«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС 2022 жылды электр энергиясын өндірудің рекордтық көрсеткішімен аяқтады
2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Екібастұз 1-МАЭС-те өндірілген электр энергиясының көлемі – 23,05 млрд. кВтсағ. Жоспарланған өндіріс көлемі - 22 млрд. кВтсағ. болса, көрсеткіш 105%-ға орындалды. Бұл станция жұмысының барлық уақытындағы рекордтық көрсеткіші болып табылады.
Жоспарлы тапсырманы орындау жедел қызметкерлер құрамының нақты және үйлесімді жұмысының, жыл сайынғы жөндеу науқанын тиімді жүргізудің және станцияның қуатын қалпына келтіру және жабдықтарын жаңғырту жөніндегі инвестициялық бағдарламаны дәйекті іске асырудың арқасында қол жеткізілді.
«Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – Қазақстандағы белгіленген қуаты 4000 МВт құрайтын ірі конденсациялық электр станциясы. Ол әрқайсысы 500 МВт болатын 8 энергоблокпен жабдықталған. 1-ЕМАЭС станциясы «Самұрық-Энерго» АҚ иелігінде.
«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. бар.