«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Ержан Ертаев «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды.
Ертаев Ержан Ерболұлы 1985 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Павлодар Инновациялық Еуразия университетін 2008 жылы «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша және 2012 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы «Павлодар лифт» ЖШС электр механигі болып бастады, кейін Павлодар облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы қызметін атқарды.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде, ҚР Энергетика министрлігінің Ақмола және Қарағанды облыстары бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінде, «Павлодар облысы Энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де басшылық қызметтерін атқарды.
Соңғы атқарған қызметі: «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Аппаратының басшысы.
Үйленген, төрт баласы бар.