«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясы көлемінің бір бөлігін орталықтандырылған сауда-саттық арқылы өткізуді көздейтін, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 Қаулысы) талаптарын орындау үшін 2023 жылғы қаңтардан бастап электр энергиясының «КОРЭМ» АҚ алаңында өтетін орталықтандырылған сауда-саттығына қатысады.
Орталықтандырылған сауда-саттықтың әлеуетті қатысушылары үшін ақпарат «КОРЭМ» АҚ сайтында мына сілтемелер бойынша орналастырылған: www.korem.kz, https://trade.korem.kz/