«Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіру көлемі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 35 884,4 млн.кВтсағ құрады. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын өндіру көлемі 275,1 млн. кВтсағ. Ұлғайды немесе 0,8% құрады. Бұл туралы Компанияның сайтына орналастырылған Қазақстандағы 2022 жылғы қаңтар – желтоқсан айларындағы электр энергиясы мен көмір нарығына жасалған талдамалық есепте айтылды.
Жасалған талдауға сәйкес, жалпы алғанда ҚР барлық электр станциялары Жүйелік оператордың деректері бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 112 865,9 млн.кВтсағ. электр энергиясын өндірді, бұл 1 582,0 млн. кВтсағ-ға немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңнен 1,4% - ға аз. Қазақстан БЭЖ-нің Солтүстік аймағы бойынша өндірістің азаюы байқалды.
Көрсетілген кезеңде республика бойынша электр энергиясын тұтыну динамикасында 2021 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 945,7 млн. кВтсағ немесе 0,8% - ға төмендеу байқалды.
Есеп деректеріне сүйенсек, Қазақстанда 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 113 931,4 мың тонна тас көмір өндірілді, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2% - ға артық.
2022 жылғы 12 айда «Самұрық-Энерго» электр энергетикалық холдингінің құрылымындағы көмір өндіруші компания «Богатырь Көмір» ЖШС 42 473,2 мың тонна өндірді, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,8% - ға аз (44 632 мың тонна). 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда сатылған көмір 42 409,4 мың тоннаны құрады, оның ішінде ҚР ішкі нарығына 32 324,9 мың тонна және экспортқа (РФ) – 10 084,5 мың тонна сатылды.
ЖЭК (күн электр станциялары, жел, биогаз қондырғылары, шағын ГЭС) пайдалану бойынша Қазақстандағы объектілердің электр энергиясын өндіру көлемі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 4 642,7 млн. кВтсағ құрады. 2021 жылғы қаңтар- желтоқсанмен салыстырғанда (4163,6 млн.кВтсағ) өсім 854,2 млн. кВтсағ немесе 20,5% құрады.
«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК (СЭС, ЖЭС, шағын ГЭС) нысандарының электр энергиясын өндіруі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 417,5 млн.кВтсағ құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен (310,2 млн. кВтсағ) салыстырғанда 34,6% - ға жоғары. «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК электр энергиясының үлесі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда ҚР-да ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясы көлемінің 8,3% құрады, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 7,5% құраған болатын.
Қазақстандағы Электр энергиясы мен көмір нарығын талдаудың 2021 жылғы қаңтар – желтоқсан аралығындағы толық ақпаратымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/kz/press-center/analytical-review