Өткен жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында триатлон әуесқойлары күткен BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA және BI GROUP IRONMAN KAZAKHSTAN атты халықаралық турнир өтті. «Темір адамдар» додасына Самұрық-Энерго мен оның еншілес компаниялары қызметкерлері де қатысты.
40-44 жас аралығындағы категория бойынша сынға түскен «Экономика және қаржы» жөніндегі Басқарушы директор Айдар Рысқұлов 4 жылдан аса әуесқой жүгірумен айналысып, биыл IRONMAN-ге алғаш рет қатысып отыр. Мәреге 6:41:07 уақыт көрсеткішімен жетіп, тамаша қорытынды көрсетті.
50-54 жас аралығындағы категорияда жарысқан «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-нің Бас директоры Рашид Есхожин аталған шараның 5 жыл бойы тұрақты қатысушысы. Ол биылғы IRONMAN 70.3 ASTANA жарысын 6:36:48 уақыт көрсеткішімен аяқтады.
35-39 жас шамасындағы қатысушылар арасында «Нарықты дамыту мен сату» департаментінің менеджері Ерлан Бақтияр да бар. Ол бұл жарысқа бұған дейін 30 рет қатысқан тәжірибесі үлкен спортшы. Биыл да мәреге 5:57:47 жоғары көрсеткішімен пен жетті.
Энергетиктер қатысқан IRONMAN 70.3 сериялық сайысы үш кезеңнен тұрады: жүзу – 1,9 км, велосипед жарысы – 90 км және жүгіру – 21,1 км. Біздің спортшылар берілген сынақтан мүдірмей өтіп, лайықты «Темір Адам» ресми атағына ие болды! Марапат құтты болсын!