«Самұрық-Энерго» АҚ Екібастұз энергия кешені Қазақстанның энергетика саласының үш маңызды кәсіпорнын – «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ны, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС-ны қамтиды.
Осы күндері «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Түйтебаев жұмыс сапарымен осы компаниялардың өндірістік алаңдарын аралады.
Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдингтің басшысы кәсіпорындардың ағымдағы қызметімен, электр станцияларының негізгі және қосалқы жабдықтарының техникалық жай-күйімен танысты. Энергетик мамандар 2022/2023 жж күзгі-қысқы жылыту кезеңінен өту жағдайындағы станциялардың жұмысын, сондай – ақ инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын арнайы тақырып етіп талқылады. Өздеріңіз білетіндей, «Самұрық-Энерго» АҚ Екібастұз ГРЭС-1-дің 8 энергия блогының соңғысын қалпына келтіруде және Екібастұз ГРЭС-2-де жаңа энергия блоктарын салу бойынша жобалау алдындағы жұмыстарды жүргізуде.
Маңызды жобалардың қатарында осы жылдың жазында «Богатырь Көмір» ЖШС-ның «Богатырь» кесігінде көмір өндірудің циклдық-ағындық технологиясының іске қосылуы да бар. Жаңа технология кәсіпорынның жобалық қуатын жылына 50 млн тоннаға дейін арттырады. Сонымен қатар, ол өнімнің сапалық сипаттамаларын жақсартады, теміржол вагондарына көмір тиеудің салмақтық дәлдігін қамтамасыз етеді және көмір тиеу кезінде вагондардың айналым уақытын үш есеге қысқартады.