Жыл басынан бері Қазақстанда жиынтық қуаты 55 МВт болатын 3 Күн электр станциясы іске қосылды және 2022 жылдың соңына дейін жиынтық қуаты 290,6 МВт болатын тағы 10 ЖЭК нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл ақапарат «Самұрық-Энерго» АҚ сайтында орналастырылған 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы Қазақстанның электр энергиясы мен көмір нарығына жасалған талдауда айтылған.
Жүйелік оператордың мәліметтері бойынша 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы кезеңде Қазақстанда 48 108,4 млн кВтс электр энергиясы өндірілген. Бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,4% аз.
«Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіруші ұйымдарының осы алған кезеңдегі электр энергиясын өндіру көлемі 12 млн.кВтс-тан астам көрсеткішті құрады, бұл компанияға Қазақстанның электр энергиясы нарығының 30,7% үлесін иеленіп, сенімді көшбасшылық позицияны алуға мүмкіндік беріп отыр.
Талдау деректеріне сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда, 2022 жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда өнеркәсіп кәсіпорындарының электр энергиясын тұтыну индексі 104,4% құрады. Өндіріс көлемінің ұлғаюы республиканың 15 өңірінде тіркелді, ал Қызылорда және Павлодар облыстарында төмендеу орын алғаны байқалады.
Жүйелік оператордың деректері бойынша көрсетілген кезеңде республиканың электр энергиясын тұтыну қарқынында 2021 жылғы ұқсас көрсеткіштермен салыстырғанда 46,0 млн.кВтсағ немесе 0,1%-ға ұлғаю байқалған. Мәселен, республиканың батыс және оңтүстік аймақтарында тұтыну тиісінше 6,2% - ға және 1,7%-ға артқан.
Жыл басынан бері Қазақстанда тас көмір өндірісінің 6,7%-ға өскені байқалады. Елімізде өндірілген көмірдің жалпы көлемі 47,4 млн тоннаны құрады.
2022 жылғы қаңтар-мамырда «Богатырь Көмір» ЖШС 18 945,4 мың тонна өндірді, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 4% - ға артық.
Компанияның 2022 жылғы қаңтар-мамырда өткізген көмір көлемі 18 873,2 мың тоннаны құрады. Оның ішінде ҚР-дың ішкі нарығына - 14 497,2 мың тонна және экспортқа (РФ) – 4 376,0 мың тонна.
Сарапшылар Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері нысандарының электр энергиясын өндірудегі айтарлықтай өскенін (19,8%) атап өтті. 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы кезеңде барлығы 1 898,1 млн.кВтсағ электр энергиясы өндірілді.
Бүгінгі таңда ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша, 2022 жылдың мамыр айында Қазақстанда 136 ЖЭК нысаны жұмыс істейді:
– Қуаты 684 МВт жел электр станцияларының 40 нысаны ;
- Қуаты 1093 МВт күн электр станцияларының 51 нысаны;
– Қуаты 280 МВт 40 су электр станциясы;ның 40 нысаны;
- Қуаты 8 МВт болатын 5 биоэлектрстанциясы.
«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК нысандары 2022 жылғы қаңтар-мамырда 145 млн.кВтсағаттан артық электр энергиясын өндірді, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,5% - ға жоғары. «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК электр энергиясының үлесі ҚР ЖЭК нысандары өндіретін электр энергиясы көлемінің 7,6% - ын құрайды.
Қазақстандағы 2021 жылғы қаңтар – желтоқсан аралығындағы электр энергиясы мен көмір нарығын талдау туралы толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/press-center/analytical-review