24-25 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлерінің арасында VII Спартакиада Суперфиналының қорытынды ойындары өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен ең мықты спортшылар жиналған спорт аренасындағы құштарлықтың қызуы жанкүйерлерді соңғы секундқа дейін ширықтыра ұстап тұрды.
«Самұрық-Энерго» АҚ энергетиктері туының астында жеті құрама команда өнер көрсетті, олар: «Самұрық-Энерго» орталық офисінің, Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС-2, «Богатырь-Көмір» ЖШС, «АлЭС» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері.
Жарыс қорытындылары бойынша мыналар жүлделі орындарға ие болды:
Кристина Гринченко, 65 кг дейінгі салмақта армрестлингтен әйелдер арасында 3-орын. («Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ)
Евгения Ваганова, 80 кг дейінгі салмақта армрестлингтен әйелдер арасында 3-орын. («Богатырь Көмір» ЖШС)
Магинур Латыпова, тоғызқұмалақтан әйелдер арасында 1-орын («Богатырь Көмір» ЖШС)
Динара Көбегенова, шахматтан әйелдер арасында 3-орын (АО «Алатау Жарық Компаниясы»)
Индира Байжанова, 65 кг артық салмақта армрестлингтен әйелдер арасында 1-орын. («Алатау Жарық Компаниясы» АҚ)
Сонымен қатар, «АЖК» АҚ қоржынына волейболдан бір қола, Арқан тартудан 1 күміс түсті.
Спартакиаданың бас жүлдесі – Суперкубокты «ҚазМұнайГаз» ҰК құрама командасы жеңіп алды.
Спортшылар жарысты дайындап, өткізуге қолдау және жан-жақты көмек көрсеткені үшін «Самұрық-Қазына» қорынан жарысты ұйымдастырушыларға, «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының басшылығына, «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағына алғыс білдіреді.