«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы А.М.Сәтқалиевтің тапсырмасына сәйкес Қордың портфельдік компаниялары тобында 2022 жыл «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» болып жарияланды.
Қордың қабылдаған бағыты шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ «Еңбекті қорғау» департаментінің қызметкерлері «Еуразиялық Топ» ЖШС – мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында (бұдан әрі - ҚжЕҚ) жасалған меморандум шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыруда.
Сәуір айының басында ҚжЕҚ мәселелерін қадағалайтын «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ, «ЕГРЭС-2» АҚ, «ЕГРЭС-1» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Мойнақ СЭС» АҚ және «Шардара СЭС» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары «ERG» ЖШС еншілес ұйымдарының бірі - Павлодар алюминий зауытына танысу сапарымен барды.
Танысу барысында негізгі өндірістік цехтарға, оқу полигонына, бейнемониторинг орталығына, арнайы киім салонына және т. б. барды.
Зауыттың құрылымдық бөлімшелерімен танысқаннан кейін тараптар ҚжЕҚ саласындағы проблемалық мәселелерді, еңбекті қорғау жүйесін ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуін, жазатайым жағдайлар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді талқылады. «ERG» ЖШС қызметкерлері ҚжЕҚ саласында тәжірибе алмасу, пікір алмасу мүмкіндігін жоғары бағалап, ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.
Іс-шараға қатысушылар меморандумның өндірістік жарақаттанудың алдын алудың негізгі тетіктерінің бірі ретіндегі рөлі туралы пікір білдірді.