Елімізде көмір өндірісінің көлемі 6,1% өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында 55 341,8 мың тонна көмір өндірілген. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Нарықты дамыту және сату» департаменті әзірлеген «Қазақстанның қаңтар-маусым аралығындағы электр энергиясы мен көмір нарығына талдамалық шолуда» айтылған.
Жүйелік оператордың деректеріне сүйенсек, аталған мерзім ішінде Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдарының күшімен 56 383 млн.кВтсағ электр қуаты өндірілген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштерден 942,4 млн. кВтсағ немесе 1,6%-ға кем.
«Самұрық-Энерго» АҚ қуат өндіруші компанияларының 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірген электр энергиясының көлемі 17,2 млрд. кВтсағ, ал бұл еліміздегі энергетика нарығының 30%-дан астам бөлігін құрайды.
Аналитикалық деректер нәтижесіне сүйенсек, Қазақстандағы индустриялық өндіріс индексі 103,5%. Республикамыздың 17 аймағында өндіріс көлемінің өсуі байқалса, Жетісу, Қызылорда және Павлодар облыстарында керісінше азайған.
Биылғы жылдың қаңтар-маусым аралығында электр энергиясын тұтыну көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштермен салыстырғанда 280,9 млн. кВтсағ немесе 0,5% кеміген.
Жыл басынан бері Қазақстанда жалпы қуаты 269,9 МВт құрайтын 3 күн және 3 жел электр станциялары іске қосылды. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні елімізде 140 ЖЭК (жаңартылған энергия көздері) нысандары жұмыс істейді.
2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында ЖЭК нысандары өндірген қуат көлемі 2 392,5 млн. кВтсағ құрады. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштерден 2 011,9 млн. кВтсағ немесе 18,9% артық.
Биылғы жылдың алғашқы 6 айы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының көлемі 173,7 млн. кВтсағ, бұл жалпы ел бойынша ЖЭК-мен өндірілген электр энергиясының 7,3% құрайды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен (156,9 млн. кВтсағ) салыстырғанда 10,7%-ға артық.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығындағы Қазақстанның электр энергиясы мен көмір нарығына талдаумен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/kz/press-center/analytical-review