі ЕТҰ – "Екібастұз МАЭС-1" ЖШС және "Мойнақ ГЭС"АҚ-ға сәтті енгізілді. Бұл жоба электр станцияларындағы өндірістік шығындарды жоспарлау тәсілін өзгертті, бұл олардың 2% - ға төмендеуіне алып келді, ал сатудан түскен таза пайда шамамен 8 млрд теңгені құрады.

В АО «Станция «Экибастузская ГРЭС-2» внедряется интегрированная система планирования (ИСП) Программы цифровой трансформации АО «Самрук-Энерго».  На стартовом совещании руководитель проекта по внедрению ИСП Руслан Кусаинов представил проектную команду, озвучил цели и задачи. По расчетам экспертов, ожидаемая выгода от реализации проекта на Экибастузской ГРЭС-2 составит около 1 млрд тенге. 

«Проект «Интегрированная система планирования» берет свое начало с 2017 года, когда была запущена первая волна реализации. Данный инструмент позволяет нам приблизиться к статусу операционного холдинга», - отметил спонсор проекта, Управляющий директор по производству и управлению активами АО «Самрук-Энерго» Серик Тютебаев.

ИСП позволяет ставить цели на среднесрочный период и искать оптимальный сценарий развития Компании за счет балансирования производственных, технологических, экономических и финансовых показателей. Сегодня система успешно внедрена на двух ДЗО «Самрук-Энерго»  – ТОО «Экибастузская ГРЭС-1» и АО «Мойнакская ГЭС». Этот проект изменил подход к планированию производственных затрат на электростанциях, что привело к снижению их на 2%, а чистые выгоды от реализации составили около 8 млрд тенге.