«Самұрық-Энерго» АҚ Семей қаласында 3-ЖЭО салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуге кірісті.
Қазақстандық электр энергетикалық холдингі жаңа ЖЭО-ны жобалау бойынша жұмыстарды Абай облысының проблемалық мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің тапсырмаларын орындау шеңберінде «Самұрық-Қазына» қорының тапсырмасы бойынша жүргізеді.
Абай облысы әкімдігінің алдын ала деректеріне сәйкес Семей қаласындағы ЖЭО техникалық сипаттамалары мынадай параметрлерге сәйкес болуы тиіс: электр қуаты – 320 МВт; жылу қуаты – 1200 Гкал/сағ. Алайда, жаңа станцияның қорытынды сипаттамалары ТЭН әзірлеу кезінде айқындалатын болады.
ЖЭО-ны салу қажеттілігі Семей қаласының Облыстық орталық мәртебесін алуына және қала инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылған Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын өзектендіру бойынша әкімдік жүргізіп жатқан жұмыстарға байланысты. Әкімдіктің ақпараты бойынша, Семей қаласының оң жағалауындағы қолданыстағы жылумен жабдықтау жүйесінің әлеуеті іс жүзінде таусылды. Облыс орталығының жаңа мәртебесіне сай Семей қаласының даму мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жаңа жылу көзін салу қажет.
«Самұрық-Энерго» АҚ мамандарының айтуынша, ЖЭО-3-ны салу тиімді пайдалану, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына, ҚР табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына жауап беретін ең үздік қолжетімді технологиялар базасында жүзеге асырылатын болады.
Қуаттарды өнеркәсіптік пайдалануға енгізудің жоспарланған мерзімі ТЭН әзірленгеннен кейін айқындалады.