10 мамырда Қазақстандағы ең ірі электр энергиясын өндіруші және көмір жеткізуші – «Самұрық-Энерго» АҚ-ға 15 жыл толады.
Бұл күні 2007 жылы бұрыннан бар қуаттарды жаңғырту және жаңа өндіруші қуаттарды іске қосу жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты іске асыру үшін құрылған «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы әділет органдарында тіркеуден өтіп, өзінің өндірістік қызметін бастады.
Бүгінде «Самұрық-Энерго» АҚ - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг. Оның қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын беру, бөлу және өткізу; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары, оның ішінде отандық энергетиканың көшбасшылары – «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, ірі көмір өндіруші компания – «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, жел және күн электр станциялары кіреді. «Самұрық-Энерго» АҚ акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.
Төменде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 15 жылдық мерейтойына орай оның қызметі туралы 15 негізгі дерек келтірілген, олар Қазақстан экономикасы мен халқы үшін электр энергетикалық холдингтің қаншалықты маңызды екендігін көрнекі түрде көрсетеді.
- «Самұрық-Энерго» АҚ - республикадағы электр энергиясын өндірудегі көшбасшы компания. Компанияның электр энергиясын өндіру үлесі 31,4%-ды құрайды. Самұрық-Энерго негізгі электр энергиясын өндіруші ретінде қазақстандық тұтынушыларды, оның ішінде – «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Екібастұз, Көкшетау қалаларын, сондай-ақ Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда облыстарын және елдің басқа өңірлерін электрмен сенімді және тұрақты қамтамасыз етеді.
- Самұрық-Энерго - Қазақстанда көмір өндіру бойынша да көшбасшы компания, оның көмір өндірудегі үлесі - шамамен 40%. Компания - Екібастұз ГРЭС-тері, Алматы электр станциялары, «Астана-Энергия» АҚ, «СевКазЭнерго» АҚ, «Қарағанды Энергоорталық» ЖШС, «Павлодарэнерго» АҚ және т. б. үшін негізгі көмір жеткізуші болып табылады.
- «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты бүгінде 6 215,1 МВт құрайды. Бұл Қазақстанның барлық электр станцияларының жалпы белгіленген қуатының 25,9% - ын құрайды.
- «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бүкіл қызмет кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы ЖІӨ-ге қосқан үлесі - шамамен 1,2 трлн. теңге. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ел бюджетіне төлейтін төлемдері 250 млрд теңгені құрады.
- Осы жылдар ішінде бөлінген экономикалық құн 2,9 трлн теңгені құрады. Компания негізгі капиталға шамамен 895 млрд.теңге инвестициялады.
- «Самұрық-Энерго» АҚ еліміздің ірі жұмыс берушілерінің қатарына кіреді. Бүгінгі күні «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша персоналдың нақты саны 16 706 адамды құрайды, оның ішінде өндірістік персонал – 15 461 адам, әкімшілік-басқару персоналы – 1245 адам.
- 2007 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ энергетика саласында 14 түрлі жобаны іске асырды, оның ішінде мыналар бар:
- Екібастұз ГРЭС-1-де әрқайсысының қуаты 500 МВт №2 және №8 энергия блоктарын қалпына келтіру;
- қуаты 300 МВт Мойнақ СЭС-ін салу;
- Алматы облысының Қапшағай қаласында қуаты 2 МВт бірегей күн электр станциясын салу;
- Ақмола облысында қуаты 45 МВт Қазақстандағы өнеркәсіптік ауқымдағы бірінші жел электр станциясын салу;
- төрт гидроагрегатты ауыстыру және станцияның қуатын 126 МВт-ға дейін арттыру арқылы Шардара ГЭС-ін толық жаңғырту.
- Алматы агломерациясында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басқаруымен 2007 жылдан бастап 38 қосалқы станция салынып, іске қосылды. Қуаттың жалпы өсімі 3500 МВА-дан асты.
- Алматы энергия жүйесі тарихындағы ең маңызды жоба кернеуі 220кВ электр желілерін салу болды, бұл «KEGOC» АҚ 500кВ тірек қосалқы станцияларын және «АЖК» АҚ 220кВ тораптық қосалқы станцияларын біріктіріп, Алматы қаласының айналасында айналма жол құруға мүмкіндік берді. 220 кВ «Ерменсай» қосалқы станциясы – «Бесағаш» қосалқы станциясы – Алматы 3-ЖЭО» электр беру желілерінің ұзындығы 81,44 км құрайды, оның ішінде әуе учаскелері – 61,28 км, кабельдік учаскелер – 20,16 км.
- Бүгінде Самұрық-Энергода бес жаңартылатын энергия көздері объектісі (күн электр станциялары, жел электр станциялары, шағын ГЭС-тер) жұмыс істейді. Олардың белгіленген жиынтық қуаты - 97,1 МВт немесе ҚР-дағы ЖЭК объектілерінің белгіленген қуатының 4,8%-ы. Станциялардың электр энергиясын өндіруі 2021 жылы 325,3 млн.кВтс құрады немесе ҚР-дағы ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясы көлемінің 7,7% - ын құрады.
- 2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларында электр энергиясын өндіру тарихи шарықтау шегіне жетті - жоспар бойынша 32 146 млн.кВтсағ, ол 35 609 млн. кВтс құрады, орындалуы - 111%. Ұлттық маңызы бар Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 станциялары пайдалануға берілген уақыттан бастап электр энергиясын барынша көп өндірді.
- 2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ құрылымында – «АлЭС» АҚ, «ЕГРЭС-1» ЖШС, «ЕГРЭС-2» АҚ компанияларының жылу энергиясын босатуы жоспардағы 5 410,5 мың Гкал кезінде 5 766,0 мың Гкал немесе 107% - ды құрады.
- 2021 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС-ның көмір өндіру көлемі 44,63 млн.тоннаны құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштен 42,06 млн. тоннаға (106%) жоғары. Бұл ретте көмірді сату көлемі 44,74 млн. тоннаны құрады, жоспар бойынша 42 млн. тонна. Сатудың артуы ішкі нарықта көмірге қажеттіліктің артуына байланысты.
- 2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ «Астана» халықаралық қаржы орталығы - Astana International Exchange биржасында 18,4 млрд теңге мөлшерінде жасыл облигацияларды дебюттік орналастыруды жүзеге асырды. Орналастырудан түскен қаражат Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының (ICMA) Жасыл облигациялар (GBP) қағидаттарына сәйкес жасыл қолайлы жобаларды қаржыландыруға бағытталды.
- Бүгінде «Самұрық-Энерго» АҚ портфелінде жалпы сомасы 2 трлн теңгеге жуық 18 жоба іске асырылу сатысында және келешекте іске асыру сатысында тұр, оның ішінде:
- 2024 жылы Екібастұз ГРЭС-1-дің номиналды қуаты 540 МВт бірінші энергия блогын пайдалануға беру;
- 2026 жылы қуаты 636 МВт Екібастұз ГРЭС-2-нің үшінші энергия блогын, 2030 жылы номиналды қуаты 540 МВт төртінші блогын пайдалануға беру;
- 2028 жылдан бастап 2035 жылды қоса алғандағы мерзімде Екібастұз ГРЭС-1- дің 3, 4, 5, 6, 7, 8 - блоктарын жиынтық қуатын 240 МВт-ға арттыра отырып, кезекпен қайта құру;
- АлЭС Алматы 3-ЖЭО-ны белгіленген қуатын 450 МВт-ға дейін ұлғайту және маневрлік режимді қамтамасыз ету арқылы қайта құру (2024 жылы пайдалануға беру);
- АлЭС Алматы 1-ЖЭО-ны қуатын 250 МВт-ға дейін ұлғайту арқылы және 2024 жылы маневр жасау мүмкіндігімен қайта құру;
- 2026 жылы 600 МВт-ға дейін БГҚ салу арқылы Алматы 2-ЖЭО-ны кеңейту;
- Қапшағай СЭС-індегі қуатты реттеу диапазонын 300 МВт-ға дейін ұлғайтуды қамтамасыз ететін қуаты 40 МВт Кербұлақ СЭС-і контрреттегішін салу;
- Шелек дәлізінде өңірдің жел және су әлеуетін игеру бойынша жобаларды дамыту.