«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 23 маусымдағы шешімімен Сұңғат Қуатұлы Есімхановтың өтінішіне сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Сондай-ақ Есімханов Сұңғат Қуатұлының «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
2022 жылғы 23 маусымнан бастап Компанияның жаңа басшысы тағайындалғанға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқару Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Серік Сүйінбекұлы Түйтебаевқа жүктелді.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 5-тармағына сәйкес осы шешім «Самұрық-Энерго» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі болып табылады.