Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында ағымдағы жылғы 14 шілдеде Алматы қаласында осы мәселелерге жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшыларымен 2022 жылғы 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізілді.
Кеңеске «АлЭС» АҚ Басқарма төрағасы Е.А. Қырқынбаев қатысты, ол өзінің кіріспе сөзінде іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, кездесудің ұйымдастырушыларына алғысын жеткізді.
«Еңбекті қорғау» департаментінің директоры Т.М.Максилов қатысушыларды Қоғамның компаниялар тобы бойынша 1 жартыжылдықтағы жұмыс қорытындыларын және 2022 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жоспарлары туралы хабардар етті.
Т.М. Максилов өз баяндамасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметтің проблемалық бағыттарын, оның ішінде қызметкерлер денсаулығының жұмыс уақытында нашарлау жағдайларының ұлғаюын атап өтті.
Кеңестің күн тәртібіне сәйкес бірқатар ЕТҰ-лардың еңбекті қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшыларының есептері тыңдалды, жұмыс нәтижелері бойынша дамыту бағытындағы басты мәселелер талқыланды.
Жұмыс жоспары аясында қызметкерлер А.Жақұтов атындағы ЖЭО-2 нысаны мен «АлЭС» АҚ ГЭС каскадының өндірістік департаменттерін аралады.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде «SGS Kazakhstan» ЖШС сертификаттау және оқыту бөлімінің басшысы В.П. Зуенок «ЕҚЖБ бағалауға және тұрақты қауіпсіздік мәдениетін құруға заманауи көзқарас» тақырыбында ақпараттық сессия өткізді.
Осы отырыста көтерілген мәселелер бірлесіп талқылағаннан кейін Кеңес қорытындысы бойынша бақылау, алдын алу және жарақаттану деңгейін төмендету шараларын күшейту бағытындағы нақты шешімдер қабылданды.