Тәуелсіздік күні мен Энергетика күні қарсаңында «Самұрық-Энерго» корпоративтік орталығында компания қызметкерлерін ведомстволық, салалық және корпоративтік наградалармен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттау рәсімі алдында Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Айдар Рысқұлов салтанатты сөз сөйледі. Ол Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы энергетиктер еңбегінің ерекше маңыздылығын атап өтті.
«...Энергетика - экономиканың өзегі. Бұл елдің қанайналым жүйесі сияқты, онсыз өмірдің барлық басқа салалары мен тіршілік әрекеті салаларының қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Адамдардың өмір сүру сапасы, үйлеріндегі жайлылық пен қолайлылықтың болуы энергетиктердің бір ізге салынған қалыпты жұмысына байланысты», - деп толықтырды спикер.
Электр энергетикасы саласына қосқан жеке үлесі мен сіңірген ерекше еңбегі үшін «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлері «Еңбек сіңірген энергетик», «Құрметті энергетик» төсбелгілерімен, «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, қызметкерлер Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығының, «KAZENERGY» қауымдастығының наградаларымен, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның корпоративтік наградаларымен және «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.
Марапаттау рәсімін Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағының төрағасы Оразбек Телібайұлы Бекбас жалғастырды, ол энергия өндіруші холдингтің ерекше көзге түскен қызметкерлерін, кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін және еңбекшілердің мүдделерін қорғаудағы лайықты жұмысы үшін Құрмет грамоталарымен және «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалімен атап өтті.
Сондай-ақ, Оразбек Телібайұлы «Самұрық-Энерго» корпоративтік орталығының қызметкерлері арасындағы шахмат турнирінің жеңімпаздарын марапаттады. Жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.