Өткен демалыс күндері Елордада спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанатын жанкүйерлерге арналған Nur-Sultan Half Marathon-2022 жүгіру мерекесі өтті. Іс-шараға бүкіл Қазақстаннан және әлемнің тағы 24 елінен 4 мыңға жуық жүгіруші қатысты. Жүгіру 21,1 шақырым, 10 шақырым және скандинавиялық жүріс бойынша 10 шақырым қашықтықтарда өткізілді.
Бұл жарысқа дәстүрлі түрде «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлері де қатысты.
Компанияның Экономика және Қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов 4 жыл бойы әуесқой жүгірумен айналысып, бірнеше рет марафондарға қатысу арқылы өзінің жеке көрсеткіштерін жақсартып келеді. Бұл жарыста ол жартылай марафондық қашықтықты (21,1 км) 1 сағат 41 минутта жүгіріп өтіп, өзінің жас тобындағы 80 үздік спортшы арасынан орын алды.
«Нарықты дамыту және Сату» департаментінің менеджері Ерлан Бақтияр да 21,1 километр қашықтықты жүгіріп өтіп, 2 сағат 11 минутта аяқтады. Ерлан 30-дан астам марафонға, сондай-ақ «Ironman 70.3 Astana» триатлон жарысына қатысқан болатын.
Самал Исабаева («Нарықты дамыту және Сату» департаменті) Самұрық-Энергоның қыз-келіншектер көшін бастады. Самал 6 жыл бойы әуесқой жүгірумен белсенді түрде айналысып келеді, және де биыл төртінші рет 10 км марафондық қашықтықты бағындырып отыр. Осы қашықтықта компанияның тағы бір қызметкері - Рүстем Ысқақов («Адам ресурстарын басқару» департаменті) 1 сағат 19 минут нәтижесімен дебют жасады.
Марафонның барлық қатысушыларын құттықтаймыз!