«Богатырь Көмір» ЦТТ тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға қосты

«Богатырь Көмір» ЦТТ тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға қосты

Еліміздегі ең ірі көмір өндіруші компания – «Богатырь Көмір» ЖШС-да бүгін көмір өндіру мен тасымалдаудың циклды-толассыз технологиясын (ЦТТ) тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға қосты.

«Богатырь Көмір» ЦТТ жобасын әзірлеуге 2014 жылы «ThyssenKrupp» компаниясымен жабдықтарды дайындау мен жеткізу келісімшартына қол қойған кезден бастап кірісті. Алайда әртүрлі объективті жағдайларға байланысты жоба бірнеше рет кейінге қалдырылды, тек 2020 жылдан бастап «Богатырь Көмір» ЖШС оны іске асыруға белсене кірісті. Белең алған құрылыс барысында жалпы ұзындығы 11,5 километр конвейерлер кешені, 4 ұсатқыш, 2 қаттауыш, 2 орташа-тиеу машинасы және көмірді вагондарға автоматты тиеу пункті салынды.

Циклды-толассыз кешеннің ауқымды құрылысы шеңберінде 40 мыңнан астам темірбетон құрылымдары пайдаланылды, 174 мың шаршы метр алаңда жалпы салмағы 15 000 тоннадан астам металл құрылымдар мен жабдықтар құрастырылды.

Циклды-толассыз кешен нысандарын тұрғызуға үш жыл бойы қазақстандық компаниялардың мердігерлік ұйымдарының 430 қызметкері және 30 неміс мамандары жұмылдырылды.

Шекаралардың жабылуына, жұмысшыларды оқшаулауға және логистикадағы қиындықтарға қарамастан, пандемия мен карантиндік шектеулер кезінде де құрылыс қарқыны төмендемеді.

Міне, ақырында, ЦТТ жобасын жүзеге асыру соңғы кезеңге де келіп жетті. Бүгін кешеннің ұсатқыштан вагондарға тиеуге дейінгі негізгі технологиялық желілері арқылы өткен көмірдің алғашқы тоннасы құраммен Астана қаласы 2-ЖЭО-ға жөнелтілді.

ЦТТ-ны тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану барысында жабдықты баптау, көмірдің сапасы мен біркелкілеуді бақылау жүйелерін баптау, вагондарды өлшеу және мөлшерлеу, шаңды басу жүйесі бойынша, сондай-ақ бұрын кәсіпорында енгізілген ЦТТ-ға қатысты «Экскаватор – Автосамосвал – ЦТТ»/«Экскаватор машинисі – Жүргізуші – ЦТТ операторы – Тау-кен диспетчері» бірыңғай ақпараттық кеңістігін құруға мүмкіндік беретін кешеннің автоматты режимінде робот-тартқыштармен және автоматты диспетчерлік басқару жүйесімен (АДБЖ) өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша алда әлі ұзақ жұмыс тұр.

«Богатырь Көмір» ЖШС және Қазақстан Республикасының экономикасы үшін ЦТТ жобасының басты мәні электр станцияларын көмірмен кепілді қамтамасыз ету үшін тозған негізгі технологиялық жабдықты жаңарту және 230 метр тереңдіктен көмір қорларын толық және ұтымды алуды қамтамасыз ету болып табылады, бұл бұрынғы теміржол технологиясын пайдалану кезінде мүмкін болмас еді.

Анықтама үшін:

«Богатырь Көмір» ЖШС – ашық тәсілмен көмір өндіретін жетекші кәсіпорын. Компанияның жалпы өндірістік қоры шамамен 3 миллиард тонна көмірді құрайды. Қазіргі уақытта «Богатырь» кенішінің өндірістік қуаты – жылына 32 млн тонна көмір (ЦТТ-ны енгізумен – 40 млн тонна), «Северный» кенішінің өндірістік қуаты – жылына 10 млн тонна көмір. Кәсіпорын үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмір көлемінің 69%-ы және Қазақстан Республикасында көмір өндірудің жалпы көлемінің 40%-ы тиесілі.

«Богатырь Көмір» компаниясы – ТМД елдерінің энергетикалық көмір нарығындағы ірі жеткізуші. «Богатырь Көмір» көмірін Қазақстанның көптеген жылу электр станциялары және Ресейдің ең ірі электр станциясы – Рефтинская ГРЭС пайдаланады.

 

 «Самұрық-Энерго» АҚ – акцияларының  100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және басқалары бар.